Нақты аңғару – түйсік және қабылдау;
Абстракты ойлау – ұғыну, мәнін түсіну;
Практика – бекіту, білімді, іскерлікті, дағдыны практикада қолдану, оқу процесінің компонеттерін тексеру, бағалау.
17. 5. Оқытудың түрлері
Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан:
Түсіндірмелі – бейнелеушілік оқыту (дәстүрлі)
Проблемалы оқыту
Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту
Қазіргі кезеңдегі оқыту түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
1. Түсіндірмелі – бейнелеушілік оқыту дәстүрлі оқыту деп аталады, бұл тарихта ұзақ уақыт бойы өз қолданысын тапты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне жатқызып отырады. Мұнда оқушылардың негізгі іс-әрекеті берілген білімнің мазмұнын таңдау, қабылдау, есте сақтау.
Түсіндірмелі иллюстрациялы оқытудың артықшылықтары:
– Уақытты үнемдейді;
– Мұғаліммен шәкірттердің күш-қайратын жетілдіреді;
– Күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;
– Оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді;
Достарыңызбен бөлісу: |