17.3. Оқыту процесінің әдіснамалық негізі
Оқыту процесінің әдіснамалық негізін объективті дүниені танудың арнайы түрін және ғылымның танымын бейнелейтін, оқушылардың іс – әрекеттерінде оқуды салыcтыру арқылы түсіндіруге болады.
Оқыту процесінің әдіснамалық негізі төмендегідей ерекшеліктерді біріктіреді:
Танымның жалпы әдістерінде – диалектикалық әдіс;
Объективті ақиқаттың құбылыстарын сараптаудың тарихи тәсілі, қарама-
қайшылықтың қозғалысындағы, дамуындағы процесті қарастыратын таным
теориясы;
Диалектикалық ойлау;
Абстракциялық және нақтылық;
Объективтілік және субъективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, анықтылық және
белгісіздік, шектеулік және шамалық;
Қарама – қайшылықтың ролі мен мәні;
Оқыту теориясындағы тарихилық және логикалық;
Мақсат пен құралдың үйлесімділігі;
Оқыту теориясының сапалық және сандық қатынастары;
Әдіснамалық ұстанымдар (танымдық, объективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, детерминизм, тарихилық және диалектикалық таным ұстанымдары).
17.4. Оқушылардың оқыту процесіндегі оқу – танымдық іс - әрекетінің психологиялық – педагогикалық негіздері
Оқу – оқыту процесіндегі оқушылардың іс – әрекеті. Оқыту процесінің логикасы және құрылымын анықтайды, ал құрылымын оқыту процесінің таным іс – әрекетінің кезеңдері кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |