Таным міндеттерін жете түсіну. Таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар өз бетімен ізденіп шешуге тырысады, оқыту процесінің әрбір кезеңдеріне жеке – жеке дайындалады.
Жаңа материалды қабылдау. Оқушыларды жаңа материалдармен таныстыру, бақылау, эксперимент, практикалық жұмыстар процесінде тікелей қабылдау арқылы және жанама түрде мұғалімнің сөзі, эвристикалық әңгіме, оқулық арқылы іске асырылады.
Ұғыну - жаңа оқу материалдарын түсініп, жинақтау процесі. Ұғыну – бұл сапалы түрде ғылыми білуі, заңдылықтарды тану, ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденеді және бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |