Оқытудың негізгі заңдары :
– Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен оқыту жүйесін қалыптастыруға ықпал етуі туралы заң.
– Білім алу, іс– әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы заң.
– Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы заң.
– Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысы туралы заң.
– Оқыту іс– әрекетінің жеке және ұжымдық түрлерінің бірлігі және өзара байланысы туралы заң.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді.Оқыту заңдылықтары сыртқы, ішкі, жалпы, жеке болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |