18. 2. Оқыту принциптері және оларға сипаттама
Оқыту процесінің принциптері (қағидалары).
Принцип (латынша) – басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық қағидалар – оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін, оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі.
Оқыту процесінің қағидалары деп оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін айтамыз. Оқыту процесінің қағидалары мыналар:
– Мақсаттылық принципі(қағидасы) – әрбір сабаққа дайындалу үшін ең алдымен оның мақсатын анықтайды. Мақсатсыз сабақ жақсы нәтиже бере алмайды. Өйткені оқыту әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның ерекшеліктерін еске алып, мұғалім оқыту жұмыстарның формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс – әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.
|