Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылық пен белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Принциптер мұғалімге қандай да бір жағдайларда нақты әрекеттерді жасауға сілтеме беріп, белгілі талаптарды орындауға бағыттайды. Ал бұл нұсқаулардың қалай орындалуы мұғалімге тәуелді.Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен – бірі логикалық өзара байланыста болады.
Сонымен, дидактика тарихында ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесі қалыптасқан, олар: мақсаттылық, ғылымилық, саналылық пен белсенділік, көрнекілік, жүйелілік пен бірізділік, беріктілік, тиімділік, теория мен тәжірибенің байланыстылығы.
Қорыта айтқанда, оқыту процесінде кез – келген мұғалім дидактикалық принциптерді басшылыққа ала отырып, оқытудың мазмұнын, амал – тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, оқушыларды жоғары нәтижеге жеткізуі шарт. Мұғалім дидатикалық принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса, сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: |