Теорияның практикамен байланысының қағидасы. Оқу шеберханасындағы, тәжірибе учаскелеріндегі және басқа да толып жатқан өндірісте және ауыл шаруашылығында тікелей жұмыс істеуді енгізетін оқудың ұйымдық формасында да көрінеді.
Оқытудағы теория мен практиканы байланыстыру мынадай талаптарды анықтайды:
1. Теория мен практиканың байланысты болуы біліммен, дағдылармен және іскерліктермен жүйелі түрде қаруландыру негізінде іске асырылуы тиіс;
2. Практикалық істерді таңдау оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес болуға тиіс;
3. Жергілікті орындардың, шаруашылық және мәдени құрылысының жоспарын ескере отыра таңдауға тиіс, ізденуді талап ететін, теориялық білімдерге қатысты, осының нәтижесінде оқушыларды ақыл ой жағынан жетілдіруге әсерін тигізетін практикалық істер болуы тиіс.
Оқушылардың алған білімдерін практикада қолдануы барлық пән сабақтарында нақтылы тапсырмалар, өздігінен орындайтын байқау, зерттеу жүргізетін жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Оқушы ереже, заңдарды практикада қолдана алса ғана, білімді меңгеріп ала алғандығы.
Сонымен, оқытудағы теория мен практиканың байланысты болу принципі оқушылардың жеке қабілеттері мен икемділіктерін дамытуға, олардың талап – тілектеріне сәйкес іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуына және белсенді өмірлік позициялары мен кәсіби бағдарларын анықтауға зор ықпал жасайды.
|