Оқудағы саналық деген– ең алдымен оқушының өзіне қажетті нақты мақсаттары мен міндеттерін түсіне білуі, оқылатын материалдың мазмұнына түсінуі, тапсырмалардың мазмұнын түсінуі. Саналалық оқушының материалдар мен тапсырмаларды құрғақ түрде жаттамай, оқылатын материалдың шын мәніне түсінуді талап етеді, сонымен бірге оқушының тапсырмаларды орындауға жауаптылықпен қарауын талап етеді. Саналылықпен жұмыс істейтін оқушы әр уақытта оқу тапсырмаларын дәл және дер кезінде орындауға тырысады. Мұндай оқушы ересектердің немесе сыныптағы алғыр оқушылардың көмегін, сүйене отыра оқу тапсырмаларын өз бетінше орындауға тырысады, оқушы өзін – өзі бақылауға үйренеді, тапсырмаларды орындай алмаған жағдайда мұғалімге оның шын себептерін айтады. Оқудағы санылылық оқушылардың ойлау белсенділігін арттыру арқылы дамытылады, ал белсенділік өз бетінше шығармашылық жұмыстың барысында жаңа сапалық дәрежеге көтеріледі. Оқыту процесіндегі саналалық пен белсенділік принципі оқушылардың білім алуында жаттандылықтың, формализмнің болмауын көздейді.