Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет193/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Негізгі ұғымдар: білім беру мазмұны, мемлекеттік білім беру стандарты, оқу жоспары,

оқу бағдарламасы, оқулық.


19.1. Білім беру мазмұны және оның мәні

Білім берудің мазмұны мен мәнін ашуда соңғы жылдары білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысында жеке тұлғаны дамыту бірінші орынға қойылды.

Білім беру мазмұны туралы И.Я. Лернер, М.Н.Скаткин, Б.П.Есипов, Н.В.Савин, И.Т.Огородников, И.П.Подласый, сол сияқты Р.М.Қоянбаевтың және т.б. еңбектерінде де қарастырылған.

Мысалы, Б.П.Есипов «Білім мазмұны – бұл фактілер мен қорытындылар енетін білім, пайдалы іскерлік және дағдылар жүйесі» десе, Н.В.Савин «... оқушылардың жан жақты дамуына негіз болатын, білім, іскерлік, дағды жүйесі» деді. Ал И.Т.Огородников:

«... ғылыми білімдер, іскерлік » десе, И.П.Подласый «білім мазмұны – бұл белгілі бір оқу орнында оқып үйрену үшін іріктелген білім, іскерлік жүйесі» деп анықтама берсе, ал Р.М. Қоянбаев « ... ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі ... » – дейді.

Педагогикада білім беру мазмұны өте күрделі, көп қырлы түсінікті білдіреді. Ол жеке тұлғаны дамыту мен қалыптастырудың ғылыми негізі. Жеке тұлғаның дамуы оқытумен тығыз байланысты болғандықтан, білім мазмұнын анықтау қажет.

Мектепте білім мазмұнын анықтау мына мәселелерді қамтамасыз етуі тиіс:

– табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білімді қалыптастыру;

– диалектикалық материалистік көзқарасты тәрбиелеу;

– адамды жан-жақты дамыту міндеттерін жинақты шешу;

– жастарды өмірге, еңбекке, мамандық таңдауға даярлау.

Білімнің мазмұны – оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды, ғылыми материалистік көзқарасы, мінезі қалыптасады.

Жалпы орта білім мазмұнын қалаптастырудың көзі адамның өз тағдырын өзі шешудегі негізгі ортасы – адам, қоғам, табиғат, ноосфера болуы қажет.

Сонымен, білім беру мазмұны деп – оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі болып табылады.

Білім берудің мазмұнының мәні әр пәннен ғылыми білімді қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет