Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет195/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Төртінші факторға педагогикалық факторлар жатады. Мәселен, алғашқы кезде бала – бақша жұмыс істейтін аналарға көмек ретінде ашылса, қазір ол – мектепке дайындау, оқу–тәрбие орны болып табылады. Педагогикалық фактор кейбір оқу орындарының білім беруге ыңғайланып, арнайы дайындықты керек етеді. Мәселен, тереңдетіп оқытатын математика, физика, тіл, әдебиет т.б. мектептері жатады. Кейбір жағдайда университеттің базалық мектептері болады. Бұл бағыт та педагогикалық фактор болып табылады.
19.3. Білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі теориялары

Білім берудің мазмұны тарихи сипатқа ие. Ол қоғам дамуындағы белгілі бір кезеңдеріндегі алға қойылып отыратын мақсат – міндеттерге қарай анықталады .

Қоғам дамуының әрбір кезеңіндегі білім мазмұны бірдей емес, әртүрлі болып келеді. Ол қоғамның талаптарына , дамуына байланысты өзгеріп отырады.

Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі теориялары XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында дамыды. Олар материалдық және формальдық деген атпен педагогикаға енді.

Біріншісі – дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы деп аталған.

XIX ғасырдың көптеген педагог ғалымдары білім берудің мазмұнын қалыптастыруда материалдық теорияны жақтады. Бұл тұжырымдамаға тән нәрсе оқушыға ғылымның әр саласынан білім беру, мектеп курстарына материал таңдауда пайдалылық пен өмірге қажеттілік негізгі өлшем болды. Материалдық білім берудегі тән тағы бір нәрсе – ол көп пәнділік (энциклопедиялық курс). Материалдық білім беру идеясын жақтаушылар Дж. Мильтонның, Я.А. Коменскийдің , И.Б.Базедовтың идеяларына сүйенген.

Дидактикалық формализмнің теориялық негізі бір іс – әрекет аймағынан алынған білім мен дағдының ауысуы туралы ережені құрайды.. Сонымен бірге, олар оқушылардың қабілеттерінің , ойлауының, есте сақтауының дамуына көңіл бөлген. Бұл идеяны И.Г. Песталоцци, А.Дистервег, Дж.Локк, И.Гербарт жақтаған. Формализмді жақтаушылар оқытудың субъективтік жағының мәнін асыра бағалады.

Бұл екі теорияда К.Д.Ушинскийдің сынына ұшырады, ол білім беру мазмұнын таңдағанда материалдық және формалдық әдістердің бірлігін қамтамасыз ету идеясын ұсынған.

Орыс дидактикасында формалдық білім беру Е.О.Гугелмен, П.С.Гурьевпен және А.Г.Ободовскиймен XIX ғасырдың I – ші жартысында кеңінен тарады.

Материалдық білім беру мен формалдық білім беру арасындағы қарым – қатынас теориялық негіздемесін П.Ф.Каптерев берді, олардан ынтымақтастық үйлесімдікті талап етті.

Қазіргі педагогикада білім беру жағының материалдық және формалдық тәуелді екі жақты тұжырымдамасы басым. Сол сияқты XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында АҚШ – та білім берудің мазмұнын қалыптастырудың дидактикалық прагматизм (прагматикалық педагогика ) теориясы қалыптасты.

Прагма деген сөз– гректің іс – әрекет деген мағынаны білдіреді. Прагматикалық педагогиканың неғұрлым ортақ әдістемелік алғышарттары, прагматизм философиясының негізін салушылар Ч.Пирс және У.Джемстің шығармаларында орын алған. Оның түбегейлі қалыптасуы Д. Дьюи және оның ізін қуушылармен байланысты. Оның пікірінше, білім мазмұнының негізі жеке пәндерде емес, ол оқушының қоғамдық және дара іс – әрекеттерінде. Осы теорияға орай оқушылар мейлінше еркіндікпен оқу пәндерін таңдауға құқылы, оқу – тәрбие жұмысы оқушылардың субъектив сұраныстары мен қызығуларына қарай икемдестіріледі.

Европа, әсіресе АҚШ елдерінде кеңінен тараған бұл теорияның нәтижесі білім беру ісінің төмендеуіне әкелді .

Өткен ғасырдың 20 – шы жылдары Қазақстанда білім беру жүйесінде «Төте – оқу » атымен қабылданған бұл әдіс ұзаққа бармады .

Сол сияқты поляк ғалымы В.Оконь функционалды материализм атты білім беру мазмұнын қалыптастырудың теориясын жарыққа шығарды. Оның пікірінше, қандай дидактикалық теория болмасын , ол оқушылардың білім алуын қамтамасыз етумен бірге оны практикада қолдана білуі шарт.

Оның теориясы қоғамның білімге қойған талаптарын және оқушылардың жеке сұранысы мен қызығуларын біріктіре отырып қамтиды.

Қазақстан Республикасындағы бүгінгі мектептің білім мазмұны ҚР Білім беру туралы заңына сәйкес құрастырылған.

Білім мазмұны, яғни білім берудің құрамдас бөліктері: жалпы, политехникалық және кәсіптік білімдер болып бөлінеді.

1. Жалпы білім – жалпы білім мазмұнына пәндердің үш циклы кіреді: ғылыми–жаратылыстану, гуманитарлық, еңбек және дене дайындығы.

1). Ғылыми жаратылыстану пәндері – (физика, математика, химия, биология т.б.) табиғат заңдылықтары жайында оқушыларға терең білім береді,олардың ойлау қабілеттерін дамытудың құралы болады.

2). Гуманитарлық пәндер – (тарих, әдебиет, қоғамтану, география, түрлі тілдер) оқушыларды қоғамның даму заңдарымен таныстырады және гуманитарлық білім беруде музыка, бейнелеу өнері сияқты пәндер де маңызды рөль атқарады.

3). Еңбек және дене шынықтыру пәндері – балалардың денсаулығын нығайтады, түлі іс– әрекеттерінің процестерінде іскерлікке, дағдыға үйретеді, кәсіптік бағдар береді.

2. Политехникалық білім – оқытудың әртүрлі сатысында, яғни еңбек сабақтарының процесінде қарастырылады,мәселен шеберхана, өндіріс негіздері, информатика сабағы және т.б.

3. Кәсіптік білім – оның негізі жалпы және политехникалық білімде жатыр.Сол білімнің негізінде арнайы орта және жоғары оқу орнын бітіретін мамандардың жалпы ғылыми даярлығы кеңейіп, сауаттылығы артып, өз мамандығын меңгереді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет