Пәнаралық байланыстылығы. Әрбір ұстаз өз пәндерінен дәріс беру барысында сол сыныптағы басқа пәндермен байланысын тауып сілтеме жасау қажет. Пәнаралық байланыс шәкірттердің білімін пысықтауға көп көмегі тиеді.
Жалпы орта білімнің мазмұны жастарға гуманитарлық, эстетикалық пәндерден білім беріп қалыптастыру. Оған тек гуманитарлық, эстетикалық пәндер ғана емес, жаратылыстану, математика т.б. пәндер де жатады. Сол пәндер арқылы да шәкірттерге эстетика мен гуманизмнің элементтерін береді.
Оқу материалдарының дамыту бағыты мен маңыздылығына жалпы орта білім арқылы балаларды жан–жақты ойлауға қалыптастыру, психикасын дамыту жатады. Мәселен, эмпирикалық ойлау, нақты пайымдау, абстракты ойлау, формальды–логикалық ойлау, диалектикалы ойлау, көркемді әсерлеп ойлау.
Жалпы орта білім мазмұнын эстетикалық бағытта жүргізу, табиғаттың
әсемдігін таныту, қоршаған ортаны аялау, сүю, қорғау.
|