Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет199/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Білім беру стандарты деп – жеке адамның нақты мүмкіндіктерін ескеретін және қоғам қажеттіліктерін әлемдік үлгі деңгейінде білімдарлықтың мемлекеттік нормасы ретінде қабылданған негізгі параметрлер жүйесін айтамыз.

Стандарт жас маманның тиісті мамандық пен тұлғалық сапа деңгейіне ие болуына қажетті, жалпыға міндетті, білім, білік, дағды түрлерін белгілеп береді.

Білім саласындағы стандарттаудың негізгі нысандары стандарт құрылымы, оқу жүктемелерінің мазмұны, көлемі және оқушыны дайындау деңгейі.

Білімді стандарттаудың қажеттігі қоғамдық құбылыс ретінде танылған білім саласындағы түбегейлі өзгерістерге орай туындап отыр. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда әлеуметтік экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне аяқ басқалы отырғанда білім беру саясатын қайта қарастырып, жаңаланған заман көзқарасымен түсінуді талап етіп отыр.Бұл өз кезегінде оқу процесін ұйымдастыру, оқыту формалары мен әдістерін таңдау және білім мазмұнын іріктеу істеріне көптеген өзгерістердің енуіне себепші болды.

Сонымен Мемлекеттік білім стандарты жалпыға бірдей білім қорының болуын қамтамасыз ететін жалғыз тетік. Мемлекеттік стандарт оқу жоспарының, оқу бағдарламасының, оқу құралдарының,оқытудың жаңа технологияларын жасауға кеңінен жол ашады.

Мемлекеттік стандарттар 10 жылда бір рет қайта өңделіп,қажетті реттеулер мен түзетулер енгізіліп, мемлекеттік заңмен бекиді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет