19.6. Білім беру мазмұнын белгілейтін нормативтік құжаттар
Білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, жеке пәндердің оқу бағдарламаларында және оқулықтарда және электрондық оқулықтарда нақтыланады.
Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандарының, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат.
Типтік оқу жоспары - оқу министрлігінде жасалынып, барлық орта мектептерге ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай да жасалынады.
Оқу жоспары - қоғамның мектеп алдына қойған мақсатымен тығыз байланысты. Оқу жоспары жеке жүйелік принциптеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне, санитарлық гигиеналық талаптарға сай орналасады. Жеке пәндердің белгілі бір реттілікпен оқу жоспарында берілуі олардың өзара логикалық байланыстығына тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |