Жүйелік және бірізділік принципі (қағидасы) – оқыту мақсатынан да, оқытылатын материалдың ғылыми логикасынан да, баланың ойлау заңдылығынан шығады.Оқытудың ғылыми негіздерін оқып үйрену жүйелілік пен бірізділік принципімен байланысты. Жүйелілік пен бірізділік оқыту процесінің міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның талабына сай оқуды жүйелі түрде жүргізу мынаны көздейді:
а)Оқу жылы бойында әрбір оқу пәндерінің материалын логикалық ретімен орналастыру;
ә) Материалды мұғалім жүйелі де ретімен баяндау;
б) Ең қажетті міндет оқушылар жаңа білімдер мен бұрынғылардың логикалық байланысын түсінуі тиіс;
в) Меңгерілетін деректі материалдар мен қорытынды топшылаулар оқушылар санасында логикалық түрде орналасуы тиіс;
г) Мұғалімдер мезгіл мезгіл өткен материалды жинақтап, қорытындылап отырады. Ол балалардың тақырыптық жеке бөлімдерін қалай түсінгендерін, есте қалғандарын анықтайды.
Жыл аяғында оқушылар пән бойынша не оқығанын, әр бөлімдерден не ұғынғандығын, тақырыптың бөлімдері бір – бірімен қалай байланысқандығын айтып беруге тиіс. Осылай оқушылар санасында білімдер бір жүйеге түседі, білімнің ең негізділері мен мазмұндылары баса, бөле, асты сызыла көрсетіледі. Логикалық жүйелі байланыстар білімдерді меңгерудегі бірізділікке ыңғайлы жағдай туғызады.
|