Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Көрнекілік принципі (қағидасы)



бет184/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Көрнекілік принципі (қағидасы). Көрнекілік қағидасында ұстаздың әртүрлі көрнекті оқу құралдары мен оқытудың аудио визуалдық техникалық құралдарын кітаптар, карталар, кестелерді қолдануы.

Мектеп оқуындағы көрнекілікке қойылатын талаптарды XYII ғасырда Я.А.Коменский негіздеді. Оның айтуынша, түйсік әсері болмайынша ақыл – ойға өздігінен қонатын ешнәрсе болмайды. Оның ойынша, білім түйсік негізделіп, соған аяқ тіресе, сол дәлелді, нанымды болады. Өз көзімен байқау дәлелдеумен тепе– тең. Көрнекі сезім арқылы қабылданған білім есте анағұрлым тұрақты сақталатынын дәлелдеді.

Мәселен оқыту жүйесінде Я. А. Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгеру құралы ретінде қарастырып, дидактиканың алтын ережесі деп атаған.

Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп, байқап таниды. Бұл принципті соңғы ғылыми жетістіктер де дәлелдеді.

Мысалы, көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді екен. Көз арқылы алған мәліметтерді адам жеңіл, тез, берік есте сақтайды.

Абай өзінің шығармаларында ақыл – ойды дамытып, шын ғылыми білім алудың қажеттілігін, ол үшін ойлау, зейін, ес, мінез – құлқын, ерік – жігер, қиял сияқты психикалық процестерді дамыту керек екендігін ашық ұғынды. Білім алуда педагогикалық принциптерді қолдануды насихаттау туралы пікірлері дидактикалық мұра болып табылады.

Ұлы Абайдың: «Адам баласы ... көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады», – деген дана ойы педагог классиктердің пікірімен ұштасады.

Сонымен, оқуда көрнекілікті қолдану арқылы оқушылардың білімді нанымды, дәлелді болады, ойлауы тереңдей түседі. Сонымен бірге көрнекілік оқытатын нәрсе – заттардың негізгі белгілері мен ерешеліктерін білуді жеңілдетеді, нәрсе– заттардың әр жағының, салаларының байланыстары мен өзара қатынастарын түсінуге көмектеседі. Көрнекілік нәрсе – заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды.

1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет