Жедел холецистит туралы алғашқы хабарлар
1618 ж. ағылшын хирургі Фабрициус (Fabricius) 70 жасар наукастың өтін жарып одан екі тасты алады.
1735 ж. француз хирургі Пти (Petit) өтке З рет операция жасағандығын хабарлаған.
1882 ж. Лангенбух өтті алып тастау- холецистэктомияны, ал 1883 ж. Мередит (Meredith) өттен тасты алып тастап, өттің жарасын тіккен. 1907 ж. Кер холециститті жедел және созылмалы деп екіге бөлген.
Холециститтің клиникалық жіктелуі:
Тасты, тассыз.
Жедел, созылмалы.
Жедел түрлері - катаральды, флегмонозды, флегмонозды-ойық жаралы, гангренозды.
Аурудың ақыры:
а)жазылу,
б) созылмалы түріне ауысуы.
Аурдың асқынулары - өт шемені, өт эмпиемасы, жыртылуы, перитонит, өттің сыртқы немесе ішкі жыланкөздері, обтурациялы сары ауру, холангит, гепатит, бауыр абсцессі, билиарлы цирроз, панкреатит.
Созылмалы холециститтің ақыры: жедел түріне көшуі, өт қуығының тыртықтанып тарылуы, қатерлі ісікке көшуі .
Науқасты тексеру тәсілдері
1) Операциядан бұрын:
Клиникалық тексерістер - көру, сипау.
Лабораториялы тексерістер- билирубин, трансаминаза, қан, зәр анализдері.
Рентгенмен тексеріс - шолу рентгенографиясы, холецистография, ретроградты холедохография.
2) Операция үстіндегі:
өт өзектерін, өт қуығын, ұйқы безін көзбен көру, саусақпен сипау.
Холангиография№
Өт өзектерінің трансиллюминациясы№
Холедохоскопия№
Өт өзектерін зондпен тексеру (Фогарти зонды, Дормиа торымен).
Достарыңызбен бөлісу: |