91
сақтау қабілеті бар, 100% тозаң мен ылғалдан қорғалған, 0,001-0,002 г
салмақты анықтау мүмкіндігі бар.
Сұйықтықтарды көлем және тамшы бойынша дозалау
Дәріхана тәжірибесінде масса бойынша дозалаумен бірге көлем және
тамшы бойынша дозалау кеңінен қолданылады. Масса бойынша дозалау
дәлірек, себебі, көлем және тамшы бойынша дозалау тәсіліне бірқатар
факторлар әсерін тигізеді: температура, сұйықтықтың табиғаты, өлшегіш
прибордың радиусы, жұмысшы көзінің қырағылығы. Көлем бойынша дозалау
тәсілінің бір артықшылығы бар, ол – уақытты үнемдеу мүмкіндігі.
Сұйық дәрілік препараттар ингредиенттерін өлшеу үшін дәріханалық
бюреткалар, пипеткалар және тамызғыштар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: