қолдау саласындағы уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті 1. Индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган болып табылады.
2. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту саясатын қалыптастырады;
3) индустриялық-инновациялық жүйені жоспарлауды, мониторингтеуді, ынталандыруды, дамытуды жүзеге асырады;
4) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне
индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі туралы ақпарат ұсынады;
5) жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді;
6) басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай картасын әзірлейді;
7) индустрияландыру картасын әзірлейді;
8) инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындайды;
9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне оның құрамын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
10) Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;
11) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде даму стратегиялары мен жоспарларын келіседі;
12) конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
13) отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14) ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
15) жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау карталарына енгізу тәртібін әзірлейді;
16) технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
17) салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
19) инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты көрсететін қызметтерге ақы төлеу тәртібін әзірлейді және айқындайды;
20) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлейді;
21) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді;
22) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын операторларды айқындайды;
23) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
24) еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
25) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
101-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық