Қазақстан Республикасының Кодексі



бет43/60
Дата17.06.2018
өлшемі7,17 Mb.
#43154
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   60

494-бап. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ радиожиіліктерді пайдалану ережелерін бұзу және арнайы рұқсат алмай радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиілікті құрылғыларды шет елдерден әкелу

1. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ радиожиіліктерді пайдалану ережелерін бұзу және арнайы рұқсат алмай радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиілікті құрылғыларды шет елдерден әкелу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

радиоэлектрондық құралдар немесе жоғары жиілікті құрылғылар тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертулер.

1. Осы Кодексте радиоэлектрондық құралдар деп бір не бірнеше радиотаратушы не радиоқабылдағыш құрылғылардан немесе олардың құрамаларынан және радиотолқындарды таратуға және қабылдауға арналған көмекші жабдықтан тұратын техникалық құралдар түсініледі.

2. Осы Кодексте жоғары жиілікті құрылғылар деп, электр байланысы саласында қолдануды қоспағанда, радиожиілік энергиясын өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық мақсаттарда жинақтап таратуға және жергілікті пайдалануға арналған жабдық немесе аспаптар түсініледі.

 

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 494-1-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді); 2009.10.07 № 178-IV ҚР Заңымен 494-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



494-1-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұзу

1. Негізгі байланыс операторының телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосудан негізсіз бас тартуы, сондай-ақ трафикті өткізу тәртібін бұзуы —

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Телекоммуникация желілерін Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасында көзделген ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосу мерзімдерін бұзу, —

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), —

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жөніндегі міндеттерді бұзушағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, байланыс қызметтерін көрсету туралы лицензиядан айыруға әкеп соғады.

 

2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен 494-2-баппен толықтырылды



494-2-бап. 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 495-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



495-бап. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын қорғау ережелерiн бұзу

1. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын қорғау ережелерiн бұзу, егер бұл бұзу байланыстың тоқтауын туғызбаса, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын қорғау ережелерiн бұзу, егер бұл бұзу байланыстың тоқтауын туғызса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 496-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  496-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)



496-бап. Сәйкестігі міндетті растауға жататын, бірақ одан өтпеген байланыс құралдарын пайдалану

1. Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының біртұтас желісінде техникалық реттеу саласында сәйкестігі міндетті растауға жататын және одан өтпеген техникалық байланыс құралдарын пайдалану, сол сияқты электромагнитті сәулелендіру көзі болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды, почта байланысының техникалық құралдарын пайдалану, —

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

сертификатталмаған байланыс құралдарын тәркілей отырып немесе онсыз, ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырмадан жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

497-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



 

 

ҚР 07.01.03 ж. № 372-II Заңымен 497-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 497-1-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



497-1-бап. Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу

Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 07.01.03 ж. № 372-II Заңымен 497-2-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 497-2-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



497-2-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжаттар және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарын бұзу

1. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді куәландырушы орталықтың орындамауы, айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді тіркеу куәлігі иесінің орындамауы, -

айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Басқа тұлғаның жабық кілтін заңсыз алу және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз пайдалану, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылардың орындамауы, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 07.01.03 ж. № 372-II Заңымен 497-3-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 497-3-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



497-3-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңдарын бұзу

Жеке және заңды тұлғалар туралы жасырын мәліметтері бар ақпараттық ресурстарды оларға мүліктік және моральдық зиян келтіру, олардың Қазақстан Республикасының заң актілерінде кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын іске асыруын шектеу мақсатында пайдалану, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 498-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



498-бап. 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  алып тасталды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 499-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



499-бап. Байланыс құрылыстарын заңсыз салу

Байланыс құрылыстарын арнайы рұқсат алмай салу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

500-бап. Телефон-автоматтарды бүлдiру



1. Телефон-автоматтарды қасақана бүлдiру, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -

ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 501-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



501-бап. Пошта төлемінің қолдан жасалған мемлекеттік белгілерін жасау немесе өткізу

Пошта төлемінің қолдан жасалған мемлекеттік белгілерін өткізу мақсатында жасау немесе өткізу, -

пошта төлемінің қолдан жасалған мемлекеттік белгілері, сондай-ақ оларды жасау құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

502-бап. 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 40-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)



 

28-тарау. Жалпыға бірдей әскери міндеттілік, әскери қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік



құқық бұзушылықтар

503-бап. Бастапқы әскери есепке алынуға не шақыру учаскелерiне тiркелуге тиiс азаматтардың тiзiмдерiн жергілікті әскери басқару органына бермеу немесе уақтылы бермеу

Бастапқы әскери есепке алынуға не шақыру учаскелерiне тiркелуге тиiс азаматтардың тiзiмдерiн жергілікті әскери басқару органына бермеу немесе уақтылы бермеу, -

меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың, оқу орындарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

504-бап. Азаматтардың, лауазымды адамдардың және заңды тұлғалардың азаматтық қорғаныс жөніндегі мiндеттердi орындамауы

Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтiк актiлердi орындамауға байланысты құқыққа қарсы әрекеттердi (әрекетсіздiктi) жүзеге асыру, -

азаматтар мен лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

505-бап. Жергілікті әскери басқару органының шақыруы туралы азаматтарға хабарламау

Меншiк нысанына қарамастан, ұйым басшысының немесе азаматтарды әскери есепке алу жұмысына жауапты басқа да лауазымды адамының жергілікті әскери басқару органының шақыруы туралы азаматтарға хабарламауы, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша азаматтарға дер кезiнде келу мүмкiндiгiн қамтамасыз етпеуi, -

он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

506-бап. Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрғылықты азаматтар құрамындағы өзгерістер туралы мәлiметтердi уақтылы бермеу

Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрақты тұрып жатқан азаматтар құрамындағы өзгерістер туралы мәлiметтердi әскери есеп жүргiзу жүктелген органдарға уақтылы бермеу, -

ұйымдардың басшыларына немесе ұйымдардағы әскери есепке алу жұмысына жауапты басқа да лауазымды адамдарға, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

507-бап. Әскери мiндеттiлер, шақырылушылар мен азаматтар туралы мәлiметтердi хабарламау

1. Медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың мүгедек деп танылуы туралы жергілікті әскери басқару органына белгiленген мерзiмде хабарламауы, -

он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Азаматтық хал актілерін жазу органы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың азаматтық хал актілерінiң жазбаларына өзгерістер енгiзiлгендiгi туралы жергілікті әскери басқару органына белгiленген мерзiмде хабарламауы, -

он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Меншiк нысанына қарамастан, ұйым басшысының немесе басқа лауазымды адамының жұмысқа (оқуға) қабылданған, тұрғылықты жерi бойынша әскери есепке тұруға мiндеттi, бірақ тұрмаған азаматтар туралы әскери есепке алуды жүзеге асыратын органға хабарламауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 508-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)



508-бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамауы

Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде дәлелдi себепсiз келмеуi -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

509-бап. Медициналық тексеруден немесе жиындардан жалтару



1. Азаматтарды әскери есепке алу жөніндегі комиссияның немесе шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексеруден жалтару, -

әскери мiндеттiлерге айлық есептiк көрсеткiштiң - екiден бір бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал шақырылушыларға ескерту жасауға не үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әскери мiндеттiлердiң әскери жиындардан жалтаруы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

510-бап. Әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiру немесе жоғалту



Әскери билеттi немесе әскери қызметке шақырылуға тиiс азаматтың басқа да әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiруi немесе жоюы, сондай-ақ әскери билеттiң немесе әскери қызметке шақырылуға тиiс азаматтың басқа да әскери есепке алу құжаттарының иесiнiң кiнәсiнен жоғалуы, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бір бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен 511-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)



511-бап. Әскери қызметке даярлықтан жалтару

Шақырылушылардың жергілікті әскери басқару органдарының жолдамасымен әскери-техникалық мамандықтар бойынша әскери қызметке даярлықтан жалтаруы немесе дәлелдi себептерсіз оқу ұйымдарының сабақтарына қатыспауы, -

ескерту жасауға немесе бір айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

512-бап. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке заңсыз шақыру, оларды шақыруды заңсыз кейiнге қалдыру



Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке заңсыз шақыру не оларды шақыруды заңсыз кейiнге қалдыру, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2009.10.07 № 177-IV ҚР Заңымен 512-1-баппен толықтырылды



512-1-бап. Әскери қызметшіні қорлау

1. Әскери қызмет міндеттерін орындау уақытында немесе орындауға байланысты олардың арасында бағыныстылық қатынастар болмаған кезде бір әскери қызметшінің екінші әскери қызметшіні қорлауы, -

айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, —

айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

 

2009.10.07 № 177-IV ҚР Заңымен 512-2-баппен толықтырылды

512-2-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету

1. Бейбіт уақытта, әскерге шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін өткеріп жүрген әскери қызметші жасаған, бес тәуліктен артық, бірақ он тәуліктен аспайтын уақытқа бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты бөлімнен босатылу, тағайындау, ауыстыру кезінде, іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерінен қызметке дәлелсіз себептермен мерзімінде келмеу, -

айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, он тәуліктен артық, бірақ бір айдан аспайтын уақыттағы әрекеттер, -

айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

 

2009.10.07 № 177-IV ҚР Заңымен 512-3-баппен толықтырылды

512-3-бап. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару ережелерін бұзу

Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әскери нарядтың құрамына кіретін адамның қызмет атқару ережелерін бұзуы, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -

айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

 

2009.10.07 № 177-IV ҚР Заңымен 512-4-баппен толықтырылды

512-4-бап. Бағынбау немесе бұйрықты өзгедей орындамау

Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту, сол сияқты қызмет мүддесіне елеулі зиян келтірмеген, бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы, -

он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 512-5-баппен толықтырылды



512-5-бап. Машиналарды жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу

Әскери, арнайы машинаны немесе көлік машинасын жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу адамның денсаулығына абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

29-тарау. Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық



 

 2007.02.03. № 270-III Заңымен 513-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



Каталог: cont
cont -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
cont -> Замандастар көзімен
cont -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
cont -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2016 ж
cont -> «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша докторантураның Қабылдау емтиханына дайындалуға арналған бағдарлама «Әдебиеттану – 6D021400»
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
cont -> «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында өткізілген шаралар туралы ақпарат. Биылғы жылы Қр мәдениет және ақпарат министірлігі
cont -> Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет