Қазақстан республикасының конституциялық кеңесі қазақСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы астана-2010



бет16/45
Дата29.01.2018
өлшемі7,99 Mb.
#35947
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 6-тармағын мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты көбейтудi көздейтiн заң жобаларына қорытындыларды алқалы орган ретiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi беруi керек деп түсiну қажет.

Қорытынды Республика Yкiметiнiң тиiстi қаулысын қабылдаумен, немесе оның отырысының хаттамалық шешiмiмен, сондай-ақ Үкiметтiң ұжымдық, заңды пiкiрiн бiлдiретiн басқа құжатпен ресiмделедi. Қорытындыға Республика Премьер-Министрi, не ол болмағанда Республика заңдарына сәйкес Премьер-Министрдiң орнын басатын Премьер-Министрдiң орынбасары


қол қояды.

Билiктiң заң шығарушы және атқарушы тармақтарының арасындағы келiспеушiлiк олардың конституциялық өкiлеттiктерi негiзiнде келiсу рәсiмдерi жолымен шешiледi.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының
3-тармағына сәйкес, осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескерiп, шағымдануға жатпайды.

3. Осы қаулы қазақ және орыс тiлдерiнде республикалық ресми баспасөз басылымдарында жариялансын.



Қазақстан Республикасы Конституциясы 26-бабының

3-тармағын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің

2000 жылғы 16 маусымдағы N 6/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға мiндетiн атқарушы Н.I. Өкеев, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов,
А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты А.Қ. Дауылбаевтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 26-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Қолдағы бар материалдарды зерделеп шығып, баяндамашы – Конституциялық Кеңес мүшесi А.К. Котовтың баяндамасын, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң сөзiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны


АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне
2000 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының мемлекеттiк органдардың соттан тыс тәртiппен айыппұл түрiнде өндiрiлетiн мүлiктi (ақшаны) мәжбүрлеп өндiрiп алуға байланысты құқықтық қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасы Конституциясы 26-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi.

Қазақстан Республикасы Конституциясы 26-бабының


3-тармағын түсiндiргенде Конституциялық Кеңес мынаны
негiзге алады.

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi. Бұл кiмдi болса да мүлкiнен айыруға сот шешiмiнен басқа ретте тек заңда көзделген жағдайларда ғана жол берiлетiнiн бiлдiредi. Мүлiктiк құқық абсолюттi болып табылмайды, өйткенi Конституцияның 39-бабы 3-тармағының және азаматтық, қылмыстық немесе әкiмшiлiк заңдарының тиiстi нормалары негiзiнде оны шектеуге жол берiледi. Яғни айтқанда заңдармен көзделген жағдайларда нақты мүлiктiк құқықты шектеу азаматтық-құқықтық қатынастарда да, сондай-ақ жария-құқықтық салада да заңды.

Бұл, мысалы, не құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен жаза түрiнде тәркiлеу жолымен, не мемлекет қажетi үшiн реквизиция түрiнде, мысалы, табиғи апат жағдайында, басқа да төтенше жағдайда соған бара-бар кейiнгi өтем жолымен iске асырылуы мүмкiн.

Тәркiлеудiң не реквизицияның негiздемесi, шарты және тәртiбi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 249, 253 және 254-баптарында белгiленген. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 249-бабында меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша мүлiкке қолданылатын өндiрiп алу жағдайларында меншiк иесiнiң мүлкiн мәжбүрлеп алу; аталған адамға заң актiлерi бойынша меншiгi болуы мүмкiн емес мүлiктi (мысалы, экономикалық контрабанда объектiлерi; азаматтық айналымнан алып қойылған заттар және т.б.) мәжбүрлеп иелiктен айыру көзделген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 249-бабының 1-тармағы негiзiнде заң актiлерiнде, сондай-ақ мүлiкке, оның iшiнде оның ақша сияқты түрiне де, меншiк құқығын жоюдың басқа да жағдайлары көзделуi мүмкiн (ҚР АК 115-бабының 2-тармағы). Әкiмшiлiк айыппұлды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiк туралы заңдарда көзделген жағдайлар мен шекте ақшалай өндiрiп алуға жатқызуға болады.

Сотқа айыппұл түрiндегi әкiмшiлiк жаза туралы шешiмге шағым жасалғанда, оған сот бақылауы кепiлдерi болған жағдайда мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне айыппұл өндiрiлiп алынады. Шешiмге шағым жасалуы оның орындалуын тоқтатады. Конституцияның


13-бабы 2-тармағына сәйкес өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға әркiмнiң құқығы бар. Кiнәлi субъект әкiмшiлiк тәртiппен айыппұл салуға, мүлiкке құқықты мәжбүрлеп тоқтату туралы, яғни айтқанда заңмен белгiленген ақшалай айыппұл мөлшерiн белгiлеуге уәкiлеттi органдардың iс-әрекеттерiне шағымданған жағдайда, сот шешiмi шыққаннан кейiн мәжбүрлеп өндiрiп алуға жатады.

Айыппұл түрiнде мүлкi (ақшасы) алынып қойылатын субъект әкiмшiлiк жауапкершiлiк туралы заңдардың iс жүргiзу нормалары кепiлдiк беретiн мерзiм мен тәртiпте сотқа шағымданбағанда ғана әкiмшiлiк жолмен жазалауға, оның iшiнде айыппұл салуға да, құқы бар мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың шешiмi түпкiлiктi сипатқа ие бола алады. Құқық бұзушы субъектiнiң айыппұлды ерiктi түрде төлеу нысаны әкiмшiлiк мәжбүрлеу шара есебiндегi ақшалай түрiндегi жазаның (айыппұл) құқықтық табиғатын өзгертуге әкеп соқпайды.

Демек, сот шешiмiмен болмаса ешкiмдi де өз меншiгiнен айыруға болмайды деген конституциялық қағида әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн айыппұл салу туралы мiндеттi түрде алдын ала сот шешiмi болуын көздемейдi.

Баяндалғанның және Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының негiзiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37 және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi


ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 26-бабының
3-тармағын түсiндiргенде және қолданған кезде сот шешiмiнен басқа тек заңда көзделген жағдайларда болмаса ешкiмдi де өз меншiгiнен айыруға болмайтынын негiзге алу керек. Конституцияның 39-бабы 3-тармағына сәйкес мүлiктiк құқық абсолюттi болып табылмайды және азаматтық-құқықтық қатынастар саласында да, жария-құқықтық салада да шектелуi ықтимал.

Қазақстан Республикасы Конституциясы 26-бабы


3-тармағының "сот шешiмiнсiз ешкiмдi де өз меншiгiнен айыруға болмайды" деген нормасын бұл қағида әкiмшiлiк мәжбүрлеу шарасы ретiнде айыппұл салу туралы барлық жағдайда алдын ала сот шешiмi болуын талап етпейдi деп түсiну керек.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кiнәлi адам, Конституция мен әкiмшiлiк жауапкершiлiк туралы заңдардың iс жүргiзу нормаларының өзiне кепiлдiк беретiнiне қарамастан, ақшалай айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза тартқызу туралы уәкiлеттi органның шешiмiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiне сотқа шағымданбаған жағдайлар Қазақстан Республикасы Конституциясы 26-бабының


3-тармағына қайшы келмейдi. Сол сияқты уәкiлеттi органға да осы әкiмшiлiк мәжбүрлеу шарасын орындаудан жалтарып жүрген адамға салынған айыппұлды сот арқылы төлетуге заң жолымен
мүмкiндiк берiлген.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының


3-тармағына сәйкес, осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды ескере отырып, шағымдануға жатпайды.

3. Осы қаулы қазақ және орыс тiлдерiнде республикалық ресми баспасөз басылымдарында жариялансын.



Қазақстан Республикасы Конституциясы

42-бабының 5-тармағын ресми түсіндіру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің

2000 жылғы 20 маусымдағы №12/2 қаулысы


Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Төрағасының міндетін атқарушы Н.І. Өкеев, Кеңес мүшелері
Ж.Д. Бұсырманов, А. Есжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және
В.Д. Шопин қатысқан құрамда, өтініш субъектісінің өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңдар және сот-құқықтық реформасы комитетінің төрағасы С.М. Жалыбиннің қатысуымен, өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясы
42-бабының 5-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.

Қолдағы бар материалдарды зерделеп шығып, баяндамашылар – Конституциялық Кеңесінің мүшелері В.Д. Шопин мен А.К. Котовтың, өтініш субъектісі өкілінің сөзін тыңдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мынаны


АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне
2000 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ж.А.Тұяқбайдың Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 5-тармағын ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсті.

Өтініш субъектісі аталған конституциялық норманы түсіндіруде Республика Президенті болып қатарынан екі реттен артық сайлануға тыйым салу көзделген норманың осы қызметке 1999 жылғы 10 қаңтарда өткен сайлауда сайланғанға дейін Қазақстан Президенті өкілеттілігін атқарушы тұлғаға қатыстылығын анықтауды сұрайды.

Аталған өтінішті қарай отырып, Конституциялық Кеңес мынаны негізге алады.

Республика Конституциясының 42-бабының 5-тармағына сәйкес «бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды». Келтірілген конституциялық норма 1995 жылғы Республика Конституциясының 41-бабы мен соған сәйкес «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының ретімен бір адам қатарынан тек екі рет сайлана алатындығы көрсетеді.

Қазақстандағы президенттік институт «Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақ
ССР–інің 1990 жылғы 24 сәуірдегі Заңымен енгізілген, оның негізінде 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ ССР-інің Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның бірінші Президентін сайлады.

«Қазақ КСР Президентін сайлау» Қазақ КСР-інің 1991 жылғы 16 қазандағы Заңына сәйкес және «Қазақ КСР Президентін сайлауды тағайындау туралы» Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің


1991 жылғы 16 қазандағы қаулысымен Қазақ КСР Президентін сайлау 1991 жылғы 1 желтоқсанға белгіленді. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-і Президенттігіне кандидат ретінде Қазақстан азаматтары 1991 жылғы 1 желтоқсанда Президент етіп сайлаған, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты ұсынды. Қазақ КСР-інің Президенті Республика халқына Қазақ ССР-інің 1978 жылғы Конституциясымен ант берді.

Республиканың Жоғарғы Кеңесі 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған, Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі бірінші Конституциясы «Өтпелі кезең ережелерінің»


10-бабында Қазақ КСР-інің заңдарына сәйкес сайланған Республика Президентінің өкілеттіліктерін сақтады.

Қазақстан Халықтары Ассамблеясының бастамашылығымен 1995 жылғы 29 сәуірде өткен республикалық референдумда, Қазақстан Республикасының референдумы Орталық комиссиясының 1995 жылғы 3 мамырдағы № 13 қаулысына сәйкес, Қазақстанның бірінші Президентінің өкілеттілік мерзімі 2000 жылғы


1 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Қазақстан Республикасы Парламентінің 1998 жылғы


8 қазандағы № 103-1 қаулысымен, Республика Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың 1995 жылғы 29 сәуірдегі республикалық референдумда бекітілген өкілеттік мерзімі, Республика Парламентінің Мәжілісі 1999 жылғы 10 қаңтарға тағайындаған, Президент сайлауында сайланатын Қазақстан Республикасының жаңа Президенті қызметіне кіріскенге дейін қысқартылды.
1999 жылғы 19 қарашадағы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Н.Ә. Назарбаев басқа да үміткерлермен бірге Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат болып тіркелді.

Республиканың қолданыстағы Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы негізінде 1999 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республасының Президенті болып сайланған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының


1999 жылғы 15 қаңтардағы № 3/182 қаулысымен тіркелді.

Конституциялық Кеңес жоғарыда баяндалған жағдайларды, сондай-ақ Республикада басқарудың жаңа нысанын және Қазақстан Президентінің мемлекет басшысы және оның ең жоғары лауазымды тұлғасы ретінде мәртебесін бекіткен Республика Конституциясының 1995 жылы қабылдауымен конституциялық жүйенің түбегейлі түрде өзгергенін ескере отырып, 1998 жылғы 7 қазандағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 1995 жылғы Республика Конституциясында көзделген, Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігінің бірінші мерзімі Қазақстан Республикасы Президентінің қызметке ресми кріскен сәті 1999 жылғы 20 қаңтардан бастап есептеледі деп санайды. Осы Конституцияның негізінде және «Қазақстан Республасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес 1999 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті бірінші рет сайланды. Конституциялық құқықтар мен міндеттердің жаңа көлеміне сай бірінші рет балама негізде сайланған Қазақстан Республикасының Президенті 1995 жылғы Конституциямен Қазақстан халқына


ант берді.

Осылайша, 1995 жылғы Республика Конституциясының


42-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының қазіргі Президентінің 2006 жылы өкілеттілік мерзімі өткенде, ол Қазақстан Республикасының Президенті болып қатарынан екінші рет сайлана алады.

Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығының 17-бабының 3-тармағының


1) тармақшасын, 37-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 5-тармағын ресми түсіндіру ретінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабы
5-тармағының нормасын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы және соған сәйкес Қазақстан Республикасының заңдары негізінде, бір адам қатарынан екі реттен артық Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлана алмайды деп түсіну керек.

Аталған конституциялық ереже 1995 жылғы Республика Конституциясына сәйкес 1999 жылғы 10 қаңтарда осы қызметке сайланғанға дейін Қазақ КСР-і және Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттілігін атқарған адамға қатысты емес.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға міндетті, түпкілікті болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясы
73-бабының 4-тармағында көзделген ретті ескеріп, шағымдануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының

2)-тармақшасын, 45-бабының 2-тармағын, 61-бабының

2-тармағын, 62-бабының 2-тармағын, 72-бабы

1-тармағының 2) тармақшасын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2000 жылғы 3 шiлдедегі N 15/2 қаулысы


Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi Төрағасының мiндетiн атқарушы В.Д. Шопин, Кеңес мүшелерi
Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi мемлекеттiк-құқықтық бөлiмi меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары Т.С. Донаковтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының
2)-тармақшасын, 61-бабының 2-тармағын, 62-бабының 2-тармағын, 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Қолдағы бар материалдарды зерделеп шығып, баяндамашылар – Конституциялық Кеңес мүшелерi


Қ.Ә. Омархановтың және В.Д. Шопинның баяндамаларын, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң сөзiн тыңдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне
2000 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Президентi
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясы
44-бабының 2)-тармақшасын, 61-бабының 2-тармағын, 62-бабының 2-тармағын, 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын осы нормаларда "заң" терминi қолданылатын бөлiгiн ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi.

Өтiнiш субъектiсi көрсетiлген конституциялық нормаларды түсiндiру кезiнде, "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Конституциялық заңның 13-бабының 1-тармағында, дәлiрек айтқанда, Парламент Қазақстан Республикасы заңдары нысанындағы заң актiлерiн, соның iшiнде конституциялық заңдарды да, қабылдайды делiнген болса, "заң" терминiнiң "конституциялық заң" түсiнiгiн бiлдiретiнiн не бiлдiрмейтiнiн анықтауды сұрайды.

Конституциялық Кеңес отырысының барысында өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 21-бабы 3-тармағының
1) тармақшасына сай Конституцияның 45-бабы 2-тармағының өтiнiште қойылған сұрақ бөлiгiнде ресми түсiндiрудi енгiзiп, өтiнiм көлемiн ұлғайту туралы өтiнiшiн мәлiмдедi.

Осы өтiнiштi қарағанда Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабы
1-тармағына сәйкес Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды. 62-баптың 2-тармағында заңдардың Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енетiнi белгiленген. Конституцияның осы нормасы заңдардың барлық түрлерiне де, оның iшiнде конституциялық заңдарға да қолданылады.

Одан кейiн, көрсетiлген бапта Парламенттiң заңдарды қабылдау тәртiбi: Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен (3-тармақ); конституциялық заңдарға - әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен (4-тармақ); Қазақстан Республикасының заңдарына, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен (5-тармақ) енгiзiлетiнi белгiленген.

Конституцияның 62-бабының мазмұны "заң" терминiнiң Парламент қабылдайтын заң актiсiнiң нысаны ретiнде "конституциялық заң" ұғымын да бiлдiретiнiн дәлелдейдi, "Парламент және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Конституциялық заңның 13-бабының 1-тармағы да осыны растайды.

Конституцияның 44-бабы 2) тармақшасында белгiленген Мемлекет Басшысының Парламент Сенаты ұсынған заңға қол қою не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшiн қайтару құқығы тең деңгейде конституциялық заңға да қолданылады. Егер "заң" терминi конституциялық заңдарды қамтымайтын болса, онда Республика Президентi Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға "вето" қою құқығынан айрылып қана қоймай, сонымен бiрге Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өзiне қол қоюға келiп түскен конституциялық заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн тексеру туралы өтiнiштi Конституциялық Кеңеске жолдау құқығынан да айрылатын болады, ал бұл Республика Президентiнiң билiктiң барлық тармақтарының тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы келiсiмдi түрде қызмет iстеуiн қамтамасыз ету конституциялық принципiне қайшы келедi.

Конституцияның 61-бабының 2-тармағы Республика Президентiнiң заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгiлеу, сондай-ақ осы заң жобасы жедел қаралады деп жариялау құқығын бекiтедi. Бұл жерде "заң" терминi жай заңдарды ғана емес, конституциялық заңдарды да қамтиды. Бұл ереженi заң қызметiнiң практикасы да дәлелдедi. Айталық, Мемлекет Басшысы жай заңдар мен конституциялық заңдардың басымдылығын белгiледi және жедел қаралады деп жариялады.

Конституцияның 45-бабының 2-тармағында пайдаланылған "заң" терминiн де кеңейтiлген мағынасында түсiну керек.

Жоғарыда баяндалғанның негiзiнде Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының
2)-тармақшасында, 45-бабының 2-тармағында, 61-бабының
2-тармағында, 62-бабының 2-тармағында, 72-бабы 1-тармағының
2) тармақшасында "заң" санаты кең мағынада қолданылған, яғни айтқанда, өз мағынасында Республика заңдарын ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын да қамтиды деп есептейдi.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы


1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы
3-тармағының 1) тармақшасын, 37 және 41-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының
2)-тармақшасын, 45-бабының 2-тармағын, 61-бабының 2-тармағын, 62-бабының 2-тармағын, 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын осы нормаларда "заң" терминi қолданылатын бөлiгiн ресми түсiндiру ретiнде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының
2)-тармақшасында, 45-бабының 2-тармағында, 61-бабының
2-тармағында, 62-бабының 2-тармағында, 72-бабы 1-тармағының
2) тармақшасында қолданылатын "заң" санаты өз мағынасында "конституциялық заң" ұғымын қамтиды.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының


3-тармағына сәйкес, осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және түпкiлiктi болып табылады.

3. Осы қаулы қазақ және орыс тiлдерiнде республикалық ресми баспасөз басылымдарында жариялансын.



"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi

туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық

заңының Қазақстан Республикасының

Конституциясына сәйкестiгi туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2000 жылғы 3 шiлдедегі N 16/2 қаулысы


Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi Төрағасының мiндетiн атқарушы В.Д. Шопин, Кеңес мүшелерi
Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi мемлекеттiк-құқықтық бөлiмi меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары Т.С. Донаковтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi туралы
өтiнiшiн қарады.

Қолдағы бар материалдарды зерделеп шығып, баяндамашылар - Конституциялық Кеңес мүшелерi А.К. Котовтың және Ж.Д. Бұсырмановтың баяндамаларын және отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны


АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне
2000 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Республика Конституциясына сәйкестiгi туралы өтiнiшi келiп түстi.

Қазақстан Республикасының Парламентi 2000 жылғы


27 маусымдағы Палаталардың бiрлескен отырысында қабылдаған және 2000 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Президентiне қол қоюға ұсынған "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi туралы мәселенi қарағанда, Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алады.

Қазақстан Республикасының Парламентi Конституцияның


49-бабына сәйкес Республиканың заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы болып табылады.

Конституцияның 62-бабы 1-тармағының негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының 2) тармақшасын,


45-бабының 2-тармағын, 61-бабының 2-тармағын, 62-бабының
2-тармағын, 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2000 жылғы 3 шiлдедегi N 15/2 қаулысына сәйкес ол заң актiлерiн заң түрiнде де, оның iшiнде елдiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын да қабылдауға құқылы.

Қазақстан Республикасының Парламентi 2000 жылғы


27 маусымда "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын осы деңгейдегi заң актiлерiн қабылдау үшiн көзделген конституциялық тәртiппен және регламенттiк рәсiмдерге сәйкес қабылдаған. Осы Конституциялық заңды реттеу мәнi Конституцияның 61-бабы
3-тармағымен аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн заңдар шығаруға Қазақстан Республикасының Парламентiне берiлген төтенше құзырет ауқымына жауап бередi. Атап айтқанда ол Конституцияның 61-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектiлiгiне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгiне қатысты негiзге алынатын принциптер мен нормаларды белгiлейдi.

Конституцияның 92-бабына сәйкес, онда конституциялық деп аталған заңдар осы Конституция күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде қабылдануға тиiс. Осы ереженi оның белгiлеген қандай конституциялық заңдарының алдымен қабылдануға тиiс екенiн белгiнедi деп түсiну керек, бiрақ бұл Конституция мәтiнiнде конституциялық деп аталған заңдар түбегейлi анықталды дегендi бiлдiрмейдi.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Конституциялық заңды қабылдауға Қазақстан Республикасы Конституциясы 46-бабының, 44-бабы 20) тармақшасының,
71-бабының нормалары, сондай-ақ Кiрiспе мен 1-бабы
2-тармағының ережелерi конституциялық-құқықтық негiз болып табылады.

Конституцияның 46-бабы Республика экс-Президенттерiне Республика Президентiнiң абыройы мен ар-намысына ешкiмнiң тиiсуiне болмайтындығы және Республика Президентi мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебiнен жүзеге асырылатыны туралы ереженi қолданады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi өз өкiлеттiктерiн атқаруды тоқтатқаннан кейiн Республиканың экс-Президентi болады, кезектi сайлауларда сайланған Қазақстан Республикасының Президентiне конституциялық өкiлеттiктерiн бередi. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Конституциялық заң экс-Президенттер үшiн Конституция белгiлеген қол сұғылмаушылық пен қамтамасыз ету туралы кепiлдiктердi жаңа тәуелсiз мемлекет құрылысына Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентiнiң ерекше рөлi мен үлесiне қатысты нақтылы көрсетедi.

Конституцияның 71-бабы Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң мүшесi болып табылады және мұндай құқық өз өкiлеттiктерiн атқаруды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне берiлуге тиiс.

Конституцияның 44-бабы 20) тармақшасына сәйкес жұмыс iстеп жүрген Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қауiпсiздiк Кеңесi мен басқа да консультативтiк-кеңесшi органдарды құруы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Конституциялық заңның 1-бабы 2) тармақшасының нормаларына қайшы келмейдi. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құрамына енуi, сондай-ақ жаңа тәуелсiз мемлекеттiң негiзiн қалаушы, қазақстандық патриотизмнiң идеологы және ұлтаралық келiсiмнiң кепiлi ретiнде Қазақстан халықтары Ассамблеясына төрағалық етуi сол кезеңдегi ел Президентiнiң жоғарыда аталған конституциялық өкiлеттiктердi жүзеге асыруына кедергi болмайды.

Жұмыс iстеп жүрген ел Президентiнен бiр ерекшелiгi Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi жолдаулар, жарлықтар және өкiмдер шығармай, "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Конституциялық заңның 1-бабы 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан халқының көшбасшысы ретiнде халыққа, Республика Парламентiне және Үкiметiне ел үшiн маңызды мәселелер талқыланған кезде қажеттi бастамалар көтере алады, бұл да жұмыс iстеп жүрген Президент құқықтары кешенiн көздейтiн Конституцияның 44-бабының нормаларына
қайшы келмейдi.

Сонымен "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Конституциялық заңды Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестiлiк мәнiне орай талдау Парламенттiң осы Конституциялық заңды екiншi оқылымда 2000 жылғы 27 маусымда Палаталардың бiрлескен отырысында әрбiр Палата депутаттары жалпы санының "жақтаймын" деген 2/3 дауысы көпшiлiгiмен Конституция белгiлеген тәртiппен қабылдағанын көрсеттi. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Конституциялық заңның нормалары мен ережелерi Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келедi.

Жаңа тәуелсiз мемлекеттердiң, сондай-ақ дамыған демократия елдерiнiң тәжiрибесi осы заманғы конституционализмнiң мемлекет басшысы қызметiн атқарған және өз мiндеттерiн атқаруды тоқтатқан адамдарды саяси және әлеуметтiк кепiлдiктермен қамтамасыз ету үрдiсiн растайды.

Баяндалғанның және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы негiзiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi


Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет