Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз



Pdf көрінісі
бет12/56
Дата04.12.2023
өлшемі443,26 Kb.
#194994
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56
Байланысты:
Конституция Kk
Konaev D
31-
бап
1. Мемлекет адамның өмiр сүруi мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны 
қорғауды мақсат етiп қояды. 
2. Адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн деректер мен жағдаяттарды 
лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады.
32-
бап
Қазақстан Республикасының азаматтары бейбiт әрi қарусыз жиналуға, жиналыстар, 
митингiлер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. 
Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауiпсiздiк, қоғамдық тәртiп, денсаулық сақтау
басқа адамдардың құқықтары
мен бостандықтарын қорғау мүдделерi үшiн заңмен 
шектелуi мүмкiн.
ҚР 07.10.98 ж. № 284-1 
Заңымен
 33-
бап өзгертілді 
33-
бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекет 
iсiн басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн
-
өзi басқару 
органдарына тiкелей өзi жүгiнуге, сондай
-
ақ жеке және ұжымдық өтiнiштер жолдауға 
құқығы бар. 



2. Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн
-
өзi басқару 
органдарын сайлауға және
оларға сайлануға, сондай
-
ақ республикалық референдумға 
қатысуға құқығы бар. 
3. Сот iс
-
әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай
-
ақ сот үкімі бойынша бас 
бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, 
республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. 
4. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кiруге тең құқығы бар. 
Мемлекеттік қызметшi лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық 
мiндеттердiң сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгiленедi.
34-
бап
1. Әркiм Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа 
адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадiр
-
қасиетiн құрметтеуге 
мiндеттi. 
2007.21.05. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет