Перспективалық жоспарда ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыптары айқындалады (2-қосымша).
Перспективалық жоспар балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, оларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту бойынша білім беру міндеттерін міндетті түрде орындауды қарастырады.
Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында педагог Перспективалық жоспарға сәйкес циклограмма құрастырады.
Циклограмма перспективалық жоспарға сәйкес әр аптаға (3-қосымша) құрылады, ол балаларды қабылдаудан бастап, ұйымдастырылған оқу қызметін (бұдан әрі - ҰОҚ), серуендіөткізуді, күндізгі ұйқыны ұйымдастыруды, яғни балалардың үйге қайтуына дейін күн тәртібіндегі барлық процестердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Циклограмма – балалармен алдағы табысты жұмыстың мазмұнын, нысандарын, әдістері мен тәсілдерін таңдауға, жұмыс уақытын қолдануға нақты бағыт береді.
Циклограмманың құрылымы күн тәртібіне сәйкес құрылады (4-қосымша).
Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:
- ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптарын Перспективалық жоспарға сәйкес анықтау;
- өтпелі тақырыптың мазмұнына сәйкес бағдарламалық материалды бөлуде жүйелілік пен сабақтастық қағидасын сақтау;
- Бағдарлама мазмұнына сәйкес балалардың сапалы және толыққанды дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
- балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологиялар, әдістер мен тәсілдерді қолдану;
- циклограмманың құрылымдық бөлімдерін сапалы жоспарлау үшін заттық дамытушы ортаны қалыптастыру.
П Дамыту, тәрбиелеу және оқыту процестері тәсілдерін өзгерту
Модельдің 22-35 т.
едагогтің міндеті – ұйымдастырылған оқу қызметі барысындабалалардың қызығушылықтарын ескеру, әр баламен сөйлесу.Баланы өзінің әлем туралы түсінігін құру құқығы мен мүмкіндігі бар және өз бетінше үйренуге белсенді қатысушы ретінде қабылдау қажет. Балаларды оқытудаоларды шаршатпай, баланың ынтасын, пікірін және тілегін ескере отырып, бала үшін қызықты ойын түрінде өткізу ұсынылады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің (бұдан әрі - ҰОҚ) басынан бастап соңына дейін алдын-ала жоспарланған ойын түрімен өткізуге немесе ойынды өткен материалды бекітуге қолдануға да болады. Ол үшін тәрбиеші ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбына сәйкес ойынды алдын-ала таңдауға немесе өзбетінше құруға, сондай-ақ балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, оны түрлендіруіне болады.
Сондай-ақ,ҰОҚ-інүнемі тек топ бөлмесінде үстел үстінде ғана емес, ойын алаңында,сонымен бірге балалар үшін жайлы жағдайларда өткізу ұсынылады.
Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекет түрі ретінде:
- балалардың оқуына және жан-жақты когнитивті, әлеуметтік және эмоционалдық дамуына оң әсер етеді;
- оның түрлері көп, ол балалар үшін көңілді және белсенді әрекет, сипаты бойынша жан-жақты, әлемді тану мен баланы оқытудың жетекші әрекетіжәне негізгі тәсілі болып табылады.
Ойын барысында педагогтер балалардыңөз тәжірибелерін оң және теріс деп талдауға, өз эмоцияларын реттеуге үйретеді, сондай-ақ өмірлік маңызды дағдыларды дамытады.
Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру процесінің тиімділігі, сондай-ақ баланың даму динамикасы туралы ақпарат алу үшін диагностика негізінде Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізіледі (бастапқы қыркүйек айында, аралық-қаңтарда және қорытынды-мамыр айында).
Мониторингтің мақсаты:
-баланың жетістіктерін қадағалау;
- балаларды тәрбиелеу мен дамытуда жеке тәсілдерді қамтамасыз ету;
-түзету іс-шараларын жедел жоспарлау негізінде білім беру процесін
жетілдіру;
-баланың Бағдарлама мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау.
Нәтижелер «Бақылау парағында» толтырылады. Алынған мәліметтер негізінде Баланың жеке даму картасы толтырылады. Баланың жеке даму картасының «Түзету іс-шаралары» бөлімінде диагностика мәліметтерінің қорытындысы бойынша балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен мамандар баланы одан әрі дамыту іс-шараларын толтырады.
Педагогикалық диагностиканы тәрбиеші басқа да педагогмамандармен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырады.