Ќазаќстан республикасыныњ



бет28/128
Дата20.06.2020
өлшемі1,98 Mb.
#74127
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   128
Байланысты:
касипкерлик

Әдетте, бизнес – жоспар келесідей тараулардан тұрады:

  1. Тұжырымдама, шолу, резюме.

  2. Қазіргі уақыттағы жағдай және кәсіпорын туралы қысқаша ақпарат.

  3. Бизнес объектісінің сипаттамасы.

  4. Нарықты зерттеу мен талдау.

  5. Ұйымдастырушылық жоспар.

  6. Өндіріс жоспары.

  7. Маркетинг жоспары.

  8. Потенциалды тәуекелдер.

  9. Қаржылық жоспар.

  10. Қосымшалар.

Бизнес – жоспарды рәсімдеу титулды бетті дайындаудан басталады, онда аталған құжат қашан және қай жерде, кіммен құрастырылғандығы туралы ақпарат көрсетіледі. Мұнда бизнес – жоспардағы идеяны қысқа және нақты түрде көрсететін жобаның аталуы көрсетілу керек. Титулды беттен кейін бизнес – жоспардың құрылымын сипаттайтын мазмұны көрсетілуі керек. Төменде тараулар мен параграфтардың номенклатурасы келтірілген (5 - кесте).

Бизнес – жоспарды жасап шығару өз кәсіпорнын нақты бағалауға, оның күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, кәсіпорын қызметін жүзеге асыру үшін қандай талап қоюға болатындығын, мүмкін болатын қиындықтарды көре білуге, күрделі мәселелерін ұлғайып кетпеуіне жол бермеу, олардың пайда болу себептерін анықтап жою шараларын қарастыруға мүмкіндік береді деп айтуға болады.



5 - кесте – Бизнес – жоспардың негізгі тараулары мен әр тараудың мазмұны

Бизнес – жоспар тараулары

Бизнес – жоспар тарауының мазмұны



Тұжырымдама, шолу, резюме

Бұл өз ісін бастай отырып немесе жалғастыра отырып кәсіпорынның өз алдына қойылған мақсаттары мен бизнесі туралы қамтылған қысқа, тез оқылатын ақпаратқа шолу

Негізі, бизнес тұжырымдамасы жоспардың қысқартылған нұсқасы болып табылады.

Резюмеде келесідей негізгі мәліметтер көрсетілуі керек;

-бизнес үшін мүмкіндіктер, бизнестің тартымдылығы, кәсіпорын мен аймақ үшін маңыздылығы;

-қажетті қаржы ресурстары (немесе қарыз);

-жобаның өтелу мерзімі;

-қарыз қаражаттарын қайтарудың мүмкін болатын мерзімі;

-инвестициялау шарттары;

-күтілетін пайда мен оны үлестіру.

Тұжырымдаманы сипаттау тәртібі еркін болып табылады, бірақ оны ұсынылып отырған бизнестің басты мақсатынан (әдетте, бұл табыс табу) және жасап шығарылатын бизнес – жоспардың бағытталуынан бастау қажет. Бизнес концепциясы (резюме) бизнес – жоспарды жасап болғаннан кейін құрастырылады, бірақ басында орналасады.

Қазіргі таңдағы жағдай және кәсіпорын туралы қысқаша ақпарат

Қазіргі жағдайды және кәсіпорын туралы қысқаша ақпаратты сипаттайтын тарауда келесідей негізгі мәліметтер көрсетіледі:

-бизнес – жоспар бойынша идеяның пайда болуына әсер еткен негізгі жағдайлар;

-менеджерлер алдында тұрған негізгі жағдайлар мен міндеттер;

нарықтағы жағдай және қол жеткізілетін жағдай. Ары қарай қысқаша түрде кәсіпорын туралы негізгі ақпарат көрсетіледі – құрылу мерзімі, ұйымдастырушылық – құқықтық нысаны, құрылтайшылары, заңды мекен-жайы және т.б.


Бизнес объектісінің сипаттамасы



Бұл тарауда бизнес – жоспардың бағытталуын көрсету қажет (өнім, жұмыстар, қызметтер, жаңа кәсіпорынды құру, жұмыс істеп тұрғанын дамыту, қаржылық сауықтыру). Сонымен қатар мұнда тұтынушылар үшін тауардың маңыздылығын, оның бірегейлігін атап өткен дұрыс. Сонымен бірге өнімнің функционалды мүмкіндіктері мен ерекшеліктерн көрсету керек. Бұл тарауды ұсынылатын бизнестің табыстылығын сипаттайтын басты факторлардың сипаттамасы және т.б. аяқтайды.

Нарықты


зерттеу мен талдау

Бұл тарауда сатып алушы назар аударатын басымдылықтарды көрсету керек: сапа, баға, тасымалдау уақыты мен нақтылығы, сервистік қызмет көрсету және т.б.

Нарық сегментациясын жасау, кәсіпорын өнімі бойынша нарықтардың мөлшері мен сыйымдылығын анықтау қажет. Өнім, қызметтер нарықта қалай тез орын алатындығын талдап, оны ары қарай кеңейту мүміндіктерін негіздеу қажет, сонымен қатар осыған әсер ететін факторларды қарастыру қажет.

Бәсекелестерді бақылау мен бағалау да маңызды рөл атқарады. Олардың күшті және әлсіз жақтарын талдау қажет. Натуралды және ақшалай сипаттағы сату көлемдерін анықтау қажет.



Ұйымдастыру-шылық жоспар

Ұйымдастырушылық – құқықтық нысанның, басқарудың ұйымдастырушылық құрылымның сипаттамасы, басқарушы құрамының сипаттамасы, персоналмен жұмыс, басқарудың материалды – техникалық қамсыздандырылуы. Онда жетекші менеджерлердің лауазымдық нұсқауларын, олардың басқарушылық үрдістегі рөлін, сонымен қатар қызметтер мен бөлімшелердің өзара әрекеттесуі қалай жүргізілетіндігін анықтап алу қажет.

Өндіріс жоспары



Оны жазу барысында мыналарды ескеру керек: қамсыздандыру, технологиялық цикл, құрал – жабдыққа қызмет көрсету, технологияны жетілдіру мүмкіндіктері.

Өндіріс жоспары өндірістік үрдісті сипаттайды. Егер де жеке операциялар мердігерге жүктелсе, ол көрсетілуі керек. Еңбек сыйымдылығы бойынша құрылымы көрсетілген өндірістік үрдісті көрсету қажет. Өндірістік орындарға деген қажеттілікті және олардың алаңын, сонымен қатар кәсіпорынның өндірістік алаңын, қосымша құрал – жабдықтар мен материалдық ресурстарға деген қажеттілікті және т.б көрсету қажет.

Маркетинг жоспары



Жобаны жүзеге асыру барысында жүргізілетін кешенді нарықтық зерттеулер бағдарламасы: жобаны жүзеге асыру кезеңдері бойынша бөліп көрсетілген өткізілетін өнім ассортименті мен жалпы көлемін анықтау, өнімнің өмірлік цикл сатыларын ескере отырып өнімді жетілдіру бағыттары, қораптауға, сыртқы пішініне қойылатын талаптар, баға саясатын негіздеу, өткізуді жоспарлау, оны ынталандыру, жарнамалақ кампанияны жоспарлау, қызмет көрсету, маркетингтік бақылау жүйесі және т.б.

Потенциалды тәуекелдер



Аталған тарау өте маңызды, өйткені тәуекел факторы кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметіне үлкен әсерін тигізеді. Мұнда жобаны жүзеге асыруды қиындататын барлық мүмкін болатын проблемалар, ескерту шараларының кешені, қолайсыз жағдайлар болған кезде одан шығу жолдары және т.б. көрсетілуі керек.

Қаржылық жоспар

Қаржылық жоспарлаудың мақсаты ұсынылатын бизнестің тиімділігін анықтау: табыстар мен шығыстардың жиынтық балансы, дәстүрлі түрдегі жыл соңындағы баланстық жоспар, қаражаттардың көздері мен оларды пайдалану жоспары және т.б.

Қосымшалар

Дайындау барысында қолданылған құжаттар

Қаржылық мәселелерді білікті түрде шешу – кәсіпкер үшін ең жауапты мәселелердің бірі. Кәсіпкер қызметінің пайдалылығы, істің табыстылығы біршама дәрежеде соған байланысты болады.

Нарықтық экономикада кәсіпорын егерде өз қызметін нақты және айқын түрде жоспарлап отырмаса, нарықтық мақсаттарды, ондағы бәсекелестердің жағдайын ескермесе өзінің мүмкіндіктері мен болашағы туралы ақпаратты тұрақты жинап отырмаса, онда ол тұрақты табысқа жете алмайды.

Осылайша, бизнес – жоспар тек кәсіпорынның ішкі құжаты болып табылмайды, сонымен қатар ол инвесторларды тарту үшін қолданылуы мүмкін Қандай да бір капиталмен тәуекелге бармай тұрып, инвесторлар жобаның мұқият зерттелгендігіне және талқыланғандығына көз жеткізіп оның тиімдлігі туралы ақпараттандырылуы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет