Негізгі әдебиет 1. [9-17].
Қосымша әдебиет 6. [44-54].
Бақылау сұрақтары:
1. Интеграциялану дәрежесі деген не?
2. Микропроцессордың және микропроцессорлық жүйенің қандай айырмашылығы бар?
3. Жадының қандай түрлері болады?
4. Қандай құрылғылар енгізу-шығару құрылғылар деп аталады?
5. Шиналардың қандай түрлерін білесіз?
№2 дәріс конспектісі. Тақырып: Есептеу жүйелері және арифметика. Ондық жүеден түрлендіру. Ондық жүйеге түрлендіру. Кодтар. Коррекция.
Есептеу жүйелері және арифметика.
Екілік есептеу жүйелерінің және осы жүйемен тығыз байланыстағы басқа да жүйелердің ерекшеліктерін қарастырамыз. Ондық есептеу жүйесі негізі бойынша позициялық есептеу жүйесінің бір түрі болып табылады. Бұл жүйелерде әртүрлі белгілердің ақырғы жиынтығы пайдаланылады. Әрбір белгі сан деп аталады және қандай да бір сандық мөлшерін көрсетеді. Әртүрлі белгілер жиынтығы – негізі деп аталады. Қандай да бір жеке белгілерге сәйкес келетін үлкен мәндер үшін сандар қатар-қатар жазылып сандық мән құрайды.
Мысалы: 536.410 – ондық саны
5*102+3*101+6*100+4*10-1
полиномның қысқартылған белгілеу типі деп есептейміз, яғни позициялық есептеу жүйесінде қандай бір негіз бойынша N-санның
полиномдық белгілену түрі деп есептеуге болады.
осы жалпы түрінде - сан, - аралығында жатқан n – позициялық немесе бөліп тұратын нүкте сол жағындағы сандық жиыны. m – нүкте оң жағындағы сандар жиыны. b – есептеу жиынының негізі.
Негізі
|
Сандық белгілер
|
2 (екілік)
3 (үштік)
8 (сегіздік)
10 (ондық)
16 (он алтылық)
|
0,1
0,1,2
0...7
0...9
0...9,A,B,C,D,E,F
|
Осы атап өткен жүйенің үшеуін қарастырамыз (2, 8, 16 жүйелер). Мысалдары:
1011.1012
372.468
665F.7B316
Екілік жүйеде 0 және 1 санды бит деп атайды. Бұл binary digits – екілік сандар – бит қысқартылған түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |