Ќазаќстан республикасыныѕ єылым жјне білім министрлігі



бет4/14
Дата18.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#69511
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
7 ИМСТлекции каз

Негізгі әдебиет 1. [53-77].

Қосымша әдебиет 2. [49-55].

Бақылау сұрақтары:

1. Булев алгебрасының теоремалары.

2. Карно картасы.

3. Минималды қосынды.

4. Минималды көбейтінді.

5. Минималды қосындының минималды көбейтіндімен қандай байланысы бар?


4 дәрістің конспектісі. Тақырып: Логикалық элементтер.

Логикалық элементтер.

















Логикалық элементтердің негізгі көрсеткіштері.

Логикалық элементтердің негізгі көрсеткіштеріне оның функционалдық мүмкіндіктері, шапшаңдығы, пайдаланылатын қуаты, бөгеуге орнықтылық жатады.

1. Логикалық элемент функционалдық мүмкіндіктері тармақталу коэффициентімен n шығысындағы және кірісіндегі m біріктіру коэффициентімен анықталады.

а) логикалық элементтердің тармақталу коэффициенті n дегеніміз оның шығысына қосылатын сәйкес элементтердің кіріс саны.

б) біріктіру коэффициенті m дегеніміз элементтердің кіріс саны басқа сөзбен айтқанда n коэффициенті микросхеманың жүктеме мүмкіндігін анықтайды.

Қазіргі микросхемаларда n=4÷10, ал буферлік күшейткіштерді қолдану арқылы n=20÷50 дейін, m=2÷6 дейін, ал логикалық кеңейткіштерді қолдану арқылы m=10 тең және одан да жоғары.

2. Шапшаңдығы – ол логикалық элементтердің сигнал өзгерістеріне реакциясы. Шапшаңдық көрсеткіші – логикалық элемент арқылы өтетін сигналдың кешігу орташа уақыты.





- 0 күйінен 1-ге ауысу уақыты;

- 1 күйінен 0-ге ауысу уақыты.

1. Өте жоғары шапшаңдық: мкс

2. Келесі шапшаңдық: мкс

3. Орташа шапшаңдық: мкс

4. Төмен шапшаңдық: мкс

3. Пайдалану қуаты: 250мВт÷1мкВт. Өте жоғары қуат пайдаланушы тізбектер өте жоғары шапшаңдыққа ие.

4. Бөгеуге орнықтылық – логикалық элемент кернеудің әсерінен болатын өзгерістерді қабылдамау мүмкіндігі бөгеуіл сигналдар статикалық және импульстік болып екіге бөлінеді.

Кедергілер:

1. Статикалық

2. Импульстік

Сондықтан статикалық кедергіге тұрақтылығы логикалық элементтің кірісіне беріліп оның алдамды жұмыс істеп кетуін тудырмайтын Un.стат кедергісінің максимал кернеуімен сипатталады.

Импульсті кедергіге тұрақтылық көлемі импульс түрі мен ұзақтылығына тәуелді болатын Uим импульс кернеуімен сипатталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет