Ќазаќстан Республикасыныѕі білім жјне єылым министрлігі



бет45/120
Дата05.02.2022
өлшемі1,61 Mb.
#22181
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   120
XV – ші апта
15 кредит сағат
15 дәріс
Тақырыбы: Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының түрлері
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата – аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады.
Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әртүрлі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру ланерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балаладың мүмкіншіліктерін кеңейтеді.
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:

  1. Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға оқушыларды көбірек тарту.

  2. Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындығын жоғарылатуға көмектесу, уақыттарын пайдалы өткізуді ұйымдастыру.

  3. Дене мәдениеті саласының әрбір бөлңмдеріне көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қалыптастыру.

  4. Нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына дағдыландыру.

Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп, жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінің жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар құрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.
15 практикалық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет