Қазақстан тарихы (он бес дәріс) Қарағанды 2010



бет12/16
Дата31.03.2020
өлшемі394,19 Kb.
#61111
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Қазақстан тарихы база


2. Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925-1933 жылдары Қазақ

өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф.И. Голощекиннің

есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан

лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген

идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол

жағдайда ол И.В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы

бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И.В. Сталин қысқа әрі мейлінше

айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен

осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден-бір дұрыс саясат

деп ойлаймын. И.В. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол

ашылды.

Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркәсібін



ұсақ және орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету. Голощекин

бұл идеясын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік партия

конференциясында нақтылады. Саяси бюро мүшелігіне кандидат А.А.

Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты

қолдайтындығын мәлімдеді.

Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан»

бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды. Оның бағыты:

1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату.

2. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.

Қазақстанда индустрияландыру жолдары туралы пікір сайыс барысында

кереғар көзқарастар қалыптасты: Біреулер «түйеден социализмге» өту

мүмкін емес, далада фабрикалар мен заводтар салу шамадан тыс нәрсе»

болып табылады, «ұлттық өзіндік ерекшелікті» жояды деп пайымдады, енді

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

басқа біреулер «қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді», қазақтармен

«өнеркәсіп – қаржы жоспарын орындай алмайсың» және т. б. деп санады.

Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру

барысындағы ұсыныс – пікірлері ескерілмеді. С. Садуақасов пен Ж.

Мыңбаевтің өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта

қарау қажеттігі туралы айтқандары «ұлтшылдық көрініс» деп бағаланды.

Өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес

келетін индустрияландыру қарқыны туралы ескертпелер «ұлыдержавалық

шовинизм көрінісі» деп есептелді. Сөйтіп, теориядағы субективизм мен

практикадағы әміршіл – ырықсыз әдістер республиканың социализмге бет

алуының балама жолын зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарды.

Жаңа экономикалық саясаты республикада дәйекті түрде жүзеге асыру

өзінің игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды.

Өндірістік кооперацияның негізгі үш түрі болды:

1. Коммуна - өндірісті қоғамдастыру.

2. Артель – жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық

машиналарын, құрал – саймандарды біріктіру.

3. ТОЗ – жер бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік.

Шаруалар ұжымдастыру түрлерін таңдағанда негізінен ТОЗ-ды қалады.

1927 жылғы қазанның 1 – іне қарай Қазақ КСР – інде кооперация шаруа

қожалықтарының 23,1% -ін қамтыды. Сол уақытқа қарай 1074 тұтыну

қоғамы жұмыс істеді, оның 312 – і ауылдарда болды, қазақ даласының

жекелеген түпкірлерінде 140 факторий құрылды. Қазақ шаруалары 1072

ұжымдық шаруашылықта, соның ішінде 101 коммунада, 17 артельде, жерді

бірлесіп өңдейтін 294 серіктестікте (ТОЗ-да) ынтымақтастық пен өзара көмек

мектебінен өтті.

Жаңа экономикалық саясат негізінде республикадағы мал саны артты:

1929 жылы 10,5 млн. – ға жетті. Ауыл мен қыстақтарда орташалар

шаруашылықтары көбейіп, орташалардың кедейлермен одағы нығая түсті.

Патриархат көшпелі халықтың мәдениеті артты. Алайда бұл ұзаққа созылған

жоқ. Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф.И. Голощекин

«ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын

таңдап алды. Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы

жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың

иелігіндегі 1,3 млн. га шабындық және 1,25 млн. га егістік жерді тартып

алды.


Индустрияландыру бағыты азық-түлік қорлары проблемасын күн

тәртібіне қойды. 1928 жылы қаржы мен жұмыс күшін ауылшаруашылығын

өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыру процесі басталды. «Барлық

формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұжымдастыру

бағытына көшіру көзделді.

1928 жылғы қаңтар - ақпан айларында И. Сталин Сібірге сапарға шықты.

Осы жылы 3 ақпанда болған Омбы округтік комитетінің мәжілісінде астық

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин

ауыл мен қоныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаға тартылды.

1928 жылғы 1 қазан – 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы – 277 шаруа атылды.

1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай

феодалдарды кәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды.

Декретте бай-феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен

ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657

бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық

құралдары – 877 колхозға, 24. 491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді.

Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды:

1. Орташалар байлар қатарына жатқызылды.

2. Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы

шаруашылықтары әдейі біріктірілді.

3. Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар

да тәркіленді.

Сөйтіп, бай-кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты

болғандар да енгізілді. Ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыру

(коллективизация) бағыты көзделіп, бай-кулактары тап ретінде жою міндеті

алға қойылды.

Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932

жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз

құрылысының негізгі формасы – ауылшаруашылық артелі, ал мал

шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі

серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап

республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС-тер

құрылып жатты. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі

шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.

Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен

қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар»

жіберілді. Олар Ресейден колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін

орнықтырды.

Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға

мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте –

бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.

Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер:

1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді.

2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.

3. Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.

4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық

объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.

Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3

күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы

ауданында – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жәнібек ауданында – 95 %

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі

үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың

2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 – інде 56,4 % - і, ал

1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды.

Азық-түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы

«Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді. 1931–1932 жж.

Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % - ын мемлекетке етке өткізілді.

173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай

ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды.

Торғайлықтар «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді.

Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан-ақ

барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, тұрып жатқан

жерінен басқа ауданға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту

сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге

айналды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай-кулактар»

қатарына жатқызылып, қатал жазаланды. 1929 жылы 56,498 шаруа жауапқа

тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жылы 5500 отбасы жер аударылды. 1929

– 1933 жылдары ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9805

іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3386 адам, 3-10 жылға

концентрациялық лагерьге қамауға – 13151 адамға үкім шығарды.

1930 жылы 30 мамырда республика үкіметі жаңа лагерьлер

ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін

пайдалануға 110000 га жер бөлді. Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде

мал күтімінің кемдігінен, жем – шөптің жетіспеуінен мал қырылды. Осы

жылдары өлкенің Одақ бойынша товарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 %-

тен 3 %-ке кеміді.

Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-1932 жылдары

аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87 %-і,

жекешелердің 51,8 %-і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында –

40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды.

Бұл жағдай Қазақстанда аштық қасіретін туғызды:

1. 1930 жылы – 313 мың адам;

2. 1931 жылы – 755 мың адам;

3. 1932 жылы – 769 мың адам қайтыс болды.

4. 1930 – 1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе

халықтың 40 % - і жаппай қырылды.

1932 жылы шілде айында аштық апаты мен себептері туралы

Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» - Ғ. Мүсірепов, М. Ғатуллин,

М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев жазды.

Онда көтерілген мәселелер:

1. Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар

байлар жағына шығуда.

2. Байлар малды қырып тастауға тырысуда.

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

3. «Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда.

4. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.

1933 жылы наурыз айында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі

төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов Сталинге хат жазды. Азаматтық ерлігі

жоғары және принципшіл адал Т. Рысқұлов өлкеде етек алған қасірет туралы

шындықты ашып көрсетуден тайсақтамады. «Сізден осы жазбамен танысып

шығып, бұл іске араласуды және сол арқылы аштан өлуге душар болған

көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалуды өтінемін» деп жазды. Одан әрі

хатта көрсетілген деректер бойынша: Қазақ жерінде көршілес өлкелерге

көшушілер саны артуда; Орта Волгада – 40 мың; Қырғыз жерінде – 100 мың;

Батыс Сібірде – 40 мың; Орта Азияда – 30 мың; Қарақалпақ жерінде – 70 мың

қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс

Қытайға дейін барған. Бұл «аш адамдардың тамақ іздеп босуы».

Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады.

Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді. Ақтөбе облысында

1930 жылы – 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы – 725800 адамға кеміген

(71 %). Жаппай ұжымдастыру, аштық әсері халықтың көбін көшіп кетуге

мәжбүр етті. 1930 жылғы қаңтар – 1931 жылғы маусым аралығы – 1 млн. 10

мың адам (281230 шаруа қожалығы). Қытай, Иран, Ауған жеріне көшті.

Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды.

Аштық зардаптары:

1. 1930 – 1933 жылдары аштықтан 6,2 млн. адамның 2,1 миллионы өлді.

2. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана

қалпына келді.

3. Зұлмат ауқымның зор болғаны сонша, 1930-1932 жылдардағы аштық

тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.

1929-1931 жылдары Қазақстан жерінде шаруалардың ұжымдастыру

саясатына қарсы ұйымдастырылған қарулы қозғалыс болды. Семей округі -

халық наразылығының ірі ошағы болды. 1930 жылғы ақпан-мамыр

аралығында Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонайха, Қатонқарағай

аудандарында толқулар болып өтті.

Батпаққара көтерілісі бандиттік – басмашы қозғалысының көрінісі деп

бағаланды. Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстанның 5000 шаруалары

біріккен Қарақұм аймағы – көтерілісшілер – заңсыз тәркіленген шаруаларды

айдаудан босату және мал – мүлкін қайтару, дін бостандығы, шаруаларға

үдемелі табыс салығын салу, еріктілік ұстанымын сақтау, дербес ауылдар

ұйымдастыруға мүмкіндік сияқты талаптар қойды.

Қарақұм көтерілісі Орынбордағы 8 – дивизия күшімен талқандалып, 75

адамды атуға, 172 адамды 2-10 жылға соттауға, көбін Шығыс Сібірге жер

аударуға үкім шығарды.

Созақ көтерілісі табандылығымен және шебер ұйымдастырылуымен

ерекшеленді (басшысы Жақыпов). Көтерілісшілер Созақ ауданының

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

орталығын алып, аудан басшыларын өлтірді. Көтеріліс Орта Азия әскери

округі бөлімдерінің күшімен жанышталды.

Күштеу әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз,

Балқаш, Қастек, Қордай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау ауданының

шаруалары көтеріліске шықты.

Жазалау шараларының салдары:

1. 1929-1931 жылдары 5551 адам жауапқа тартылып, 883 – і атылды.

2. Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды.

Коммунистік партия (XX ВКП(б) Орталық Комитеті 1932 ж. 17

қыркүйек – «Қазақстан ауылшаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы

туралы» арнаулы қаулы алды. Онда колхоз құрылысында болған асыра

сілтеушілік қатты айыпталды. Ф.И. Голощекин. І. Құрамысов қызметтерінен

босатылды, кеш болса да, ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға

кірісті.

1. Күшпен жасалған «жасанды колхоздар» таратылды.

2. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер

ұйымдастырылды.

3. Күштеп қоғамдастырылған мал – мүліктер иелеріне қайтарылды.

4. Отырықшы аудандарға Кеңес үкіметі 2 млн. пұт астық және 30 млн.

сом ақша бөлінді.

5. 1935 жылдан ауыл шаруашылық артелінің жаңа үлгісі бекітіліп,

жүзеге асырыла бастады.

6. Малсыз шаруашылықтарына мал алуына көмек көрсетілді.

7. Совхоздардың біраз малы колхозшылардың жеке пайдалануына

берілді.


8. Ф.И. Голощекин қызметінен (1933 ж.) босатылды.

Қолданылған шаралар нәтижесінде 2-бесжылдық жылдарында колхоз,

совхоздар нығая түсті. Республика егістіктерінде техника көбейді. Бірінші

бесжылдықта – 9 мың трактор, екінші бесжылдықта – 24 мың трактор, 8 мың

комбайн жұмыс істеді. Екінші бесжылдық соңында (1933-1937 жж.) – 200-ге

жуық совхоз құрылды. Екінші бесжылдық соңында – отырықшы аудандарға

40 млн. сом қаржы бөлінді.

Жалпы, феодалдақ қалдықтарды жою тұрғысынан ауылшаруашылығын

ұжымдастыру ісіне оң баға берілсе, көшпенді халық мүддесінің ескерілмеуі

ірі апаттарға әкелді.



3. 30-жылдары КСРО-да социалистік қатынастар орнығып болды.

Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс – құрал жабдықтарына қоғамдық

меншік орнап, шаруалар жерден шеттетіліп жатты. 1936 жылы КСРО

Конституциясы қабылданды. Бұл Конституция әміршіл-әкімшіл жүйені

нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке

адамның құқығы ескерілмеді. Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия)

басталды. Балама пікір айтқан адам халық жауы қатарына жатқызылды.

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

Одақтың ішкі істер халық комиссариаты құрамында жазалау шараларын

қолдану: жер аудару, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, ату жазасы, КСРО –

дан тыс жерлерге қудалау үшін ерекше комиссия құрылды. Қазақстанда ең

алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының

қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары: Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов,

Ж. Аймауытов, Ж. Досмұхамедов және тағы басқалары ұшырады.

Жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті

ұйымдастырушы–нұсқаушылық бөлімнің меңгерушісі Н.И. Ежов зор «үлес

қосты». Атап айтсақ, 1927-1929 жылдары мемлекет қайраткерлері Т.

Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, М. Мырзағалиев республикадан

аластатылды. Ж. Мыңбаев – Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің

төрағасы қызметінен, С. Садуақасов – Ағарту Халық комиссары

қызметінен, Ж. Сұлтанбеков – жер ісінің Халық Комиссары қызметінен

алынды.


1937-1938 жылдары террор жаппай сипат алды. Осы жылдары

репрессияға ұшырағандар:

- Кеңес үкіметін орнатуға ат салысқандар: С. Арғыншаев,

Т. Рысқұлов, С. Шәріпов, Ә. Әйтиев, Н. Төреқұлов, Б. Алманов, С. Мендешев

, А. Асылбеков.

- Партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері: О. Жандосов, Т. Жүргенов,

К. Тәштитов, Н. Нұрмақов, А. Досов, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов.

- Революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер:

Т. Әлиев, С. Жақыпов.

- Қазақ әдебиеті мен ғылымының белгілі өкілдері: І. Жансүгіров,

Б. Майлин, С. Аспандиаров, К. Жұбанов, М. Төлепов.

- Орталықтан Қазақстанға жіберілген қызметкерлері: Л.И. Мирзоян,

К.М. Рафальский, В.Н. Андроников. Бұлардың барлығы «халық жауы»

ретінде жендеттердің қолынан жазықсыз қаза тапты.

Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер

пайда болды. Олар: Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг,

ЧСИР – Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған

лагерь. Кейіннен ол «Алжир» - халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері.

«Алжирде» репрессия құрбандарының әйелдері, аналары, қыздары азап

шекті. Қарағанды жеріндегі Осакаров ауданында орналасқан 25 поселок –

обсервацияда Ресейден «халық жауы» ретінде жазалағандар

орналастырылды.

1937 жылғы қыркүйек, қазанда Қиыр Шығыстан 110 мың корейлер,

Әзірбайжан мен Армениядан 2 мың 400 отбасы жер аударылып Оңтүстік

Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына қоныстандырылды.

30-40 жылдар мен 50-жылдарда контреволюциялық қылмыскерлер

туралы істерді негізінен сот органдары емес, ОГПУ алқасы «Үштіктер»,

ерекше кеңестер шешті.

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

101 мың Қазақстандық ГУЛАГ–қа жабылып, 27 мыңы атылды. Қазір де

сол «халық жауларының» 40 мыңы ақталды.

Сталиншілдіктің басты қылмысы: 1) әміршіл - әкімшіл жүйені қолдану,

2) лагерьлер жүйесін құру, 3) халықтарды күштеп көшіру, 4) азаматтардың

құқықтары мен бостандықтарын бұзу (31 мамыр – Ұлттық қаза күні болып

белгіленді).

1936 жылғы желтоқсанның 5–інде КСРО Кеңестерінің Төтенше VIII

съезі Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі заңын – КСРО Конституциясын

қабылдады. Он бір Одақтас Республикасының Социалистік Федерациясы

құрамына автономиялы республикадан одақтас республика етіп қайта

құрылған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы да енді.

1937 жылдың наурыз айында Қазақстан Кеңестерінің Төтенше X съезі

қабылдаған Конституциясында - Республикасының саяси негізі – еңбекшілер

депутаттарының Кеңестері:

- Республиканың экономикалық негізі – социалистік шаруашылық

жүйесі және өндіріс құралдары мен құрал-жабдықтарына социалистік меншік

деп атап өтілді.

Қазақ КСР-і КСРО құрамына ерікті негізде енді және мемлекеттік,

экономикалық, мәдени құрылыс міндеттерін шешуде барлық құқықтарға ие

болды. Қазақстан жалпыодақтық еңбек бөлісінде өз орнын алды.

1937 жылғы желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңестің сайлауы өткізілді.

Оған республикадан 44 депутат сайланды. 1938 жылғы маусым - Қазақ КСР

Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Оған барлығы 300 депутат сайланды:

112-сі жұмысшы; 116-сы колхозшы; 152-сі қазақ; 60-сы әйел, оның 27-сі

қазақ әйелі. 1938 жылғы 15 шілде - Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің бірінші

сессиясы болып, оны Ж. Жабаев ашты. 1939 жылғы желтоқсан – жергілікті

Кеңестерінің сайлауы өткізіліп, оған 48762 депутат сайланды.

20-30 жылдар кезеңінің қорытындысы, тиімді жағы:

1. Қазақ халқының саяси теңдікке территориялық автономия құқығына

қолы жетті.

2. Индустриясы жедел дамыды.

3. Мәдениет, білім беру саласында табыстарға қол жетті.

Тиімсіз жағы:

1. Экономика мен мәдениет саласында қол жеткен табыстар тым

қымбатқа түсті.

2. Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты.

3. Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ

қоршауында қалды.

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)



11-тақырып. Қазақстан 1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде

1. Фашистік Германияның СССР-ге шабуылы. Соғыстың басталуы,

оның сипаты.

2. Қазақстанның адам және экономикалық ресурстарын жұмылдыру.

3. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында.

СӨЖ тапсырмалары:

1. ҚазКСР-дың соғысқа дейінгі дамуына сипаттама беру.

2. Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы орны мен рөлін

айқындау.



1. Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған

келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс

жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай

басталды.

Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап

алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін

қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.

1940 жылдың орта кезеңінде-ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі

СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық

жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік

Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс

теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың

басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3-4 ай), «қауырт соғыс» идеясы

бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.

«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның

басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз

бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп

қарастырды. «Ресейдің кең-байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі

біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке

бөлінудің кез-келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс».

Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық

астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде

қуыршақ мемлекет құруды көздеді. Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер

жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер

КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты

рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен

Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта

Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер

Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті.

Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра

білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті

Мәншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да,

апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке

өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті.

Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6

бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар

бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік

Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар

дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М.В. Панфилов болды. Армия

қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір

бесінші адам майданға аттанды.

Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР-нен 700 мыңнан астам

адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер

даярлап шығарды. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан

астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан

Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И.Н. Кожедуб үш мәртебе

Кеңес Одағының Батыры атағын алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет