2. Кез-келген өмір сияқты, адамның тіршілік етуінің өзі де уақытта
өтеді. Мысалы: балалық-ересектік-жасөспірімдік-кәмелеттік-қарттық-өлім –
осы фазалардың барлығының өзінің уақыттық өлшемдері бар. Уақыт -
барлық тіршілік ету, өзгеру және даму процестері сипаттамаларының
құрама бөлігі, бірақ онымен сәйкес келмейді. Уақыт ештеңе өндірмейді,
бірақ барлық қатынастар уақыт аралығында болады. Тарихи уақыт
салыстырмалы. Ол баяу немесе қарқынды болуы мүмкін. Өйткені уақыт
болмыс түрі сияқты, тіршіліктің ұзақтығын және кез-келген жүйелерде
күйлердің ауысу тізбектілігін білдіреді. Сондықтан бір күні басталып
туындағаны мен бір күні аяқталатыны сияқты, сол немесе өзге тарихи
құбылыстың уақыттық қасиеттерін анықтау үшін, тарихи ғылым кезеңге
бөлу мәселесіне жүгінеді. Оның сипаттамасында тарихи процестің бір
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
бағыттылығын ғана емес, сонымен бірге, тұтас алғанда тарих барысының ірі
жалпылануын байқауға болады.
Отандық ғылымда Қазақстан тарихын кезеңге бөлу ылғи да өзекті
мәселелердің бірі, оның шешілуі сол сәтте болған ғылыми жетістіктерге
байланысты болды. Кезеңдестіру тарихи процесті реттеуге, жүйелендіруге
ұмтылды. Оның шешіміне қоғамның қаңқасын салу; тұтас тұжырымдама
құру; тарихтың барысын жалпылап қорыту; тарихи процестің ерекше
критерилерін айқындау байланысты болды. Тарихи ғылым дамуының қазіргі
замандағы деңгейі Қазақстанның жалпы тарихын кезеңге бөлуді анықтауды
ғана емес, сонымен бірге, амалды (тәсілді) таңдауды, кезеңге бөлу туралы
зерттелетін мәселені әзірлеуге бастама салуды талап етеді.
3. Отандық тарихтың көптеген өте маңызды проблемаларын табысты
зерттеу деректану жағдайына тікелей байланысты болады: археологиялық,
этнографиялық, антропология, лингвистика деректері, ауызша (фольклор)
және жазбаша деректер. Сонымен бірге, пәнаралас деректерінің жиынтығын
жұмылдыру кешенді амалдардың бірі болып табылады.
Тарихи деректердің негізгі міндеті – тарихи деректердің пайда болу
заңдылықтарын және олардың шындыққа қатынасын зерттеу. Деректану
тарихи зерттеу тәжірибесі барысында пайда болды. Алғашқы жазба деректер
тек нақты тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде пайдаланып,
зерттелді. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа
деректердің біртіндеп енуіне байланысты бір тарихи оқиғаның, құбылыстың
не процестің әр түрлі дәрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дәрежеде
бейнелейтіні көріне бастады. Сондықтан, ол деректерді зерттеу, бір-бірімен
салыстыру, сол арқылы шындықты іздеу қажеттілігі пайда болды. Ұзақ
жылдағы зерттеу тәжірибесі барысында қолданылған әр түрлі тәсілдер
негізінде деректерді зерттеу әдістемесі қалыптасты.
Ежелгі кезеңдегі Қазақстан тарихын (тас дәуірі) зерделеуде жазба
ескерткіштердің жоқтығынан жалғыз және басты дерек - археология және
антропология деректері болып табылады.
Алғашқы жазба дректеріне «Авестада» - зороастрий қасиетті кітаптар
жинағында кездеседі. Бұл кітапта арийлер, турлар, сақтар, аргипейлер,
исседондар, аримаспалар туралы мәлімет береді. Келесі жазба деректеріне
«Гилгамеш туралы жыр» (б.д.д. XXIV ғасыр), Бехистун жазбасында (б.д. д.
552-486 жж.), антикалық тарихшылардың Геродоттың, Страбонның,
Птоломейдің еңбектерінде, Қытай тарихшылары Чжань Цянь (б.д.д. II
ғасыр), Сыма Цянь (б.д. д. 145-86 жж.), Бань Гу (б.д. I ғасыр).
Ежелгі мәтінге Ыстық қорғанынан табылған «Күміс тостаған» жатады.
Онда 26 таңбадан тұратын жазу бар. Бір ғалымдардың пікірі бойынша жазу
түркі жазуының руно алфавитімен орындалған, басқалары «белгісіз» хат
пікірін ұстанады.
Сақ дастандарына: «Алып Ер Тоңға» немесе Фирдоуси нұсқасы
бойынша «Афрасиаб» деп атайды және «Шу» дастаны жатады; Ғұндарға -
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
«Оғыз-қаған», «Аттила», «Көк бөрі» және «Ергенекөн», Түрік Қағанаты
дәуірінде - «Күлтегін», «Тоныкөк» және «Белгі қаған» сияқты туындылар
жарық көрді.
Скандинавия және Оңтүстік Германия әдебиеттерінің ескерткіштерінен
де маңызды нақтылы мәліметтер жинауға болады, онда («Нибелунгтар
туралы әннен») басты кейіпкер ғұндардың көшбасшысы Аттиланың (Еділ,
Атли, Этцель) өмір баяны суреттелген. Аттила бейнесіне XVIII ғ. француз
драматургы Пьер Корнель «Ғұндар патшасы Аттила», XVIII-XIX ғғ. неміс
драматургы Вернер Цахарияс «Аттила», XIX ғ. ағылшын ақыны Герберт
«Аттила және оның ұрпақтары», итальяндық сазгер Джузеппе Верди
«Аттила» операсын жазған, ал француз суретшісі Делакруа бір аттас
картина салған.
Орта ғасыр кезеңінің Отандық тарихы бойынша маңызды нақтылы
деректер араб, парсы және еуропалық жазушы-географтардың,
саяхатшылар мен тарихшылардың: Ибн әл Факихтің (X ғ. басы), Ибн
Батуттың (XIV ғ.), Ибн Хордадбектің (820-912), Тамин Ибн Бахтың (IX ғ.),
Қазақстанға XIII ғ. келген Плано Карпинидің, Гильома Рубруктың, Марко
Полоның еңбектерінде келтірілген.
VI-ХІV ғғ. Түрік деректерінің стилі бойынша әр түрлі: эпитафия-
жазбалар, тарихи-көркем, шаруашылық-тұрмыстық, діни және заңды
мәтіндер. «Бітік», «Кодекс», «Диван», «Күлтегін» сөздері қолжазбаны
білдірді. Олардың құнды жазба әдебиетіне ХІІІ ғ. жазылған, «Куманикус
кодексі» (Қыпшақтардың құт ісі) сөздігі, оғыз-қыпшақ үстеуінде латын
алфавитімен жазылған, онда қыпшақтың күнтізбелік және фольклорлық
материалдары, латын-парсы-қыпшақ және қыпшақ-неміс-латын сөздіктері
бар.
Х-ХІІ ғасырлар түркі мәдениетінің гүлдену уақыты, оның «Алтын
ғасыры» болып табылады. Тура осы кезеңде (авторлары араб, парсы және
түркі тілдерін пайдаланған) энциклопедист-ғалымдар Әл-Фарабидің, Әбу
Райхан Бирунидің, Авиценнаның, Омар Хайямның, Жүсіп Баласағұнның,
Қожа Ахмет Яссауидің, Махмұд Қашқаридің өлмес шығармалары жазылды.
Қазақтың тарихшыларына Мұхаммед Қайдар Дулатиді (1500-1551)
«Тарих және Рашиди», Ибн Рузбиханды (XVI ғ. басы) «Бұқарлық қонақтың
жазбалары», Өтеміс Қажының (XVI ғ. бірінші жартысы) «Шыңғыс наме»,
XVI ғ. белгісіз автордың «Шейбани наме», Әбілғазы ханның «Түріктердің
шежіре бұтағы» (XVII ғ. бірінші жартысы), Қадырғалы Жалайырдың (XVII
ғ. басы) «Жылнамалар жинағы» жатқызамыз.
Қазақстан тарихын зерделеуге орыс ғалымдары: Н.Я. Бичурин (1777-
1853) «Ежелгі уақытта Орта Азияда мекендеген халықтар туралы
мәліметтер жинағы», А.И. Левшин (1799-1879) «Қырғыз-қазақ немесе
қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамалары», В.З.
Вельяминов-Зернов (1830-1904) «Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи
мәліметтер», В.В. Бартольд (1869-1930) «Жетісу тарихының очерктері»,
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
«Түркістан тарихы», сондай-ақ, бүгінгі күні де өздерінің маңыздылығын
жоғалтпаған, В.Н. Татищев, Г.Ф. Миллер, П.И. Рычков, Т.Ю. Клапрот,
В.В. Радлов, Ф.Э. Фишер, К. Риттер, Н.А. Аристов және А.Н. Харузин үлес
қосты.
Отандық тарихтың мұрасына: Ш. Уәлиханов (1835-1865) «Абылай»,
«Қырғыз шежіресі», «Алтышар жағдайы туралы», «Даладағы мұсылмандық
туралы»; Ә. Бөкейханов (1866-1937) «Қазіргі мемлекеттердегі ұлттық
қозғалыс түрлері», «Кенесары Қасымов сұлтанның тарихқа арналған
материалдары» және т.б.; Ш. Құдайбердиевтің (1858-1931) «Шежіре»;
М. Тынышпаев (1879-1937) «Қырғыз-қазақ халқының тарихына арналған
материалдар» бай ғылыми мұра енгізді.
Қазіргі замандағы әлемдік тарихнаманы да Қазақстан тарихы
қызықтырады. Осы мәселе бойынша зерттеулер нәтижелері зерделеу
орталықтары Францияда, Германияда, АҚШ-та, Англияда, Түркияда,
Финляндияда және көптеген басқа шетелдерде бар.
Тарихи деректанудың жалпы тарих ғылымындағы алатын орнын
анықтау үшін оның қосымша тарихи пәндер мен басқа да тарихи
зерттеулердің арақатынасына зер салу керек. Тарихи деректерді зерттеумен
көптеген қосалқы пәндердің айналысатыны белгілі. Олардың жалпы саны 30-
дан асады:
- эпиграфика – тастағы, металдағы, сүйектердегі, ағаштардағы
жазбалар;
- нумизматика – теңгелердегі жазулар;
- сфрагистика – мөрелердегі жазулар;
- геральдика – ел таңбаларындағы жазулар;
- полиграфия – жазу материалдары мен құралдарын, жазу
ерекшеліктерін зерттеу;
- папирология – папирустардағы жазуларды зерттеу;
- текстология - әдеби ескерткіштердегі текстер тарихын зерттеу;
- дипломатика – заң актілерін зерттеу;
- хронология – тарихи оқиғалардың дәл уақытын анықтау;
- метрология - өлшем жүйесін тарихи дамуында зерттеу;
- тарихи география - өткеннің географиялық тарихын зерттеу;
- генеалогия – адамзаттың, жеке адамдардың шығу тегін зерттеу, т.б.
Сонымен, қазіргі деректануда екі проблемалар кешені қаралады:
1. Теориялық-әдіснамалық мәселелер:
- тарихи шындықтың дерекке енуі және бейнеленуі;
- тарихи деректің әлеуметтік табиғаты, ондағы субъективтіліктің
арақатынасы;
- тарихи деректерді жіктеу;
- деректердің ғылыми құндылығын пысықтау принциптері мен
тәсілдері.
2. Нақты-қолтаңбалық мәселелер:
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
- деректердің нақты түрлері мен типтеріне шолу жасау;
- нақты ескерткіштерге деректанулық талдау жасау;
- деректерден алынған мәліметтерді нақты тарихи міндеттерді
пайдалану тәсілдері.
Қазақстан тарихының деректану курсының мәселелері мен құрылымы
оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар:
- ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және
әдіснамалық саласынан білім беру;
- пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы
ақпарат беру;
- тарихи зерттеудің жалпы қажеттілігінен шыға отырып, олармен
жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.
Қорытынды ретінде сөздің барысы - теориялық-әдіснамалық,
ақпараттық және әдістемелік мәселелер бір-бірімен тығыз байланыста
қаралады. Әдістемелік мәселелерді ашу деректерге шолу жасаумен қатар
жүргізіледі, бұл жағдайда басты назар, негізінен, деректер жеткізген фактілер
мазмұнына емес, әр түрлі деректердің ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге
бөлінеді.
2-тақырып. Қазақстанның ежелгі тарихы. Қазақстан
территориясындағы ерте дәуір (1 cағат)
1. Палеолит (ерте тас ғасыры), мезолит (орта тас ғасыры), неолит (жаңа
тас ғасыры), энеолит (мысты тас ғасыры).
2. Қола дәуірі (б.з.д. XVIII-IX ғғ.).
3. Ерте мемлекеттік құрылымдар.
СӨЖ тапсырмалары:
1. Тас дәуірінің археологиялық кезеңдері бойынша кесте құру.
2. Тас дәуіріндегі тұрақтардың орны туралы конспект жасау.
3. Қазақстан аумағындағы қола дәуіріндегі материалдық мәдениеті
туралы конспект жасау.
4. «Қазақстан аумағындағы өндірістік шаруашылықтың тууы»
тақырыбына реферат дайындау.
1. Тас дәуірі – адамның және адам болмысының қалыптасу кезеңі,
дұрысын айтқанда, антропосоциогенез дәуірі деп айтады. Адамның пайда
болу мәселелерін зерттеу орасан көптеген теориялар туғызды, олардың
ішінен екі негізгі концепцияны жеке қарастыруға болады – діни және
ғылыми.
Адамдардың еңбек құралдарына байланысты археологиялық топшылау
бойынша тарихты үш үлкен дәуірге бөледі және оны шартты түрде
«ғасырлар деп атайды. Олар: тас (III млн. – б.д.д. III мыңжылдық), қола
(б.д.д. III мыңжылдық __________– б.д.д. VIII-VII ғғ.), темір ғасырлары. Тас ғасыры өз
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
кезегінде ерте тас ғасыры (палеолит), орта тас ғасыры (мезолит), жаңа тас
ғасыры (неолит) және өтпелі кезең мысты тас ғасырына (энеолит) бөлінеді.
Әзірше бізге белгілі археологиялық мәлімет бойынша адамдар Қазақстан
аумағын шамамен миллион жыл бұрын мекендей бастады. Бүкіл тас ғасыры
бойы климаттық жағдайлар күрт өзгеріп тұрды. Соған орай адамдардың іс-
әрекеті бейімделу қарқынында жүрді деуге болады.
Біздің елімізде палеолиттік мәдениеттің екі таралу аймағын бөліп
көрсетуге болады: Сарыарқа мен Қаратау жотасы (Бөріқазған, Тәңірқазған,
Қазанғап және т.б.). Еңбек құралдары негізінен түрлі формадағы дөрекі және
үлкен шапқылар (бифастар – екі жақты, унифастар - бір) болды. Біртіндеп
анағұрлым кішірек және едәуір жақсы өңделген микролиттерге көшу
байқалды. Палеолит пен мезолит кезеңінің шаруашылығында аңшылық пен
терімшілік басты рөл атқарды. Аң аулаудың тәсілдері әртүрлі болды. Аң
аулау құралдарының дамуына ірі жануарлардың жойылуы үлкен серпіліс
берді. Қолайлы жерлерде алғашқы адамдар сүйектен жасалған үшкір сүңгір
(гарпун) мен қарапайым ілмектер (күршіктер) көмегімен балық аулаумен
айналысты.
Әрбір тас ғасыры (жекеленген кезеңдері) өзіне тән ерекшелігімен және
қасиетімен сипатталады. Еңбекке қаулысы бар көне адамды хомо хабилис –
епті адам деп атады, ол «олдувай» кезең .ні . адамы. Келесі«ашель»
мәдениетінің адамы (б.д.д. 800-140 мыңжылдық) эволюция деңгейінде «хомо
еректус» - тік жүретін адам қалпында болды, ол отты пайдаланып аңшылық
пен терімшілікпен айналысты. Орта тас дәуірі еңбек құралдарын өңдеудегі
техникалық серпілісі байқалады, соған орай тас құралдарының ұлғаюы
көрініс тапты. Бұл адам отты алудың бірнеше тәсілін білді, ағаштан және
жануарлар сүйегінен жасанды тұрғын-жайлар – жер үстіндегі кепелер мен
жертөлелерді де құра білді және жыныстық жас мөлшеріне негізделген
мамандану еңбек бөлінісі пайда болды. Яғни, иницияциялар деп
жасөспірімдердің ересектер қатарына өту межесін білдіретін салттардың
кешенін айтады. Кейінгі палеолит дәуірі эволюция қарқынында биологиялық
кезеңі аяқталды деуге болады, ендігі жерде оның әлеуметтік негізі бастау
алды. Адам ол кезде жердің жан-жақты климаттық зоналарға таралды, нәсіл
мен нәсілдік топтар қалыптаса бастады. «Алғашқы адамдар тобыры» немесе
«көне қауым» құрылым орнына біртіндеп қоғамдық ұйымның неғұрлым
берік формасына орын беретін тұрақты иерархиялық бірлестіктер аналық ру
келді, ол адамды «хомо сапиенс» - саналы адам матриархат заманы келді.
Рудың аса маңызды белгісі эндогамия, яғни, ру ішіндегі некелік қатынастарға
тыйым салу болды. Некенің бастапқы формасы – топтық неке, бұл кезде
рудың барлық мүшелері (жігіттері) екінші рудың мүшелерімен (қыздарымен)
некеге тұруға құқылы және тиісті болды. Біртіндеп некелік қатынастардың
дамуы жұптық некенің қалыптасуына әкелді. Сүйек иненің пайда болуына
байланысты адам ол кезде киім тіге бастады. Сондай-ақ, жан түсініктердің
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
пайда болуынан діни көзқарастың қалыптаса бастағанын байқаймыз, олар:
тотемизм, фетишизм, анимизм, магияда да көрініс тапты.
Орта тас ғасыры (мезолит) климаттағы өзгерістермен белгілі, соған
байланысты жебе мен садақ және микролиттердің – тас пластиналарды алу
тәсілі пайда болды, еңбек құралдарын даярлау техникасында өзгерістер
болды.
Жаңа тас дәуірі (неолит) ұжымдық еңбек пен өндіріс құрал-
жабдықтарына ортақ меншік үстем болған жаңа құрылымға ие болды.
Тайпалар өз атауы, территориясы, диалектикасы және өзіндік мәдени-
болмыстық ерекшелігімен бейнеленді. Адам жасанды материал – қыш
ыдыстарды даярлауды игерді. Шаруашылықтың өнімді формалары: егіншілік
пен малшылық пайда болды.
Мысты тас (энеолит) ғасыры Қазақстан территориясында жылқыны
қолға үйрету және бағу жүзеге асқан кезең (ботай мәдениеті). Ботайлықтар
Еуразия кеңістігіндегі алғашқы жылқы өсірушілер. Жайық-Ертіс арасындағы
энеолиттік қоныстардан орасан көп жылқы сүйектері табылды.
Этникалық мәселелері туралы айтсақ, сол заманда Қазақстан үнді-
еуропалық және орал-алтай қауымдастықтарының шығу аймағы болуы
мүмкін. Еуразияның барлық халықтары сол этникалық негізден шыққан.
Алғашқы жылқы өсірушілер жылқыға табыну дәстүрін және көшпелі
тұрмыстың негізін қалайтын бірқатар элементтер қалыптастырды. Олар
қазақтар үшін қасиетті «алаш» ұғымынан көрініс тапты.
2. Б.д.д. ІІІ-II мыңжылдықта Орталық Азия даласының тұрғындары
қоланы игере бастады. Қазақстанды қола дәуірінде мекен еткен тайпалардың
археологиялық ескерткіштері Андронов мәдениетіне жатады (алғашқы қазба
жұмыстары Андроново селосы жанында–Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы
іргесінде қазылып табылғандықтан, шартты түрде осылай аталып кетті).
Оның тараған аумағы Оңтүстік Сібір, Қазақстан, Орал және Орта Азия
жерлері. Ал Қазақстан территориясы Андронов мәдениетінің негізгі
орталығы болып табылады. Андронов мәдениеті Қазақстанда – Атасу,
Бұғылы, Нұртай, Беласардан; Шығыс Қазақстанда – Кіші Қойтас, Қанай,
Трушников; Солтүстік Қазақстан, Көкшетау облыстарында – Шағалы,
Степняк, Бурабай; Батыс Қазақстанда – Ұралысай т.б. жерлерден табылды.
Андронов мәдениетін зерттеген ғалымдар: А.Я. Тугаринов, С.А. Теплоухов,
М.П. Грязнов, К.В. Сальников; қазақстандық ғалымдар Ә.Х. Марғұлан,
Қ.А. Ақышев, А.Г. Максимова, С.С. Черников, А.М. Оразбаев.
Зерттеушілер Андронов мәдениетінің туындауын жергілікті энеолиттік
тайпалармен, енді біреулері Еділ бойындағы тайпалардың бері қарай
ойысуымен байланыстырады. Көптеген зерттеушілер Андронов мәдениетін
үнді-ирандық деп есептейді. Антропологиялық тұрғыда оларды еуропеоидтар
санатына жатқызады. Андроновтық тайпалар – тұрмыстық мәдени
ғұрыптары мен болмысының бірегейлігімен ерекшеленеді. Олар өзендердің
салалары мен таулардың етектерінде тіршілік етіп, мал шаруашылығы мен
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
егіншілікті жарыса дамытты, металлургияны өркендетті, әдет-ғұрыптары
ұқсас болып келді. Андронов мәдениетінің басты белгісі болып мәйітті
жерлеу кезіндегі әшекейлеу еді. Жерленген мәйіттің басын батысқа немесе
оңтүстік-батысқа қаратып өлікті бүктей жатқызып қойған. Олардың
түсінігінше: біріншіден – қабыры бар домалақ оба да әлем іспеттес болуы;
екіншіден - өліктің қабырда бүк түсіп жатуы нәрестенің жер-ана жатырында
жатқан күйі деп болжауы. Қабір іргелері ретінде тас плиталардан құралған
жәшіктер, олардың айналасына қырынан жерге қазылып қойылған тас
плиталардан қоршаулар жасалды. Мұндай қабір зираттарын қазақ арасында
«мықтың үйі» деп аталған. Кей – кездерде мәйітті өртеп жіберу тәсілін де
қолданды. Андронов мәдениетінің келесі белгісі – қыш ыдыстар жасау, олар
қалып көмегімен немесе қолдан жапсыру тәсілімен әзірленген; бұл тәсіл
бойынша әуелі ыдыстың түбі, сосын дөңгелектеп бүйірін, дөңгелек-иінін
және жоғарғы жағын орнатады. Құмыра жасауда оның түбі теп-тегіс болып
келсе, бейнеленген ою-өрнектерде геометриялық тәсілді қолдануда еді.
Андроновшылардың құмыра, көзелерін көркемдеп көрсететін ою-өрнектері
жүздеген жылдар бойы сақталған, олардың қолданған элементтерін қазақтың
қолданбалы өнерінен осы күнге дейін көруге болады. Андронов мәдениетінің
келесі ерекшелігі – арнайы әсемдендірілген металл әшекейлердің
формаларында еді, олар: алтынмен апталған дөңгелек сырғалар, спираль
тәрізді оралған білезіктер, самайға тағылатын салпыншақтар, әртүрлі
жүзіктер – зергерлік өнердің ғажайып үлгісі болып табылады.
Андронов мәдениеті үш кезеңге бөлінеді:
1. Ерте қола дәуірі б.д.д. XVIII-XVI ғғ.
2. Орта қола дәуірі б.д.д. XV-XII ғғ.
3. Кейінгі қола дәуірі б.д.д. XII-VIII ғғ.
Орталық Қазақстанда 30-дан астам қоныстар мен 150-ден астам
Андронов мәдениетінің мәйіттері табылған. Бұл өңірдің тән сипаты – оның
монументалдығы, мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты
құрылыс техникасының жетіле түскендігі. Ерте қола кезеңі – Нұра, орта қола
кезеңі – Атасу, кейінгі қола кезеңі – Бегазы-Дандыбай деген атауларға ие
болды. Солтүстік Қазақстандағы Петропавл қаласының маңындағы қоныстар
ерте қола дәуіріне тән ескерткіштерге жатады. Оның бір ерекшілігі – ежелгі
қалалардың алдын алушылар (протиптер) деп атауға келетін қоныстардың
пайда болуында еді. Солардың бірі – Челябинск облысы мен Қостанай
облысының шекарасынан орын тепкен Арқайым қаласы. Орта қола кезеңінде
үй құрылысы күрт өзгереді, қоныстардың өзіндік жоба-жоспары құрыла
бастады. Мысалы, тұрмыс кешені деп Батыс Қазақстандағы Тасты-Бұлақ
қонысын айтуға болады. Бұл жерде ондаған қорымдар мен қоныстар
табылған. Шығыс Қазақстандағы – Ертіс, Бұқтырма, Алтай және Тарбағатай
далаларында осындай ескерткіштер табылған. Оңтүстік Қазақстанда және
Жетісу өңірінде тасқа қашалған Тамғалы және Қаратау петроглифтері
шалқақтаған өнері көркемдік талғаммен, мейлінше шынайы жасалып
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
отырған. Оларда соғыс арбалары, садақ тартып тұрған адамдар, ғұрыптық
билерді орындап тұрған бишілер, барлық бейнелердің үстінен «күн басты
тіршілік иелері» тұр. Қаратаудағы – Таутары қорымы, Арал алқабындағы –
Тегіскен кесенесі – сан-салалы мәдениетті айқындайтын белгілердің бірі.
Андронов тайпалары келесі ұрпаққа негіз болатын мәдени іргетасын қалап
кетті. Ерте және орта қола кезеңінде олар отырықшы болған, аралас
шаруашылықпен шұғылданып, егін егіп, мал өсірген. Мал шаруашылығының
өнімділігін бір деңгейде сақтап, оның санын арттыру үшін мал ұстаудың
жаңа түрлері мен тәсілдері, соның ішінде жайлаулық тәсілі (жартылай
көшпелі) қалыптаса бастады. Сонымен, үй іргесіндегі тепсеңнен – жайлауға
көшу, одан көшпелі шаруашылықтың туындауы – қоғамның кәсіппен
айналысу қатынасына күрделі өзгерістер енгені айғақ болып отыр.
Келесі ерекшелігі, металды өңдеу елеулі орын ала бастады.
Зерттеушілердің пайымдауынша, кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде
болыпты. Мәселен, Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс қорытылса, ал
Өспен руднигінде 200 мың тонна кен өндірілген. Көне металлургияның
дамуына сондай-ақ, Қазақстанның жер қойнауының байлығы да ықпал етті.
Ежелгі кеншілер кенді тотықтандыру тәсілін қолдана отырып, жыныстағы
жез бен қалайының қосындысын көбейте білген. Борпас жыныста кенді
«қайлалап» өндірсе, ал қатты жыныстарға «отпен өндіру» тәсілін қолданған.
Сол сияқты, ұзын штольнялар (жасанды үңгімелер) қазған кезде оған ағаш
тіреулерді пайдаланған. Уақталған руданы арнаулы пештерде балқытқан.
Ондай пештер Атасу, Суықбұлақ, Қанай ауылының қасындағы қоныстардан
табылды. Металл балқытумен бірге олар оны шыңдау, шекімелеу, қыспалау
әдістерін білген. Қолөнершілер шаруашылыққа және тұрмысқа қажетті
құралдар: орақ, балта, қанжар, найза, жебенің ұштарын жасаған. Металл
өндірудің көлемі оларды басқа аймақтарға экспорттауға мүмкіндік берді.
Шаруашылықтың дамуы артық өнім мен айырбастың кеңеюіне және
осылайша байлықтың көбеюіне ықпал етті. Бұл қоғамның әлеуметтік
құрылымынан көрініс тапты. Қоғамда ерлер басым маңызға ие болды.
Патриархалдық отбасы үлкен рөл атқара бастады. Қалыптасып жатқан
мүліктік теңсіздіктің күшеюі, тайпа ақсүйектерінің ішінен көсемдердің
бөлініп шығу үрдістері, этномәдени бірлестіктердің қалыптасуына ұйтқы
болды. Әскери және шаруашылық қажеттілігі бойынша күрделі тайпалық
одақтар қалыптасты.
Сонымен, б.д.д. II мыңжылдықтың басында Қазақстан территориясында
мал шаруашылығын, егіншілікті және жоғары дамыған металлургияны
біріктірген өзіндік кешенді шаруашылық қалыптасты. Мәдени кешеннің
негізгі көріністері еңбек құралдары мен қару-жарақтардың сапасының күрт
жақсаруы, қола өндірісін игеру, ат әбзелдері мен жеңіл соғыс арбаларының
пайда болуы болды. Этникалық тұрғыдан, нәсілдің андрондық компоненті
Қазақстанның тарихында нәсілдік-гендік үрдісінде аса маңызды негіз болды.
Қола дәуірі мал өндірісінің шаруашылық ретіндегі даму кезеңі болып
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
табылды. Кетпенді егіншілік дамып, онда жаңа еңбек құралдары қолданыла
бастады. Б.д.д. II мыңжылдықтың орта шенінде Орталық Азияның далалық
бөлігінде бақташы тайпалар бөлініп шықты. Б.д.д. ІІ мыңжылдықтың аяғы
мен І мыңжылдықтың басында (кейінгі қола дәуір кезеңі) Қазақстанның
далалық аудандарының көпшілік халқы шаруашылықтың жаңа түрі –
көшпелі мал шаруашылығына ауысты. Тайпаның негізгі көпшілік
бұқарасынан малшылардың бөліктеніп шығуы – қоғамдық еңбектің алғашқы
ірі бөлінісі болды. Бойлық бойынша көшуге қалыптасу, өзін-өзі бағып, өз
аяғымен жүретін төрт түлікті аз күш жұмсап, мол өнім беретін шаруашылық
көзіне айналдыра білу, түптеп келгенде, салт атты көшпелілердің төлтума
таным-түсінігі мен мәдениетінің қалыптасуына, уақыт пен кеңістік туралы
дүниетанымының кеңеюіне, сөйтіп этномәдени болмысының даралауына
себепші болды. Көшпелілер сол кездегі өзінің отырықшы замандастарына
қарағанда әлеуметтік-мәдени деңгейі жөнінен әлдеқайда биік, әлдеқайда
қуатты болды.
Достарыңызбен бөлісу: |