Қазақстан тарихы (он бес дәріс) Қарағанды 2010


-тақырып. Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (ХІІІ ғ). Алтын



бет5/16
Дата31.03.2020
өлшемі394,19 Kb.
#61111
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Қазақстан тарихы база


4-тақырып. Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (ХІІІ ғ). Алтын

Орда (1243-ХV ғ. ортасы). ХІV-ХV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер (1 сағат)

1. Монғол империясының құрылуы.

2. Алтын Орданың құрылуы.

3. Ақ Орда және Көк Орда мемлекеттері.

4. Моғолстан (ХІV ғ. ортасы - ХVІ ғ. басы). Көшпелі өзбектер мемлекеті

(1428-1468). Ноғай Ордасы (ХІV ғ. cоңы-ХV ғ.). Сібір хандығы (ХV ғ. соңы-

ХVІ ғ.).

СӨЖ тапсырмалары:

1. С.Г. Кляшторный, Т.И. Султанов. «Казахстан: летопись трех

тысячелетии» кітабы бойынша Алтын Орда империясының сол қанатының

хандарының шарықтауы туралы конспект құрау.

2. Моғолстан мен Ноғай Ордасының тарихы туралы конспект жасау.

3. Е. Кычановтың «Жизнь Темуджина думавшего покорить мир»

жұмысының монголтанудағы орнын анықтау.

1. ХІІІ ғасырдың басында әлемді орасан ұлы оқиғалар шын мәнінде

қатты толқытты. Византия латындықтардан босатылды (1261 ж.

латындықтардың Константинопольден аластатылуы) және өз ғасырын 1453

ж. дейін жасарын жасап, асарын асады. Славян тайпаларының күші

негізделген Ежелгі Русь қауымдық-рулық тұрмыстың қалдықтарын

жоғалтты. «Русь» деген этникалық тұтастығы уделдердің вотчинаға

айналған князьдіктердің ұсақталуымен бірге жоғалды. Кертартпа және кез-

келген өзгеріске қастықпен қараған көшпелі түркілер бір «полицентр»

төңірегінде тіршілігін жалғастырып жатты. Көп деңгейлі даму мен

элементтердің алуан түрлілігі кез-келген жүйенің тұрақтылығының міндетті

шарттары болып табылады. Осыдан, полиэтникалылық және көп деңгейлі

сипат түрік әлемінің суперэтникалық тұтастығын бұзбай, керісінше

нығайтты. Бірақ, ХІІІ ғасырдың басына қарай бәрі өзгереді. ХІІ-ХІІІ

ғасырлардың аралығында Монғолиядағы объективті үрдістер түркілердің

тағдырына әсер етті: біріншіден, этностың емес, Ұлы Даладағы

мемлекеттердің саяси ыдырау жолағы басталады; екіншіден, Еуразия

кеңістігінде Ашындардың билеуші әулеті Шыңғысшылардың әулетімен

ауыстырылады.

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

1196-1205 жж. кампания нәтижесінде Темучин Монғол далаларының

барлық басты тайпаларын (керейттерді, меркіттерді, наймандарды және т.б.)

өз билігіне біріктірді. 1206 ж. көктемде құрылтай өтті – Темучин

монғолдардың жоғарғы әміршісі болып жарияланды.

Ат тұяғы жетер жердің бәрін өзіне қаратуды алға қойған Шыңғысхан



жарты әлемді өзіне қаратпақ болды. Көздеген жоспарын жүзеге асыру үшін

әрқилы тәсілдерді, соның ішінде елшілік құралдарын да барынша қолданды.

1219-1224 жылдардағы монғол шапқыншылығы нәтижесінде Қиыр

Шығыс, Алдыңғы Азия және Шығыс Еуропаның көптеген халықтары

мемлекеттерін біріктірген империя құрылды. Осылайша қазіргі Қазақстан

мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді.

ХІІІ-ХV ғасырларда Ұлы Даланың тарихи шеңберінде бірнеше мемлекет

пайда болады. Олар алғашында Шыңғысханның орталықтандырылған

билігіне бағынады, кейіннен ол өлген соң тәуелсіз мемлекеттерге айналады,

олар Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстан және т.б. Осы ұлан-байтақ

жерлерді Шыңғысхан төрт ұлына үлестірген болатын. ХІІІ ғасырдың 60-шы

жылдарының аяғына қарай Монғол империясы төрт ұлыс-мемлекетке

ыдырады, олардың әрқайсысын хандар – Шыңғысханның ұрпақтары

биледі. Олар:

1. Алтын Орда, шығыста – Ертістен бастап батыста – Дунайға дейін

және барлық орыс князьдіктері. Бұл мемлекетті Шыңғысханның үлкен ұлы -

Жошының (1227 ж. өлген) ұрпақтары биледі, оның әулеті Ұлы Далада және

шектес аймақтарда жоғарғы билікті өте ұзақ уақыт бойы – ХІХ ғасырдың

ортасына дейін сақтады.

2. Шағатай __________мемлекеті - Мавераннахр, Жетісу және Қашқариядан

құралды, оның әулеті ХVІІ ғасырға дейін тіршілік етті.

3. Хулагуидтар мемлекеті - Иранда Шыңғысханның төртінші ұлы

Тулуйдың ұлы Хулагу ханмен (1265 ж. өлген) құрылған. Хулагу әулеті

сондай-ақ «Елхан» титулын иеленді, сондықтан Иранның монғолдық

билеушілерін Елхандар деп жиі атайды. Елхандар мемлекеті ХІV ғасырдың

ортасында ыдырады.

4. Орталығы Ханбалықта (Пекин) болған Монғолия мен Қытайдың

өзіндегі мемлекетті Тулуйдың (1233 ж. өлген) ұрпақтарының басқа тармағы

– Құбылай (1294 ж. өлген) биледі. Бұл мемлекет Юань империясы деген

қытайдың ресми атын алды. Тулуйдың ұрпақтары Монғолияның өзінде ХVІІ

ғ. дейін билігін сақтады, ал Қытайда олардың орнына Мин әулеті келгенде,

олар 1368 ж. дейін ғана биледі.



2. Аталған төрт монғол мемлекетінен Алтын Орданың маңызы бізге

ерекше. Тарихи деректерде оның әртүрлі атаулары бар: Жошы Ұлысы,

Дешті-Қыпшақ, Берке елі, Солтүстік Патшалық. Орыс деректерінде ол

Алтын Орда атауымен белгілі. Ш. Уәлихановтың айтуы бойынша: «Барлық

жарлықтарда Алтын Орда Ұлық Ұлыс деп аталады және түркі тарихшылары

мен халық аңыздарында... ешқашан Орда деп аталмаған». Алтын Орданың

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

құрамына Шығыс Дешті-Қыпшақ __________(Ертіс өзенінен батысқа қарай Еділдің

сағаларына дейін Қазақстанның далалық аймағы), Батыс Сібір, Хорезм

және Солтүстік Кавказ, еділдік Бұлғар, Қырым жерлері кіреді. Орыс

княздіктері Алтын Орданың тәуелді еліне айналды, олар хандардан «княздік

құруға жарлық» алып, алым-салық төлеп отырды.

Алтын Орданың іргесін қаламай тұрып Батый - ағасы Орда Еженге

Қазақстанның басым бөлігін, бұрынғы Шығыс Дешті Қыпшақ (қазіргі

Оңтүстік, Орталық, ішінара Солтүстік-Шығыс Қазақстан) жерін бөліп береді.

Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі

Шайбанға берді. Ол Көк Орда деп аталды. Ақ Орда ханы Орда Ежен

жасының үлкендігіне қарамастан әкесінің тағын інісі Батуға береді. Өтеміс

қажы осы оқиғаға байланысты былай деп айтып еді: «Менің сенен жасымның

үлкендігі рас. Бірақ біздің марқұм әкеміз сені өте қатты сүйіп, еркелетіп

өсірді. Мен де сені еркелеттім, саған бағындым. Егер де мен хан болсам,

саған бағына алмаймын. Біздің арамызда реніш туады. Сондықтан, сен хан

бол. Мен сенің хандығыңды көтере аламын»,-депті.

Алтын Орда көпұлтты және әрдеңгейлі шаруашылығы бар мемлекеттік

құрылым еді. Мемлекет Жошы ұрпағынан шыққан шыңғыздықтардың

меншігі болып саналды. Мемлекеттік мәселелерді шешуде құрылтай

шақырылып отырды. Елшілік жүйесін беклербек басқарды. Атқарушы үкімет

- диуан басында уәзір тұрды. Даруғалар мен басқақтар алым-салық жинау

міндетін атқарды. Ноян, баһадүрлар әскербасы–түмендер, мыңбасы, жүзбасы

болып тағайындалды. Басқару мен иемденудің ұлыстық жүйесі құрылды.

Шыңғыздықтардың барлығы да ұлыс алуға хұқы болды. Шыңғыздықтардың

басқа өкілдері ханға қызмет атқарғаны үшін ұлыс алатын. Бірте-бірте

иммунитетті хұққа – тархандық пайда болды. Жер-суды мұралық тарту

ретінде иелік сипаты сойұрғал қалыптасты.

Алтын Орда дәуірінде Ұлы дала экономикасы жаңа сипатта гүлдене

бастады. Сауда және халықаралық қатынастарының орталығына айналды.

Қытай деректерінде былай деп жазылған: «Шынғыс хан Шығыс пен Батысты

байланыстыратын шекараларда өз мүддесін жүргізді, қамалдар мен

бастиондарды жермен-жексен етті. Осыдан кейін ғана экономикалық және

мәдени қатынастар жақсарып, Шығыс пен Батыстың гүлдену кезеңі

басталды». Ислам дінінің таралуымен қалаларда мешіттердің, кесенелердің

өсуі көрінеді. Қазақстандағы исламды таратуда, қолдауда Яссауи сопылық

ордені әсіресе белсенді болды. Бұл мектептің діни-мистикалық идеялары

«Диуани-Хикмет» кітабында көрсетілген. Кейін Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

қазақтың ұлттық пантеонына айналды.

1359 жылы Бердібек хан өлгеннен кейін Алтын Орданы билейтін Жошы

әулетінің Батый тармағынан өрбіген өкіл қалмады. Алтын Ордада қат-қабат

қайшылықтар мен тартыстар басталды. Күрес барысында Ақ Орданың

сұлтандары Орда Еженнің әулеттері қатысты. Саяси дағдарыс нәтижесінде

тәуелсіз иеліктер құрыла бастады. Алтын Орданы қайтадан біріктіру

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

ниетімен бастаған Орыс ханның (1361-1380) мақсатын Тоқтамыс іске

асырды, бірақ өзінің бұрын болған қолқанаты (протеже) Әмір Темірмен

абайсыздағы соғыс 1395 жылғы жеңіліспен аяқталады. ХV ғасырдың басында

Алтын Орданы біріктіруші ниеттегілер болса да, Тоқтамыс секілді осы

аймақта билігін мойындайтын билеуші әулет табылмады. ХV ғасырдың 20-30

жылдары Алтын Орда мемлекеті ыдырап, соның негізінде бірнеше жаңа

түрік мемлекеттері құрыла бастады, олар: Қырым, Астрахан, Қазан, Сібір,

Қазақ және т.б. саяси бірлестіктер – Еділ мен Дон арасында құрылған Үлкен

Орда және орталығы Жайықтың төменгі ағысындағы Ноғай Ордасы.

Жоғарыда келтірілген саяси бірлестіктердің тарихи тағдыры кейін

Ресеймен тығыз байланысты болады. ХV ғасырдың екінші жартысында Ресей

- түрік-монғол әсерінен шығып, ХVІ ғасырда орталығы Мәскеу болған

қуатты мемлекетке айналады. Алтынордалық саяси мұрагерлермен болған

Ресейдің өзара байланысы, ақыр аяғында олардың барлығы Ресей

мемлекетінің құрамына ілігеді. 1552 жылы Мәскеуге Қазан хандығы, 1556

жылы Астрахан хандығы, 1598 жылы Сібір хандығы енеді. ХVІІ ғасырдың

басында Ноғай Ордасы күйрейді. Қырым хандығы 1783 жылы Ресейге

қосылса да, Қазақ хандығына байланысты кіріптарлық ХVІІІ ғасырдың 30

жылдарынан басталып - ХІХ ғасырдың 60 жылдары аяқталады. Сөйтіп, ХVІ

ғасырдың екінші жартысынан көрініс тапқан көпұлтты ресейлік дәуір

басталады, Еуразиялық кеңістік интеграциясында болған түрік-монғол (VIXV

ғғ.) орнына орыс-түрік (XVI-XX ғғ.) кезеңі келеді.

3. Кейбір араб және парсы тілдес жылнамаларында «Ақ Орда» сөзі ХІІІ

ғасырдың орта кезінде кездеседі. Ақ Орда – монғол шапқыншылығынан

кейінгі Шығыс Дешті Қыпшақтағы алғашқы мемлекет. Билеуші әулет Жошы

ханның үлкен ұлы Орда Еженнен тарайды. Олар мынадай тәртіппен билік

жүргізген: Орда Ежен, Сартақтай, Қойыншы, Баян, Саты Бұқа, Ерзен,

Мүбәрәк, Сымтай, Орыс хан, Құйрышық және Барақ. Мүбәрәк ханнан (1320-

1344) бастап Ақ Орда Алтын Ордадан толықтай тәуелсіздігін алып, Шығыс

Дешті Қыпшақтағы қуатты саяси күшке айналады. Оның территориясы

әуелгі кезде Ертіс өңірі мен солтүстік Жетісудан Ұлытау мен Кентауға дейін

созылып жатқан болатын. ХІV ғасырда Шағатай мен Моғолстан құрамында

болған Жетісудан басқа Қазақстанның күллі жері, яғни Сырдарияның төменгі

ағысы мен Арал өңірі бойында орналасқан Жошы ұлы Шайбанның ұлысы да

Ақ Орданың Орда Ежен әулеттерінің билігінде болды. Астанасы Алакөлден

Сығнақ қаласына көшірілді. Барақ хан (1423-1428) өлген соң Ақ Ордадағы

билік Жошы ұлы Шайбан ұрпақтарына көшеді. Шайбандықтар әулетінің

бірінші ханы Әбілхайыр (1428-1468) мемлекетіне қазіргі Қазақстанның

Сырдарияның төменгі және ортанғы ағысының оң жағалауын қоса

есептегенде Ертістен Еділге дейінгі аймақ енді. Мемлекетін кеңейту

мақсатымен жасаған жорықтардың нәтижесінде Түмен қаласын, Хорезмді,

Астраханды, Қаратау алабы мен Сырдария бойындағы Созақ, Сығнақ,

Аққорған, Үзкент қалаларын қосып алады. Араб және парсы деректерінде

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

Әбілхайыр хандығының тұрғындарын «өзбектер» деп, ал мемлекетін

«Көшпелі өзбектер мемлекеті» деп атады. Іштен туған саяси ыдырау - Барақ

ханның кіші ұлы Жәнібек пен Орыс ханның шөбересі Керей сұлтандардың

басшылығымен тайпалардың бір бөлігі Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Шу

өзенінің төменгі ағысы мен Қозыбасы маңына көшіп кетеді. Осы кезден

бастап Қазақстанның кейінгі тарихында маңызды рөл атқарған осы оқиғаны

мамандар, көшпелі өзбектер мемлекетіндегі билікке қол жеткізу жолындағы

«өзінше стратегиялық шегініс» деп санайды. Қазақ хандығы құрылғаннан

кейін Әбілхайырдан тараған Шайбан әулетінің қазіргі Қазақстан

аумағындағы билігі күйреп, Мәуреннахрдағы әлсіреген Темір мемлекетін

жаулап алады. Ақыр аяғында, Шайбандар сол жерде өз билігін орнатады.

Сөйтіп, Қазақстан үрдісіндегі бұдан кейінгі және күні бүгінге дейінгі

оқиғалар әлемдік өркениеті тарихында геосаяси мәнге ие, әрі онымен

дәйекті байланыста өтіп отырады.

4. Алтын Орданың ыдыраған кезінде ХV ғасырдың ортасында пайда

болған Ноғай Ордасы Қазақстанның батыс бөлігін алып жатқан болатын.

Оның негізгі аймағы Еділ мен Жайық алқабында мекендеген ірі тайпалардың

бірі «Маңғыт жұрты» атауымен белгілі болатын. Ноғай Ордасының

оңашалануы Алтын Ордада билік құрған әмір Едігеге (1396-1411)

байланысты. Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында Ноғай Ордасы

бөлініп, дербес саяси бірлестігін құрды. Оның аумағы саяси жағдайға

байланысты өзгеріп отырды. ХVІ ғасырға қарай деректерде «ноғай»,

«ноғайлы» термині пайда болған және көрші елдерге де осы атпен мәлім

болды. Монғол-қыпшақ тегінен шыққан ноғайлар ХІІІ ғасырдағы

тайпалармен байланысты, сол кезде олар алтынордалық Ноғай түменнің

әскери қүрамында болатын. Саяси және экономикалық билік іс жүзінде

маңғыт әмірлерінің – Едіге ұрпақтарының қолында болды. Маңғыттардан

басқа Ноғай Ордасының құрамында қазақ халқының қалыптасу процесіндегі

тайпалар да қатысты.

ХІV ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы екі иелікке – шығысында

Моғолстан, батысындағы Мәуреннахрда Әмір Темір мемлекеті құрылады.

Әмір Темірдің әлемдік империяны құру барысындағы ұмтылысы кедергі

болған құдіретті Алтын Орданы күйрету еді. Бұл жоспарды жүзеге асырмақ

бұрын көрші елдерді, соның ішінде Ақ Орда мен Моғолстанды бағындыру

болатын. Осы мақсатта ол Тоқтамысты пайдаланды. Әмір Темірдің

көмегімен Ақ Орданы бағындырған Тоқтамыс, 1380 жылы Алтын Орда



тағына байланысты тартыста оны сақтап қалып біріктіріп алады. 1380-1395

жылдары Ақ Орда мен Алтын Ордаға хан болып күшейген Тоқтамыс, Әмір

Темірге қарсы шығады. Бірақ 1395 жылғы Әмір Темірдің жорығынан

жеңілген Тоқтамыс, Сібірге қашып кетеді. Оны Сібір ханы Шәдібек 1406

жылы өлтіреді. Сонымен, Әмір Темірдің басқыншылық соғыстары Ақ

Орданы, әсіресе Алтын Орданы әлсіреткен оқиғалар Еуразия тарихында жаңа

саяси бірлестіктердің құрылуына себепші болды.

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

Моғолстандағы Шағатай ұрпағының Тоғлық Темірді (1347) хан тағына

отырғызған дулат тайпасының әмірі Болатша, Моғол билеушілер әулетінің

негізін салады. Оның территориясы өзгеріп отырса да, негізгі жері – Іле өңірі,

Жетісу және қазіргі Қырғыстан өлкесі еді. Моғолстан қазақ хандығының

құрылуына территориялық тірек пен саяси негіз болды. Жетісуда қазақ

хандығы құрылған соң көп ұзамай Моғолстан Жетісу өңіріндегі билігінен

айырылады. Жетісудың түрік және түріктенген тайпалары Қазақ хандығының

құрамына бірігіп, ұйтқысы болған Ұлы жүз этникалық процесінде қазақ

халқының негізін қалады.

5-тақырып. Қазақ халқының құралуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ

жүздері. ХV-ХVІ ғғ. қазақ хандығы (1 сағат)

1. Қазақ халқының құралуының тарихи алғышарттары. «Қазақ» термині

тарихи жазба деректерде.

2. Жүздік жүйенің құрылуы.

3. Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ хандығының күшеюі.

СӨЖ тапсырмалары:

1. М. Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» кітабы бойынша эссе құру.

2. Т. Сұлтановтың «Поднятые на белой кошме» кітабы бойынша

Жәнібек пен Керейдің шежіресін құру.



1. Қазақ халқының шыққан тегі туралы мәселенің көптеген аспектілері

ішінен лингвистикалық және антропологиялық тәсілдері айрықша орын

алады. Себебі, Орталық Азия кеңістігінде айтылып отырған осы екі үрдістің

екеуі де қатар түрде дамыды деуде негіз бар. Ежелгі уақытта

мекендеушілердің етене негізі - қазіргілердің генетикалық тегі мен жігіне

сәйкес келеді. Осыған сауал ретінде Л.Н. Гумилевтың пікірін келтірейік:

«Көшпелілер тарихты бізге ұқсамайтын...рудың шыққан тегінің шежіресі

тәрізденіп...эталоны өлі ата-бабасы болған жолмен қабылдаған»,-дейді. Осы

дәйек шынайы түрде көрініс тауып отыр. Мәселен, арий мен сақ дәстүрлерін

бүгінгі күні қазақтың салт-дәстүрлері мен ырымдарынан байқауға болады.

Келесі бір жерінде Л.Н. Гумилев: «этникалық атаудың екі мағынасы болады:

этникалық топтың тікелей өз аты және белгілі бір мәдени немесе саяси

кешенді құрайтын тайпалар тобының жинақталған аты»,-деді. Рашид ад-дин

мұны да атап өткен болатын: «Әрқайсысының дербес аты болса да

монғолдардың даңқын өздеріне телігісі келіп, өздерін моңғолдар деп атаған

наймандар, жалайырлар, керейттер, тағы басқа тайпалар сияқты , көптеген

рулар ұлылық пен қадір-қасиет іздеп, өздерін татарлар тегіне жатқызып,

солардың атымен белгілі болған»,-дейді. Сонда - Арий, Сақ, Үйсін, Қаңлы,

Ғұн, Түрік, Монғол, Қазақ аттары дәуірдің саяси құбылыстарына

байланысты болған жинақталған атау десек, шыққан тегі бір болған

«ырыздық жанталасы» кезінде жалғыз халықтың басынан кешірген әрқилы

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

оқиғалардың қорыту түзетулері дейміз. «Осы сөздің жаны бар» дегендей, жан

ағарту бағытын ілгеріден бастайық.

Адамның жаратылысы жайлы бірнеше ілімнің бар екендігі баршаға

мәлім, олар: космологиялық, діни, ғылыми және т.б. Әрқайсысына

тоқталмай, діни ілімін талдап көрелік. Адам-ата мен Хауа-ана мың жасап,

400 үрім-бұтақ таратыпты. Көне кездегі «топан судан» аман қалған «Үлкен

көш» - Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауында паналапты. Адамзаттың

қайта туу дәуірін өрістетіп, тірі қалған Сам мен Шам ұрпағынан Ірфихшид,

Халиғ, Ірғон, Асух, Ахур, Саурух, Ярух және Ибраһим тарайды. Адам-ата

мен Хауа-ана тұрған баққа тағзым еткен Ибраһим пайғамбардан төрт ұл:

Смағил кіндігі – арабтар, Хайдар кіндігі – еуропалықтар, Хамид кіндігі – ұлы

моғолдар, Соломон кіндігі – еврейлер тарайды. Соломонның Меңсұлу

қызымен шаңырақ көтерген Әннес Хамидұлы сахабадан үш қыз және бір ұл

Мұңлығұл тарайды. Мұңлығұл атамыздың бес әйелінен тараған 92 баулы

еліміз осы. Халқымыздың шежіресінен айтылатын «бесенеден белгілі» дейтін

танымдылығы содан. Құнанбай Өскенбайұлы қажылық жолында жүргенде,

кімсің сұрағына: «Біз қазақпыз, кәззап атанған Әннес сахабаның нәсіліміз.

Құдай жолы құлымыз, Мұхаммед үмбетіміз. Құлшылық парызымызды

өтейік. Қағбаға тағзым етіп, бір Жаратушыға жүгінушіміз»,-деп жауап

беріпті. Сондағы қазіргі қазақ хандығы атанған 6000 жылдық тарихы бар

хандықтар күйреп, қайта құрылған хандық жұрнағы.

Қазақ елінің тегін «Алаш» сөзі мен «Шумер» өркениетімен

байланыстырған О. Сүлейменов лингвистикалық тәсілді қолдана отырып

дәлелдеген еді, осы шеруді Қорқыт атаның толғауынан байқауға болады:

«Сыбай ұлы жалғызбын, Тауға біткен жалбызбын, Мені де баурай күнатып,

Алты Алаштың Қорқытымын». Тарих әдебиетінде Алаш сөзі жайлы

қозғалған мәселелер көп болса да, соның дәйектісі жылқы жануарын қолға

үйрету мен көшпелі тұрмыстың негізін қалайтын бірқатар элементтерге

байланысты. Олар қазақтар үшін қасиетті «алаш» ұғымынан көрініс табады.

М.Ж. Көпеев қазақ халқының пайда болуын аты аңызға айналған

қазақтардың алғашқы ұрпағы - Алаша ханмен байланыстырады. Ол: «Алаша

хан үш жүз жігіт пен он үш дана ақсақалды бастап, Ұлытау жазығында Қазақ

мемлекетін кұрды. Жүздердің қолбасшылары Үйсін, Арғын және Алшын

батырлар Алаша ханды ақ киізге салып, Ұлытау шыңына көтеріпті»,- деп,

шежіресін қорытады. Қазіргі уақытта алаш ұғымы елдік және ұлттық

бірліктің негізі ретінде қолданылған ұран екені белгілі. Мифологиялық

қанатты аттың бейнесі – «алаша» бастау алса, «алаша аттан» - төрткүл

дүниені дүр сілкіндірген көшпеліліктің ұраны шығады.

Қорытынды сөз ретінде айтсақ, қазақ елінің шыққан тегін «қазақ»

атауынан іздеген шолақтыққа жатады. Өзіндік мәдениет құрған көшпелі

өркениеті тектік жағдайын «халық», «ұлт» жүйесінде емес, ата-бабалық

негізден іздейтін. Этногенетикалық үрдістің басы - алғашқы қауым дәуірінен

басталады. Орталық Азия көлемінде болған этникалық үрдіс түрлі саяси

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

қауымдастықтарды дамытты. Соның алғашқысы болған андронов мәдениеті



номада негізін қалады. Олардың мұрагерлері болып скиф-сақ мәдени ошағы

орын басады. Үйсін, Қаңлы, Сармат, Кушан, Ғұн дәуірлері бір әулет

қоластына біріктірген, Ел жүйесіне сәйкес келетін ерте мемлекеттік

бірлестіктер мен империялық басқару жүйесінің алғы шарттарын жаратты.

Ұлы Даланың этникалық процестегі шешуші кезеңі бірінші мыңжылдықтың

орта кезіне тура келеді. Жаңа саяси-әлеуметтік (империялық) қатынастың

құрылуы - Түрік дәуірін, яғни толыққанды түріктік сана-сезімнің

қалыптасуымен аяқталады. Сапалық жағынан өзгеріс енгізген монғол дәуірі

көшпелі өркениет тарихын қанат серпінінен өткізеді, түрік елін соңғы рет

біріктірген шыңғыздықтар әулеті аса маңызды факторларға жол ашады.

Бірақ, сырттан келген саяси себеп пен іштегі тартыс түрік елінің

бөлшектеніп, дараланған мемлекеттік құрылымдардың пайда болуына

жағдай жасайды. Сөйтіп, осының салдарынан алаш арыстары «қазақ»,

«өзбек», «қырғыз», «түрікмен», «татар», «қарақалпақ» және т.б. атауларды

қабылдайды.

Сөйтіп, халық болып қалыптасу үрдісін қорытып, айтылатын түйін мына

мәндерге ие:

1. Қазақстанның ежелгі тұрғындары Еуразиялық аймақта мекен құрды.

Антропологиялық сипаты еуропа нәсілдік дала түрі болды. Тарихи

көзқараста әзірше тұрақталған лингвистикалық сипаты үндіеуропалық

үйелменің ежелгі иран тармағына кіреді. Бірақ кейінгі зерттеулер әуел бастан

тіл тармағы түркілік болды деген дәйектер көрініс тапты.

2. Ең көне өркениеттің тұрғындары кейініректегі антропологиялық

жұрттың құрылуының басты өзегі болып қала берді. Жергілікті ұрпақтың

антропологиялық негізі өткен кезеңмен генетикалық байланысы үзілмеді.

3. Тарихи даму мен жағрафиялық жағдайына байланысты біздің

заманымыздың І мыңжылдығында Шығыс пен Батыс арасындағы көпірлік

рөлі - қоныс аударулар орталығына айналдырады. Енді оның генофонына

шығыстық сипат қосыла бастайды.

4. Қазіргі қазақтарға тән кейіп ХІV-ХV ғасырларда екі нәсілдің –

тұрақты еуропаоидтық және кейін қосылған монғолоидтық нәсілдердің

далалық түрі қалыптасты.

Кез-келген этникалық үрдістегі жағдай ортақ территория мен ортақ

тілден бастау алады. Ал оның ұйтқысы – шаруашылық тәсілі. Осылардың

нәтижесі мәдениеттің негіздерін қалайды және интеграциялану (шоғырлану)

себептері өзіндік мәдениет дәрежесіне дейін көтеріледі. Жалпы ортақ

мәдениеттен өзіндік этникалық сана-сезім туындайды. Ал этникалық сана-

сезімнің нығаюы сол этностың әлеуметтік-территориялық ұйымын туғызады.

Өз кезеңінде бұл ұйым этностың тұрақты тіршілігі мен біртұтастығын

қамтамасыз етеді. Этникалық үрдіс желісінде этностың атауы қалыптасады.

Этникалық атаулардың тікелей өз аты немесе әртүрлі себептерге байланысты

жинақталған аты болады. Көшпелілердің этникалық тіршілігі мен билік

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

қатынастары – ру-тайпа төңірегінде өтеді. Оған қажетті алуан-типті күрделі

құрылымдық қатынастар қызметін бір-бірімен тығыз байланысқан (мәселен,

әлеуметтік-мәдени, шаруашылық, аймақтық, идеалдық және т.б.) «жүйелер»

(ру, арыс, ұлыс, жүз - оны шағындалған жүйелер деп те айтуға болады, ең

ірісі - ел) атқарады.

«Қазақ» атауының шығу тегі туралы мәселе ғылыми ортаны

мазалағанына біраз уақыт болды. Бірақ әлі күнге дейін бұл мәселеге ғылымда

дәл, тоқ етер жауап жоқ. Айтқандары талай пікір туғызды, айтыстар көтерді,

әрқилы жарыққа шыққан жорамал-жорулар бірауызды шешімге келетін ой-

түйіні тумай отыр. Алайда, ұлттың арғы тегі мен мән-мағынасын анықтауда

маңызды құралы ретінде тілге көңіл бөлінуі тиіс. Себебі тіл арқылы әрбір

халықтың тарихын түсінуге көмегі тиетін айғақтар баршылық.

Кейбір тарихшылар «қазақ» сөзін қазақ халқының ежелгі этникалық

атауы десе, ендігілері оны мифиялық көріністерімен байланыстырады,

келесілері «қазақ» терминінің құралуы екі сөздің «қас» және «сақ»

ұғымдардың қосылуынан болды дейді, енді біреулері «қазақ» атауының

қалыптасу негізіне «әулеттік» мағына береді, сонымен қатар, осы ұғымға

исламдық мағына беретіндер де бар.

Қытай, араб, ұрым, орыс және т.б. елдердің жылнамаларынан «қазақ»

сөзінің әртүрлі вариантта түсіндірілген сөздің бар болғанын білсек те, ол

этникалық атауды білдірген-білдірмегені ғылымға әлі құпия болып отыр.

Көне түркі тілінде жазылған құлпытастарда осы «қаз» түбірінен туындайтын

сөздер кездеседі, олар мыналар: қазғану, қазғандұқ, қазғантұқын, қазғанмасар

және қазғақ оғлұм. Осы сөздер қажырлы қайрат жұмсау, күресу, талпыну,

еркіндікке ұмтылу, ерлік істеу, табысқа қол жеткізу және мықты, берік,

жойқын, алып мағыналарында кездеседі.

Сөйтіп, «қазақ» ұғымы әртүрлі мәндерге ие болды, олар:

1. Аңыздың пайымдауынша қазақ сөзі ақ-қаздың ұғымынан шықты

дейді.


2. Қазақ сөзі түркі тілдеріне енгеннен бастап ХІІІ ғасырдың аяғына

шейін «еркін жүрген жалғыз басты» ер жігіттің ерлік қасиетіне байланысты

сөз рөлін атқарды. Соның ішінде бұл сүйікті сәбидің есімінің, жау жүрек

қолбасшының, батырлардың, құрметті лауазымының да баламасы болған.

3. ХІІІ ғасырдың аяғынан бастап, бұл сөз хан, әмір, сұлтан жеңіл

қаруланған атты жасағының атауы болады. Одан кейін Алтын Орданың

ыдырауы қарсаңында хан әскерлерінің төменгі, жеңіл қаруланған бөлігінің

атауына айналып, оның орнында құрылған ұлыстық хандықтардың

нығаюына зор тірек болса керек.

4. ХV ғасырда қалыптасу үрдісі аяқталған қазақ мемлекеті мен қазақ

халқының атауына ие болды.

5. ХV-ХVІІІ ғасырлардағы крепостнойлық езгіден қашқан орыс-украин

кедейлерінің құрған жеңіл атты жасақтарының атауына айналды.

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

Қазақтың шежірелері мен аңыздары «қазақ», «алаш», «жүз» деген

атауларды бір-бірімен байланыстырып шертеді. Осы ұғымдар көшпелі

өркениетке тән қарым-қатынастар түзеу үстінде пайда болды. Бұл арада

айтайын дегенім, қоғамдық ұйымдасуын білдіретін ру, тайпа, жүз, тағы сол

сияқты әр түрлі деңгейлер иерархиялық жүйе құрамындағы саяси құрылым,

оның көрінісі болып билік қатынастары туысқандық, ағайындық жүйелермен

бекітіледі. Сол себепті «бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы» деген

ұстаным әлеуметтік-мәдени, шаруашылық, экономикалық, экологиялық, тағы

сол сияқты күрделі жүйелердің туыстық қатынастармен өзара үйлесуін

білдіріп, жалпы тұтастықтың ұйтқысы ретінде билік қызметін атқарды.

Сондықтан қазақ, алаш, жүз сөздерінің мән-мағынасы бір-бірімен тығыз

байланыста.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет