Қазақстан тарихы (он бес дәріс) Қарағанды 2010


-тақырып. ХVІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан. Қазақстан және Ресей



бет8/16
Дата31.03.2020
өлшемі394,19 Kb.
#61111
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Қазақстан тарихы база


7-тақырып. ХVІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан. Қазақстан және Ресей

жаңа заман жағдайында. Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы

(1 сағат)

1. Қазақстанның саяси жағдайы. Жоңғар агрессиясы.

2. І Петр патшаның «Шығыс саясаты» жүйесіндегі Қазақстан.

3. Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің басталуы.



СӨЖ тапсырмалары:

1. XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың І жартысында патша үкіметінің

Қазақстанды отарлау саясатының мәнін анықтаңыз.

2. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Кіші жүздің хан өкіметінің

дағдарысқа ұшырау себептерін ашыңыз.

1. XVIII ғ. Қазақ хандығы үшін ауыр дәуірдің бірі болды. Себебі неде?

Қасым, Есім және Тәукенің еркімен және ерлігімен құрылған Қазақ

хандығының тұтастығына ешкім күмән келтірген жоқ еді. Бірақ өмірде

жетекші орын ертеңгі күнді ойлай алмайтын және ойлағысы келмейтін

тұтынушылық психологиялы адамдарға тигенде және екінші жағынан –

арыстандай көршілері аңдып, кім-кімді жеңгенін күтіп, бір-бірлеріне айдап,

тұтас жатқан елдің көркін бұзды, келбетін өзгертті. Қазақ пен жоңғар

арасындағы соғыс екеуіне де ешқандай пайда әкелген жоқ. Бір-бірін құртып,

біреудің жойылуына, біреудің өзгеге бодан болуына ғана жағдай жасады.

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

ХVІІІ ғасырдың 20-шы жылдарынан кейін Қазақ хандығында

тарихындағы ең қиын саяси жағдай орнайды. Тәуке ханның өлімінен кейін

оның еріксіз, әрекетсіз баласы Болат хандыққа сайланды. Әрине, Болат

ханның әлсіз еркі мемлекеттің ыдырауына әкеледі. Болат ханның мұндай

қылығы нәтижесіз қалмады: солтүстіктен бір уақытта сібір казактары, Еділ

қалмақтары және башқұрттар шабуыл жасады; елдің оңтүстік-батысында

орта азиялық хандықтардан да тыныштық болған жоқ. Бұл жағдайды

Жоңғар хандығы пайдаланып кетеді. Жоңғарлар (қалмықтар, ойраттар) –

батыс моңғол тайпалары (чоросстар, дербенттер, хошоуттар, торғауыттар)

ХVІ ғасырдың екінші жартысында өз одақтарын құрса, 1635 жылы Жоңғар

хандығын құрады. Шығыстағы қалыптасқан күштер қатынасы Қазақстан

пайдасына шешілген жоқ. Өйткені Қазақстан тарихындағы қайғылы оқиғалар

осылармен байланысты. Әсіресе билікке Цеван-Рабтан келгеннен кейін

жоңғарлар мен қазақтар арасындағы тайталастар үздіксіз жаулап алу

соғыстарына айналды. Осы жыл «Ақтабан шұбырынды, Алқа-көл сұлама»

атымен мәлім болды (1723-1727).

Бір жағынан қаһарлы көршілермен қоршалуы, екінші жағынан ішкі

келіспеушіліктер – Қазақстанның қоғамдық және саяси өмірінің ережелерінің

бұзылуына әкелді. «Ақтабан шұбырынды, Алқа-көл сұлама» уақытын бастан

кешірген халық басына төнген ауыртпалықты батырлар мен билер

шешпекші болды.

Ескерту. Тарихтың қиын-қыстау кезеңдерінде көшпелі халықтардың

этникалық жүйесінің ішкі құрылымы әр қашан маңызды өзгерістерге

ұшырайтын. Бірақ осындай бұзылулар кезінде ерекше әлеуметтік-саяси

байланыстар түрі ретінде туыстықтың құрылымдық бірлігі өзгеріссіз

қалады. Мұндай жағдайда ру басшылары кепілдік ретінде шығатын. Рулық

құрылымның қызмет ету механизмінің мағынасы да қиын-қыстау

кезеңдерде балама үлгі көрсететіндігінде: көшу, шапшаңдық және

тойтарыс. Бұл жоңғарлармен қақтығысу кезінде де көрініп тұр, мұнда рух

басшылары және көрсетушілері билер және батырлар болған.

Алғашқы жеңістер Бұланты өзенінің етегінде (Торғайдың оңтүстік-

шығысы) және «Қалмақ-қырылған» атымен белгілі Қара-Сиыр жерінде

болды. Шабуылдап келе жатқан үш жүздің лектері «Орда-басы» тауының

етегінде бірікті (Шымкенттің батысына қарай). Дәл осы жерде терең

күйзелістен кейін ерекше «талап қойған» (көшпелі өркениет) иелері ретінде

Ұлы Дала мүддесін қолдайтын басты саяси субъекті ретінде бірігу

қажеттілігін түсінді. Сондықтан «Ортақ іс бір-біріне деген адалдық антымен

дәріптелді» және бұл жерде «әскер басы ретінде Әбілхайыр таңдалды. Дәстүр

бойынша құрбандыққа шалынған ақ боз ат болашақ табыс кепілі ретінде

қабылданды». Қазақтардың осыдан кейінгі жеңімпаз шеруін Боролдай және

Қошқар-Ата өзендерінің басында «Үлкен Орда қонған» және «Кіші Орда

қонған» шатқалдарының атауларынан; Әбілхайыр сайының атауынан

(Әбілхайыр ханның аты бойынша) көруге болады. Ақырында «Аңырақай»

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

деген атаумен белгілі Балқаш көлінің оңтүстік-шығысында орналасқан жерде

орасан зор қанды қақтығыс орын алды. Бұл шайқаста қазақтар ең жарқын

жеңістеріне қол жеткізді, бұл жеңіс әлі де ел есінде.

1730 жылға дейін үш Жүз қазақтары іргелесіп ортақ жауға қарсы

жұмыла күресті. Әбілхайыр әскер басы болып қала берді. Дәл осы кезде

белгісіз бір оқиға сұлтандар арасына жік келтіріп, бөлінуді өрістей түсті.

Әбілхайыр басшылық еткен Кіші жүздің бір ұлысы және Сәмеке басқарған

Орта жүздің бір ұлысы майданды тастап, орыс шекарасына кетіп, сол жақта

Ресейдің қоластына кірді. Әлі де болса қаһарлы Қоңтайшы алдында қазақтың

болашақ тағдырын шешуге байлам жасалмаған еді. Бұл міндетті абыроймен

Абылай хан шешеді. Қайтыс болған Болат ханның орнына Хан сайлануы

көпшіліктің таңдауы Әбілмәмбетке түседі. Бәлкім, сұлтандар арасындағы

қайшылық осы болған шығар. Әбілхайыр және Сәмеке «істері еленбеген»

деп сезініп, Ресейге көшіп кетіп қалады. Қазақтардың «ортақ ісі» осылайша

бұзылды.


Орыс патшасына жүгінуді Әбілхайыр мүмкін әскери-саяси одақтас

ретінде бағалады. Мәскеу үкіметі мұны өзгеше, жоғары «патша қоластына»

қабылдау туралы сұраныс деп түсінді. Келіссөз барысында орыс билеушілері

қазақ билеушілерінің (оның ішінде Азияда) Ресей қоластына кіру мәселесіне

деген көзқарастары Еуропаға қарағанда басқаша екендігін кейін түсінеді.

ХVІІІ ғасырда хан жалғыз билік иеленуші болған жоқ. Мұндай тәртіп «Жеті

Жарғының» тармақтарының бірінде бекітілген, атап айтқанда былай

делінген: «Хан барлық сұлтандар, ақсақалдар және ру басшыларымен қатар

күзде халық жағдайын талқылау үшін жиналады». Оның үстіне билеуші

ханның берген анты оның мұрагерлеріне ешқандай міндеттемелер

жүктемейді. Патшаға келгенде А.И. Тевкелев «қазақтардың көпшілігі Ресей

қоластына кіру туралы естігісі де келмеді» деп баяндады. Осыдан кейін тағы

да бірнеше орыс-қазақ кездесулері орын алады. Бірақ бірқатар себептермен

Қазақстанның Ресейге «қосылу» процесі ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарына

дейін созылады.

Данышпан мәмілегер және көршілермен қақтығысты оңтайлы жүргізген

Абылай қазақ мемлекеттілігін сақтап қалу мен оны нығайту саясатын

жүргізді. Ол, 1748 жылы Ресейдің ұсынысымен жарлыққа қол қойса да, 1756

жылы Қытайдың да жарлығында қол қойды. Осыған қарамастан Абылай

тұсында Қазақ хандығы дербестігін сақтап қалды. 1755 жылы Абылай

жоңғарларды жеңіп шығады. Сол жылы Амурсана хонтайшының

қытайлықтарға қарсы көтерілісі орын алды. Көп ойланбай, Қытай

императоры жоңғар халқын жою бұйрығымен өз әскерін жібереді. Шынында,

қытайлықтар жасы мен жынысына қарамастан 1 миллионға дейін

жоңғарларды өлтірді. Осы кезде батыстан оларға Абылай шабуыл жасады.

Амурсана Ресейге қашып, сол жерде шешектен қайтыс болады (1757).

Жоңғарларды жойғаннан кейін Абылай өз халқын шығысқа апарып, Алтай

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

тауларына және Құлжа қаласының (қазіргі Синь-Цзянь) аймағына дейінгі

ауқымды кеңістікті басып алады.



2. Қазақ Ордасы тұтас қала ма, жоқ әлде ұтыла ма, осы мәселе ғана

маңызды болған Мәскеу үшін бұл шайқастың нәтижелерін қалай қалтырап

күткендерін елестетуге болады. Өйткені Петр І өзінің шығыс саясатында

Қазақстанға үлкен мән берген: «барлық азиялық елдер мен жерлерге осы

орда кілт және қақпа; және осы себептен осы орда Ресейдің қоластында болу

керек, тек сол арқылы азиялық елдермен қатынас жасау үшін және Ресейлік

жаққа пайдалы және қабілетті өлшемдер алу үшін». Сібірді отарлау

тәжірибесі және азиялық доктрина жасалуы жалпы Ресейдің барлық кейінгі

шығыс саясатына әсерін тигізді. Дәл Қазақстанға тиісті Ресейдің азиаттық

доктринасының мағынасы мынада болды: тек Қазақстан далаларына билікті

бекіту ғана емес, орыс иелігінің шектерін Үндістанға дейін кеңейту. Ең

ақырында осылай болып шықты. Дегенмен бұл саясаттың жүзеге асырылуы

өте көп уақытты талап етті. Сондықтан Қазақстанның Ресейге «қосылуы»

Сібірдің қосылуына қарағанда басқа жолмен жүзеге асырылды. Енді тағдыр

еркімен екі әлемнің – Ресейдің отырықшы-егіншілік мәдениетінің және

Қазақстанның көшпелі өркениет әлемінің тарихи кездесуі алда тұрған. Біздің

кейінгі баяндауымызда келесі мәселе қойылады: «қосылудың» жұмбақ

мәселесіне объективтілік тұрғыдан қарау.

Көшпелі қоғам сыртқы әлемге қатысты әрқашан белсенді әрекеттестік

күшті білдірген. Тіпті «нефритті жол да» ізсіз өткен жоқ. Сібір археологтары

оның да іздерін тіркеген. Алтайдан Еуропаға апаратын жол болған (Саян

тауларының сілемдерінде осы сирек кездесетін тастың бай кен орындары

белгілі. Оның үстіне нефрит минералы түркілерде ерекше құрметке ие

болған). Бұл табылғандар өте көне заманның өзінде Шығыс пен Батыс

арасындағы өзара қатынасы мен өзара ықпал етуі бақыланатын маршруттар

(нефрит жолы) белгіленгені туралы ойлануға мәжбүр етеді.

Көшпелі өркениет үшін ат толығымен номадтың қанына сіңіп, сүйегіне

біткен және оны кеңістікке шығарған. Номадтар өздерінің «ат үсті» өмір

салтына арнайы киім жасаған – шарвар және етік. Үзеңгілері бар ер-тоқым,

етіктің өкшесі және көптеген басқа әбзелдер «атты ерттеп» әлемді игеруге

бой ұрған елдердің бірі. Географиялық ашылулар салт атты халық үшін жаңа

мүмкіндіктер мен серпіліс күшін беріп отырды. Отырықшы елдердің көшпелі

елдермен өзара әрекеттестікке түсуі әрқашан теріс жағынан көрінген жоқ.

Мұндай жағдайлар екі жаққа да әрқашан белгілі пайда әкелген.

Дегенмен бұл қатынастар (саяси жоспарда) келесі шараларды да

туындатқан, яғни бағыныштылыққа және тәуелділіктің түрлі формаларына.

Жаңа заманға дейін бұл келісімдер (отырықшы елдердің көшпенділерге

тәуелділігі) негізінен жанама басқару саясатын қолдаған. Отырықшы

қоғамдардың көшпенділерге тәуелділігінің әр түрлі формалары ХV ғасырдың

соңына дейін орын алды (1480 жылы Сарайдың күйреуіне дейін). Көшпелі

өркениет негіздерінің (империялық құрылымның) күйреуі, жаңа заман

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

дәуірінде отырықшы мемлекеттер пілтелі мылтық пен зеңбіректі ойлап

тапқанда (техникалық жоспарда) және Жібек жолы өз маңыздылығын

жоғалта бастағанда ғана (номадтар өмірін қамсыздандыру көзі ретінде)

отырықшы мемлекеттер көшпенділерден «қорғалу» жағдайын тапты. Теңіз

жолдарындағы Ұлы географиялық жаңалықтар және сауда жолдарының

ауыстырылуы керуендік саудаға соққы жасады (негізгі қорлардың бірінің

жойылуы). Осы аталғанның бәрі көшпенділерді жеңуге және бірте-бірте

өзіне қаратып бодандыққа айналдыруға жағдай жасады.

ХVІ-ХVІІ ғасырларда Мәскеу иелігінде Қазақ мемлекетін Казак Ордасы

деп атаған. ХVІІ ғасырға дейін Мәскеу мемлекетінің Қазақстанмен ортақ

шекарасы болған жоқ, ол Ноғай Ордасымен Қазан және Астрахан

хандықтарымен бөлінген болатын. Алтын Орда күресі басталды. Ең бірінші

кезекте Мәскеу мемлекеті және Қырым хандығы болған (олар өз тағдырын

Осман империясымен байланыстырған), бұларға ноғай және башқұрт

мырзалары, қазақ және сібір хандары әр түрлі дәрежеде құмар болды. ХVІ

ғасырда Мәскеу Алтын орда мұрасына деген дауды жеңе бастады. Қазан

және Астрахан әулеті арасындағы көпжылдық күрес Иван Грозныйдың

Қазанды (1552) және Астраханды (1556) жаулап алуымен аяқталды. 1598

жылы Сібір хандығы Мәскеу патшалығының құрамына енеді. Осыған ұқсас

жағдай Ноғай Ордасында да пайда болды. Билікке үміттенушілердің

ағайынды Смайыл және Жүсіп - өзара тартысында орыс ықпалын қолдаушы

Смайыл жеңді. Оның жеңісінің нәтижесінде Жүсіп қаза болып, ноғай

руларының бір бөлігі Қырым, Қазақ және Сібір хандығының шегіне көшіп

кетеді. ХVІ ғасырдың ортасына қарай Хакк-Назар хан Ноғай Ордасының

ыдырауын пайдаланып, өз билігін ноғайлар мен башқұрттарға таратып,

«қазақтар, ноғайлар, башқұрттар және қырғыздар» ханы атанған. Бірақ ХVІІ

ғасырдың басында Жайық өзенінің құйылысында қазіргі Атырау қаласынан

шамамен 60 шақырым жерде ХІІІ ғасыр басында Жошы ұрпақтары негізін

салған Сарайшық қаласы орталығы болған ноғайлықтардың саяси мағынасы

жойылады. Қақтығыстармен ойрандалған ноғай жері ноғайлықтар

топтарының және княздері жоқ орыс қаңғыбастарының паналайтын жеріне

айналды. Кейін олар патшалы Ресейдің ерекше әскери әулеті ретінде



казактар жүйесі құрылады. Жоңғар елінен қалмақтар қоныс аударып

келгенде, Ресей олармен одақтасып, солардың көмегімен Қырымды жаулап

алады. Қырымда Жошы ұлы Тоқай-Темірдің ұрпақтары Керейлер әулетінің

иелігінің аяқталуы 1783 жылға қарайды. Енді ХVІ ғасырдың екінші

жартысынан бастап Еуразия кеңістігінде ресейлік дәуір орнайды. Еуразия

кеңістігінде түркі-славян (VI-XV ғғ.) орнына – орыс-түркі (XVI-XX ғғ.) бірігу

дәуірі басталады.

ХVІ ғасырдың соңғы ширегінен бастап Ресейдің шығыс саясатында



казактар бағаланбас рөл атқарды. Тарихнамада казактардың шығу тегі мен

рөлі әр түрлі бағаланады. Орыстар үшін олар оның көмегімен Ресей

империясының кеңістікте кеңейілуі заңды деп танылған күш деп бағаланды.

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

Шынайы __________деректерге сүйене отырып, казак институтының шығу тегі түркі

негізін растайды. Әскери міндеттерді атқаратын «татарлар» деп аталған

ресейлік азаматтар болып кеткен қазандықтар, астрахандықтар және

ноғайлықтар Мәскеуге Сібірді және Қазақстанды иеленуде көмектесті.



Ескерту. Казактың өмір салтын белгілеу үшін арнайы термин

қолданылған – казачество, казакование немесе казаклык. Бірақ мұнда ол

этникалық емес, әлеуметтік процестер негізі болды. Мұнда казактардан

қалыптасқан «қоғамдар» ең бірінші кезекте өздерін еріктілер деп санады.

Казак қауымдарының этникалық құрамында «түркілер» басым болған.

Уақыт өте келе түркілер орыстанып кетеді. Сонымен, казактар – бұл

өзіндік түркі-славян-кавказдың этникалық симбиозы. Бұл тұрғыда

Ермактың казактар тобыры ерекше болған жоқ. Сонымен, казактар

қалыптасуына түрлі этникалық топтар қатысып және онда түркі

бастамасы салмақты болғанына қарамастан, дегенмен бірте-бірте ол

орыстана бастайды. Мұның себебі Ресейдің казактарды жиі қызметке

шақырғандығында. Казактардың орыстануы олардың күнделікті өмірінде

түркі мәдениетінің ауқымды қабатының сақталуына кедергі келтірген

жоқ. Көпшілік казактар үшін орыс тілімен қатар «түркі» тілі дағдылы

болған. Тіпті ХХ ғасырдың басында казактар орыс халқының бөлінбес бөлігі

және Ресей мемлекеттілігінің берік тірегі болғанның өзінде Ресей

империясының казак жасақтарындағы казактардың көпшілігі түркі

тілдерімен сөйлеген. Еске сала кететіні, ол кезде қазақ казакка «тамыр» деп

айтатын, бәлкім басқаша айтқанда «шығу тектеріміз жақын» дегенді

білдірген шығар. Бірақ олар үшін ең бастысы Ресей империясының ерекше

сословиесына тиесіліктері маңызды болған.

Қалай болғанда да «Сібірдің қосылуы» айтарлықтай дәрежеде түркі

қолдарымен орындалды және біздің ойымызша Ермак оның көрнекті дәлелі.

«Әскери міндеттегі татарлардың» еңбектерінің нәтижелерінде Ресей Азия

түкпірлерін, яғни Сібірді жемісті бағындырды. Жаңа Сібір елдерін әр сәтті

бағындырудан кейін мәскеулік приказда істеуші адамдар келіп, жаңа жердің

орыс мемлекетіне қосылатындығы туралы хабарлайтын. Осылайша Сібірдегі

қалалардың негізі салынған: 1587 жылы Тобол, 1607 жылы Енисейск, 1628

жылы Краснояр, 1632 жылы Якутск, ХVІІ ғасырдың 50-шы жылдары Амур

бассейні. 1689 жылы Ресей мен Қытай арасында «Нерчин трактаты»

жасалды. Келісім бойынша Солтүстік Азия бойынша жер бөлінуі жүзеге

асырылды.

Петр І басқаруы басталысымен-ақ Ресейдің шығыс саясатының

жобасында айтарлықтай түзетулер жүзеге асырыла бастайды. Бірақ

«Азиаттық доктрина» саясатын жүзеге асыру үшін көп уақыт қажет болды.

Сондықтан Қазақстанның Ресейге қосылуы Сібірдің қосылуына қарағанда

басқа жолмен жүргізілді.

3. ХVІІ-ХІХ ғасырлар бойында Ресей мен Қазақстанның өзара

қатынастарында эволюцияның келесі түрлері орын алды: көршілес

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

қатынастар мен әскери-саяси одақты іздеуден Қазақ жерлерінің Ресей

империясына қосылуына дейін. Қысқаша айтқанда, ХІХ ғасырда екі дүниенің

бір державаға бірігуі Ресей державасының геосаяси бағыттылығын

бейнелейді. Ресей Қазақ даласын Шығыста өз сауда-экономикалық және

саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін маңызды стратегиялық плацдарм

ретінде көздеді.

Қазақ жүздерінің Ресейдің қоластына кіру уақытын екі негізгі кезеңге

бөлуге болады: І – жанама қосылу кезеңі (1731 – ХІХ ғ. 20-шы ж.); ІІ – нақты

қосылу және отаршылдық бағыну кезеңі (ХІХ ғ. 30-60-шы жылдары). Бірінші

кезеңде орыс үкіметі протекторат институтын қолданды, яғни Қазақстан,

әскери бекіністер желісімен қоршалғанына қарамастан, Ресей империясының

шегінен тыс, тәуелсіз болып қала берді.

ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап, Қазақ даласын бағындыру

және оның Ресейге қосылуына бағытталған белсенді шаралар қолданыла

бастады. Ресейдің Қазақстанға тиісті саясатының бағдарын өзгертуіне орта

азиялық фактор әсер етті (Англияның және Ресейдің мүдделерінің

қайшылығы). ХІХ ғасырдың 30-60 жылдарында өткізілген бірқатар әкімшілік

реформалар мен әскери акцияларының нәтижесінде Қазақстан толығымен

ресейлік басқару жүйесіне енгізілді. Қазақстанда саяси ұйымдастыру жүйесі,

яғни қазақ мемлекеттілігі жойылды және ресейлік отар басқару органдары

енгізілді. Ұлы Дала Ресей империясының шет аймағына айналды. Енді Ұлы

Дала көшпенділеріне өз шаруашылық тұрмыстары мен қоғамдық өмірлерін

өзгертуге тура келді.



8-тақырып. ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-

экономикалық, саяси дамуы. Қазақстан мәдениеті (XVIII – ХХ ғғ. басы)

(1сағат)

1. Патша өкіметінің отаршылдық реформалары: хандық биліктің

жойылуы, Отарлық басқаруды орталықтандырудың күшеюі.

2. Ресейдің қазақ даласын сауда айналымына айналдыруы. XIX ғ. 80-90-

жж. реформалар. Өлке өміріндегі әлеуметтік- экономикалық өзгерістер.

3. XVIII – ХХ ғасырдың басындағы мәдениеттің дамуы.

4. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар. 1916 жылғы көтеріліс.

СӨЖ тапсырмалары:

1. 1886 жылғы «Түркістан өлкесін басқару туралы» Ережеге сәйкес

Қазақстан аумағындағы әкімшілік-соттық реформаның енуінің шиеленісін

ашыңыз.


2. ХІХ ғасырдағы ақындардың шығармашылықтарындағы қазақтың

ауызша традициясын пайдаланудағы ерекшеліктерін жазу.

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

3. Кіші Жүз аумағындағы 1837-1838 жылдардағы көтерілісті жазу.

4. Қазақстан аумағындағы сұлтандар қозғалысының себептері мен

сипатын ашыңыз.

5. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы аграрлық

қозғалыстың себептерін ашыңыз.

6. Қазақстандағы заводтар мен фабрикалардағы жұмысшы

қозғалысының себептерін ашыңыз.

7. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстан экономикасына әсерін

көрсетіңіз.



1. ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап, Қазақ даласын бағындыру

және оның Ресейге қосылуына бағытталған белсенді шаралар қолданыла

бастады. Ресейдің Қазақстанға тиісті саясатының бағдарын өзгертуіне орта

азиялық фактор әсер етті (Англияның және Ресейдің мүдделерінің

қайшылығы). ХІХ ғасырдың 30-60 жылдарында өткізілген бірқатар әкімшілік

реформалар мен әскери акцияларының нәтижесінде Қазақстан толығымен

ресейлік басқару жүйесіне енгізілді. Қазақстанда саяси ұйымдастыру жүйесі,

яғни қазақ мемлекеттілігі жойылды және ресейлік отар басқару органдары

енгізілді. Ұлы Дала Ресей империясының шет аймағына айналды. Енді Ұлы

Дала көшпенділеріне өз шаруашылық тұрмыстары мен қоғамдық өмірлерін

өзгертуге тура келді.

1822-1824 жж. Жарғысымен көшпелі мемлекетті басқарудың саяси

институты жойылды, 1867-1868 жж. Уақытша ережемен рулық

институттарды жоюдың шарттары жасалды. Логутов былай деп жазады: «Бұл

уақытқа қарай (ХХ ғ. басы) кезінде қаһарлы қазақ одағы ыдырап, ал 1822

және 1868 ж. орыс заңдары қазақтардың өзін-өзі басқаруын толығымен

жойды. Хандар билігі қысқартылды, қазақтар енді рулық белгілері бойынша

емес, аймақтар бойынша бөлінді, ал олардың басқарылуы «қазақтардан

шыққан бастықтарға» берілсе де, олар Ресей үкіметінің қол шоқпарлары

болды» (Казактардың рулық тұрмысының очеркі және бұрынғы Семей

губерниясының аймағындағы қазақ руларының бөлінуі. М., 1929.). Дәл осы

қайғылы кезеңнен қазақ өнегесінің төмендеуі басталады, халық бұл дәуірді



Зар Заман деп атады. Дегенмен бұл қоғамның ұйымдастырылуы, қызмет

етуі, басқарудың түрі мен мазмұны өзгертілсе де, рулық принцип өз мәнін

сақтап жойылған жоқ. Бұл феномен туралы Гейнс былай деп жазды: «не алыс

туыстық, не ұрпақтар ыдыраңқылығы, не ішкі келіспеушіліктер еш нәрсе

ортақ рулық шығу тегі туралы естеліктерді жоя алмады» (Әдеби еңбектер

жинағы. СПб., 1898.).

Тіпті отарлық шенеуніктердің өздері қазақ қоғамының құрылымдық

жүйені жою мақсатында рулық принциптеріне көбірек көңіл бөлді: «1867 ж.

қабылданған Ережелерде қазақ руларын бөлу мақсатымен көшпелі халықты

болыстар мен ауылдарға бөлу қажеттілігі ұсынылды, өйткені рудың және ру

басшысының қоластында біріктірілу саяси тұрғыда Ресейге зиянды деп

танылды». Қазалы уезінің бастығы генерал-губернаторға жіберген есеп

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

хатында жазғаны: «күшті туыстары бар қазақтардың тұрмысы ауқатты

болады, өйткені қиын сәттерде байлар өздерінің кедей туыстарына

көмектеседі және жиі жағдайда олар үшін салықтарды төлейді, ал кедейлер

өз кезегінде оны еңбекпен қайтарады. Бұл рулық басқару әлі де өз мәнін

жоғалтпағандығымен және қазақтардың арасындағы ру басының ықпалы

орыс әкімшілігінен де жоғары болғандығымен түсіндіріледі» (Гродеков

Сырдария облысының қырғыздары. Ташкент 1889.). «Бұл ру маңында

халықтың барлық экономикалық және әлеуметтік өмірі шоғырланған уақыт

болды, өйткені қазақ одағында тек ру ғана дербес құқықтық бірлік ретінде

танылған және тек соның құрамына кіргендер ғана қажетті ұжымдық

қолдауға ие болған» - деп жазады Логутов.

ХІХ ғасыр бойы жүргізілген бірқатар отарлық реформалардан кейін

және ХХ ғасырдың басында рулық құрылымдарды жоюға бағытталған

күшейтіліп өткізілген қоныс аудару саясатынан кейін орыс үкіметі қазақ

өркениетінің дәстүрлі институтының жасытылуына қол жеткізді. Жер мен

кеңістікті еркін иеленіп, мүдделерін табысты қорғаған Қазақ қоғамы бірте-

бірте субъективті психологиялық күйзелу дерегіне айналды. Бұл құбылысты

Румянцев былай деп жазған еді: «Қазіргі бейбіт қазақты көріп, кезінде

қаһарман жауынгер және дамылсыз ата-бабалар ұрпағы деп елестету қиын»

(Румянцев. Өткен және қазіргі замандағы Қырғыз халқы. СПб., 1910ж.).

«Ережелер» аумақтық ұйымдарды енгізді, әрбір құрылымға белгілі

аумақтарды бекітті, осы арқылы құрылымдық байланыстың екі әр түрлі және

қарама-қайшы түрлерінің енгізілуіне негіз салынды. Патша үкіметінің жерді

өз қажетіне пайдалану мен иелену жүйесін жаңадан енгізуі дәстүрлі жерді

пайдалану жүйесінің бұзылуына әкелді. Ол, өз кезегінде қазақ қоғамының

шаруашылық және әлеуметтік жүйесін де бұза бастады.

Қазақ жері Ресейдің мемлекеттік меншігі деп жарияланды, енді орыс

өкіметі оны жаттандыруға заңды құқық алды. Дәстүрлі билік құқықтары

жойылды, барлық ресми билік орыстың шенеунік аппаратының қолында

шоғырланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет