2. Түргештердің көсемі Үш Елик 699 жылы Батыс Түрік қағанатындағы
қытай императорының тағайындаған басшысын жойып, өз билігін орнатты.
Түркештер - Іле мен Шу өзені аралығын, Іле Алатауынан Балқаш көлінің
оңтүстігіне дейінгі өңірін мекендеді. Шығые пен Батыс арасындағы сауда-
керуен жолының осы Жетісу өңірін басып өтетін басты бөлігі түркештердің
бақылауында болды. Бұл жағдай олардың әскери-саяси және шаруашылық
қуатын арттыра түсті. Сонымен қатар, отырықшы егіншілік ошағы, біршама
көркейген қалалары бар бай өлке еді. Түргеш әулетінің негізін салушы, 699-
706 жылдары билік құрған - Үш Елик Қаған еді, олардың ордасы Шу
бойындағы Суяб қаласында болды, кейін Тараз қаласына көшірілді.
Түргештер екі тайпалық жікке бөлінді: Іле өзені жағалауын мекендегендері –
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
қара түргештер, Шу бойындағылары – сары түргештер. Жетісуда үстемдігін
орнатам деушілердің бірі – Қытай мен Араб Халифатына қарсы Түргеш
қағанаты қажырлы күрес жүргізді. Үш Елик Қаған және оның ұлы Сақал
Қаған кезінде (706-711) Түргеш Қағанаты Мәуреннахрдағы араб
шапқыншылығына тойтарыс бере білді. Әсіресе, араб басқыншыларына
қарсы нәтижелі күрес Сұлу Қаған кезінде (715-738) жүргізіледі. Ол сыртқы
саясаттағы дипломатиялық құралын шебер қолдана білді, Шығыс қағанат пен
Тибет патшаның Бикеш қыздарына үйленді, Қытайдың құлқындарын
жұдырығында ұстай білді. Бірақ қауіп Араб Халифатынан төніп тұрды,
Сұлуды өз жағына тартпақшы болған ниеттері жүзеге аспағандықтан, оған
Абу Музахим (бодающий) деген атау тақты.
VІІІ ғасырдың ортасында Жетісу алқабы үшін Қытай мен Арабтардың
мүдделері қақтығысып, соның салдарынан Тараз қаласының маңындағы
Талас бойында 751 жылғы шілде айында Талас шайқасы болды. Хорасандағы
аббасид халифы Абу Муслим жіберген араб әскері Гао Сянь Чжи басқарған
қытай әскеріне тойтарыс бере алды. Қытайлықтарды жеңуде шешуші шайқас
қарлықтардың ерлігіне байланысты болды. Бұл шайқас үлкен маңызға ие
болды: біріншіден, қытайлықтар Қазақстан жеріне ендігі жерде ішкі ісіне
араласпақ түгіл, қолдарын ұзақ уақытқа дейін сұға алмады; екіншіден,
Қазақстанда Ислам мәдениетінің ықпалымен өзара байланыс дәуірі басталды.
Осы кезде Алтай тауын мекен еткен қарлұқтар күшейе түсті. Олар
түркеш қағандығын жеңіп, өзіне бағындырды. 756 жылы Түркеш қағандығы
құлады да, өкімет билігі қарлұқтардың қолына көшті. Түргеш Қағанатының
құлауы Ашын әулетінің жойылуына әкеледі. Батыс Түрік Қағанатының
орнында түркі тілдес халықтардың бірнеше мемлекеті пайда болады:
Солтүстік Тянь-Шань мен Жетісуда - Қарлықтар мемлекеті (756-940);
Сырдарияның төменгі сағасында, Арал жағалауында – Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ
ғғ. басы); Ертіс бойы мен қазіргі Солтүстік және Орталық Қазақстан
далаларында – Қимақтар (кейінірек қыпшақтар) мемлекеті (ІХ ғ.-ХІ ғ. басы);
Қарахан әулетінің мемлекеті (942-1210); Қыпшақтар Хандығы (ХІ ғ. басы-
1219); Еділдің төменгі сағасы мен Солтүстік Кавказда – Хазарлар мемлекеті;
Орталық және Солтүстік-Шығыс Азияда сондай түркі тілдес, туыстас
тайпалардың мемлекеттері пайда болды: Ұйғыр Қағанаты (745-840) және
Қырғыз Қағанаты (840-1124).
Қарлұқ туралы алғашқы деректер V ғ. жатады, ол кезде олар «бұлақ»
деген атпен мәлім болыпты. Ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштері
«үш қарлұқ» (қарлұқтардың үш тайпасы) атын Алтай тауы мен Балқаш
көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс тепкен көшпелі тайпалардың қуатты
одағына да таратқан. Ерте орта ғасырды зерттеген ғалымдар бұл атауға ірі-ірі
үш тайпаны біріктіреді: бұлақ, шігіл және ташлық .
742 ж. Шығыс Түрік Қағанаты құлап, билік үш тайпаның: қарлұқтардың,
үйғырлар мен басмылдардың одағына көшеді. Алайда 744 ж. тайпалар
арасындағы қақтығыс ұйғырлардың жеңісімен аяқталады. Орталық Азияда
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
жаңа мемлекет - үйғыр қағанаты (744-840) пайда болады. Өзінің одақтасы
ұйғырлармен бәсекеге түскен қарлұқтар жеңіліске ұшырап, Жетісу жеріне
қарай ығысуға мәжбүр болды. Жетісуға келген қарлұқтарға Түргеш
қағандығы тойтарыс бере алмады. Сөйтіп, 756 жылы түргеш қағандығының
орнында Қарлұқ Қағандығы құрылды. Көсемдері - Елтебер, билеушілері -
Жабғы, ал 840 жылдан бастап - Қаған лауазымын алды. Қарлық мемлекетінің
негізгі аумағына шығыста Жоңғар Алатауынан, батыста Сырдарияға дейін,
солтүстікте Балқаш көлінен, оңтүстікте Ыстықкөлге дейінгі жерлер қарады.
Қарлұқ конфедерациясына халықтар этникалық жағынан бір тектес
болмады, олардың ішінде түрік тілді тайпалар мен иран тілді-соғдылар, Таяу
Шығыс пен Орталық Азия елдерінен ауған келімсектер бартұғын. Ықпалы
бар аймақтарда, тұрғындарды түріктендіру үрдісі қызу жүріп жатты. 840 ж.
Енисей қырғыздары үйғыр қағанатын жойып, ұйғырлар Түрфан мен
Ганьчжоу аймағына еріксіз көшуге мәжбүр болады. Бұл оқиғаны қарлұқ
жабғысы Білге Күл Қадыр-хан шебер пайдаланып, ел билеуге жаңадан қаған
атын алады.
Қарахан мемлекетінің (942-1210) негізін салушы – қарлықтар
бірлестігіне кіретін шігіл тайпасынан шыққан Сатық Бегре хан (915-955).
Ортағасырлық авторлар қарахандардың әуелгі аумағы Орталық Тань-
Шаньнің оңтүстік-шығысы мен Қашғардың солтүстік бөлігі деп санайды.
Кейіннен, Сатық пен оның ұлы Мұсаның (Байташ) кезінде бұл хандыққа
Орталық Тань-Шань, Жетісу, Ферғана, Мәуреннахр қосылады, иеліктің
батыс шекарасы Әмудария өзені мен Арал теңізіне, солтүстігі Балқаш көліне,
шығысы Алакөл мен Тарбағатай тауларына дейін созылады. Ордасы Шу
жазығында болса, астанасы Баласағұн қаласы болды. Қарахан мемлекеті
1041-1042 жылдары тәуелсіз екі мемлекетке бөлінгеннен кейін Батыс
Қағанаттың астанасы Үзкент, кейін Самарқан қаласы болса, ал Шығыс
Қағанаттікі Баласағұн, кейіннен Қашқар қаласы болды. Сөйтіп, Мәуреннахр
батыс қарахандардың иелігіне, Шығыс Түркістан мен Жетісу шығыс
қарахандардың иелігіне қарады.
ХІІ ғасырдың бірінші жартысы бір кездегі қуатты империяның
тарихында аумалы-төкпелі жылдарға айналады. Орталық-азиялық
тайпалардың: қидандардың, наймандардың және керейттердің жаңа легінің
шабуылы, селжүктер әулетімен болған аяусыз күрес, өзара қырқыстардың
көбеюі Қарахандар мемлекетінің күйреуіне әкеп соқтырады.
Қарахан әулетіне байланысты болған маңызды оқиғаның бірі – Сатық
Бегре хан 955 жылы (мұсылман аты - Әбд-әл-Керим) мұсылман дінін
қабылдап, Ислам мемлекеттік дінге айналуымен атап өтеді. Енді, елді
исламдандыру көне түрік руникалық жазуын тықсырып, араб әрпіне
негізделген жаңа түрік жазуының түзілуіне жеткізеді. Сөйтіп, түркілер Ислам
әлемінің мәдени кешеніне енеді.
Қарахан әулетіндегі мемлекеттік құрылымның бір өзгешілігі - әскери
басқару әкімшілік басқарудан бөлінуі еді. Жер иеленуде – Икта институтын
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
енгізді. Иктаның бірнеше түрі болды. Атап айтқанда, икта үлгісіндегі жер
сыйлықтары ірі, орташа және ұсақ жер сыйлықтарына бөлінді. Әскери икта
да көп тарады. Икта алған әскер басшылары оны өздеріне бағынышты
жауынгерлерімен бөліске салды. Үлес мөлшері адамдардың қызметіне,
әскери дәрежесіне және сіңірген еңбегіне байланысты болды. Иктаны екінші
біреуге беру арнайы қағазбен (грамота) расталды. Иктамен қатар жер
иеленудің басқа түрлері де болды. Қарахан билеушілері казынаға түсетін
салық көзі — үлкен жер бөліктерін иеленді. Мұндай ірі аювр бөліктері
жаудан тартып алынған жерлерден кірді. Мұсылман дінбасыларының
қарамағында да ірі жер бөліктері болды. Ол жерден мемлекет пайдасына
салық алынбады. Жалпы икталық жүйе әлеуметтік жіктелудің күшеюіне,
дамыған қатынастардың мемлекеттік деңгейін бейнелеп берді. Бұл кезеңде
мемлекет құрамындағы халықтарды біріктіруші «түрік» термині бұрынғы
жалпылықтан этникалық тұрғыдағы тар мағынаға ие бола бастайды. Қазіргі
Қазақстан аумағы мен Орта Азия арасында тығыз территориялық-
шаруашылық байланыстары орныға бастайды.
Қидандар туралы алғашқы дерек V ғ. жатады, олар ол кезде Қиыр
Шығыстағы Уссури алқабында мекен еткен. Ол X ғ. күшті одақ құрып,
қытайдың солтүстікке қарай көптеген жерлерін бағындырып, Ляо
патшалығын (907-1125) құрды. Сол кезде олардың жерлері Қашғардан
қытайдың Ұлы қамалына дейін созылып жатты. Осы әулет қытайға өз атауын
берді (қытай – киданның жерлері деген ойды белгілейді). Амурдан келген
Чжурчжень тайпалары Сунь патшалығымен одақтасып, кидандармен
соғысады. Бұл соғыс Ляо мемлекетінің іргесін шайқалтып, кидандардың
батысқа қарай жылжуын мәжбүр етеді. Соның салдарынан қидандардың
көсемі Елюй Даши Еміл өзенінің бойына жетіп, аттас қала салып, 1225 ж.
бастап үстемдік ықпалын кеңейтетін дәуірін бастайды. Қарахан әулетіндегі
тайпалар арасындағы тартыс қидандардың күшеюіне жол ашады. Замандас
деректердің келтіруі бойынша: «Түркістан патшалары» қара қытайлардың
(қидандардың атауы) көмегімен бірін-бірі «бағындыру және талқандау»
әрекеттерін жүргізді, ал бұл жағдай қидандардың күшеюіне және кеңеюіне
жол ашты,- деп, шынайы оқиғаларды баяндап берді. Аталған себептер Ляо
әулетінің ханзадасы Елюй Дашиға өз үстемдігін Шығыс Түркістаннан
Амударияға дейін орнату қиынға түспеді. Ол Гурхан лауазымын алды. 1141
жылы орта азия жерлерін қосып алды. Сөйтіп, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан,
Мәуреннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына енеді.
Бір ерекшелігі, Қидандар өзіне бағынған аймақтардың билеушілерін
құлатпай, вассал (кіріптар) ретінде алым-салық төлеуді ғана мәжбүр етті.
Мемлекетте басталатын түбегейлі өзгерістер Қидандардың соңғы Гурханы
Чжилугу билік құрған кезге байланысты. Шыңғысханнан жеңілген
наймандардың көсемі Күшлік хан 1208 жылы Жетісуға келіп, қоныстана
бастайды. Ақырында Қидандардың дәуірі наймандардың заманымен
алмасады.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
3. Оғыздардың мекен еткен жерлері Қазақстанның Ырғыз, Жайық, Ембі,
Ойыл өзендерінің бойларында, Арал маңы, Сырдария жазығы, Қаратау
баурайлары, Шу жазығы болатын. Әсіресе ықшамды орналасқан аймақтары
Арал өңірі, Каспий маңының солтүстік-шығысы мен Сырдарияның төменгі
ағысы. ІХ-Х ғасырдың басында Сырдария атырабының ортаңғы және төменгі
ағысы мен сол алқабына қабысып жатқан Қазақстанның Батыс даласында
Мафазат әл-гуз - Оғыз мемлекеті құрылды. Оғыздар туралы жазған Ибн әл-
Факихтің еңбегі әртүрлі толық мәлімет береді, соның бірі: «түріктер
арасында өзгелерден гөрі көбірек құрметтеледі», - дегені.
О. Сүлейменов «Аз и Я» атты еңбегінде оғыздарды «б.д.д. VІІ ғасырда
белгілі болған елдердің бірі»,-деп келтіреді. Бұл жерде үзіндіні сол қалпында
аудармай келтірейін: «Ассирийские хроники эпохи царя Ассархадона пока
что – самый древний документ, могущий подтвердить факт существования в
VІІ веке до н.э. тюркского этнонима иш-огуз». Шежіре түрік елінің жалпы
рухани өмірінде маңызды орын алады, бәлкім соны көріп естіген әл-Факих
оларды «құрметтеледі» деп келтірген. Осы сөздің мәнін ашсақ, ол - түркі
елдердің шежіре арқылы әрбір тайпаның шыққан тегі мен жасаған батырлық
- болмыс тарихын білуінде шығар. Керуеннің маңызды жолында орналасқан
Янгикент қаласы - Оғыз мемлекетінің астанасы болды. Этникалық тұрғыда
оның қағанаты біркелкі болмады, оның ішінде түркі және ирантілдес, фин-
угор тектес тайпалар астасып жатты. Әу баста оғыз тобының өзегі Жетісуда
ұйымдасады, алайда батысқа қарай жылжу барысында сол аймақтың
халқының есебінен едәуір дәрежеде толығады. Жетісу атырабын қарлықтар
иелену жолында, ата мекені Талас пен Ыстықкөл болған оғыздар жанкешті
қарсылық көрсеткен еді,- деп Бичурин Н.Я. өз еңбегінде баяндаған болатын.
Кескілескен шайқаста жеңілген оғыздар VІІІ ғасырда Арал теңізі
жағалауындағы аудандарға тұрақтап, сол ғасырдың соңында өз
мемлекеттерін құрады. Оғыздардың Арал жағалауы мен Батыс Қазақстанға
орын ауыстыруы оңайға соққан жоқ. Олардың мұнда орнығуында Арал
жағалауындағы екі тайпаның – печенектердің, қанғарлардың және басқа да
сақ-массагет тегінен тараған әулеттердің қарсылығын, ал одан әрі батысқа
жылжуында сарматтардың ұрпақтарын және фин-угор тайпаларының
қарсылығын күшпен басуына тура келді. Оғыз мемлекеті Х ғасырда Еуразия
даласындағы әскери-саяси өмірде зор рөл атқарған елеулі күшке айналды.
Мәселен, 965 жылы оғыздар Киев Русімен одақтаса отырып, Хазар
Қағанатын құлатса, ал 985 жылы Еділдегі Бұлғария мемлекетін жеңіліске
ұшыратты. Оғыздардың тарихи құбылысының соңғы шарықтауы Әлихан
жабғы мен Шахмәліктің билігі тұсында, 1041 жылы Хорезм мемлекетін аз
уақытқа бағындырғанында байқалады. ХІ ғасырдың ортасында Оғыз
Жабғыларының мемлекетін Дешті-Қыпшақтағы қимақ-қыпшақ тайпалары
құлатты.
Батыс Түрік қағанатының құрамында болған қимақ тайпаларының атауы
алғаш рет VІІ ғасырда ескеріледі. Ол кезде олар Ертіс өзенінің алқабы мен
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
Алтай тауының солтүстігін қоныстанған болатын. Батыс түрік қағанаты
ыдырай бастаған кезде (шамасы VІІ ғасырдың ортасы) қимақтардың
оқшаулануы басталады. Тап осы уақыттан бастап олардың тайпа одағы
ретінде өзегі қалыптасатын кезеңі деуге болады. VІІІ ғасырда батысқа қарай
іргесін кеңейтіп, үш бағытқа: Оралдың оңтүстігіне; Сырдария бойы мен
Оңтүстік Қазақстанға; Жетісудың Балқаш көлі мен Алакөл алқабына дейін
жылжыды. Ұйғыр қағандығы 840 жылы құлаған кезде, жеті тайпадан
тұратын Қимақ конфедерациясы құрылып қалыптасады. Тайпалар басшысы
жабғы деген дәреже иеленген. Ал ІХ ғ. соңы мен Х ғ. бас кезінде
жалпытүркілік қаған дәрежесін иеленген билеушілері бар мемлекет құрады.
Ертіс өзені бойындағы Имакия қаласы қимақтардың астанасы болды.
Қимақтардың мемлекеттік құрылымы түркілік және түркі тілдес
халықтардың мемлекеттері, барлық өркениетті елдердегідей, қалыптасқан
әлеуметтік құрылымды қорғау мен заңдастыруға арналған тұтқа болды.
Арабтың ғалымы Әл Идриси өзінің «Нузхат Әл Мүштак Фихтира Әл Афак»
атты еңбегінде қимақтан шыққан ғалым Ибн Хаган туралы әңгіме қозғайды:
әуелі оны ерекше атап, «Соның жазған қимақтар туралы тарихи шығармасын
өз еңбегімде қолдандым»,- дейді. ХІ ғасырдың бірінші жартысында Орталық
Азия тарихына үлкен үлес қосқан қыпшақтарға - Ұлы Даласындағы тарихи
сахнада жол бере отырып, Қимақ Қағандығы қыпшақ бірлестігінің құрамына
қосылып кетті.
Қимақ Қағанаты саяси сахнадан кеткен соң ортағасырлық жазба
деректерде қыпшақ деген атаумен белгілі тайпалардың бірігуі күшейген.
Қыпшақ этнонимі орта ғасырлардан гөрі мейлінше ертерек мәлім болған
сияқты. Бірқатар зерттеушілер және қытайдың «Тарихи жазбалар» атты
жылнамаларында біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырларда өмір сүрген
тайпалардың бірі дейді. Оны ежелгі қытай транскрипциясындағы «цзюйше»
атымен байланыстырса, С.М. Ахинжанов қыпшақ этнонимі алғашында «се»
(қытай деректері) және «сир» (көне түркі деректері) түрінде пайда болған
тайпалар дейді. «Қыпшақ» атауы нақты түрде 760 ж. ежелгі түріктің
руникалық ескерткішінде аталады. Араб географы Ибн Хордадбек
қыпшақтарды VІІІ ғасырға жататын түрік тайпаларының тізімінде көрсетеді.
Батыс еуропа деректерінде «коман», «куман» деп аталса, орыс деректерінде
«половцы» делінеді.
Алтай тауы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтар әуелі Батыс Түрік
қағанатының құрамында болып, кейін қимақтардың басшылығымен
конфедерация одағының өзегін құрайды. Сол себепті қыпшақтардың саяси
тарихы ІХ-Х ғасырларда қимақтардың тарихымен қоса өрледі. ХІ ғасырдың
басында Қимақ мемлекетінің өкімет билігі қыпшақ хандарының қолына
көшеді. Сөйтіп, ХІ ғ. басынан бастап қыпшақ бірлестігі көптеген елдердің
басын біріктіріп, қыпшақ деген сөз қол астына біріккен халықтардың жалпы
аты ретінде қолдана бастады, ал мемлекеті «Қыпшақ Хандығы, Дешті
Қыпшақ Даласы» деп аталды.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
Қыпшақ хандарының жетекшілік нысанында әскери-саяси әдісін тиімді
де шеберлікпен ұтымды пайдалану арқасында шекарасын шығысындағы
Ертістен батыстағы Дунайға дейін кеңейтті. Сығанақ қаласын астанасына
айналдырды. Олар бірнеше негізгі тайпа топтарынан: сібір-алтайлық; орал-
қазақстандық; алдыңғы Кавказды қоса отырып - Дондық; Қырымды қоса
отырып - Днепрлік; Балканды қоса отырып - Дунайлық болып ұйымдасты.
Олар көптеген елдердің ортағасырлық тарихында маңызды рөл атқарды,
мәселен: Үндістан, Мысыр (Египет), Қытай, Ұрым (Византия), Грузия,
Бұлғар, Хорезм. Олар Киев Русімен экономикалық, әскери-саяси, мәдени
және қандастық тығыз байланыс орнатады. Қыпшақтар - қазақ, ноғай,
қырым-сібір татарлары, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, балқар, қарачай, кумык,
түркмен және басқа да түрік елдерінің этногенезінде белгілі рөл атқарады.
Олар турциялық, венгер, грузин, болгар, орыс, украин, монғол, қытай, үнді,
араб халықтарының құрамына кірді.
Қыпшақтардың сыртқы саяси байланыстарының ауқымы кең болды.
Мәселен, хорезмшахтар мемлекетін қыпшақ әулеттері билеп тұрды. Ұрым,
Ұлы Болғар, Киев Русі, Селжүк сұлтандығы тәрізді мемлекеттердің
саясатында қыпшақтар айтарлықтай орын алатын. ХІІІ ғасырға дейін
византиялық сарайда Циты, Караджи, Алакасен деген қыпшақтар ірі
қызметте отырған. Крестілердің жорығын (крестовый поход) 1205 жылы
қыпшақтар Андрианопольге жақын жерде талқандап, император Балдуинді
тұтқынға түсіріпті. 1118 жылы Грузия патшасы ІV Давид Строитель өз
әскерін нығайту мақсатымен Грузияға 40 мың қыпшақ жауынгерін
отбасымен шақырып, оларға жер де бөліп беріпті. Қыпшақтар 1121 жылы
Дидгор тауларында түрік-селжүктерді талқандауға, 1122 жылы Тбилисиді
алуға, 1123 жылы Ширванға жорыққа қатысты. Қыпшақтар ХІV ғ. дейін
грузин деректерінде еске алынып отырады. Олар жайлы грузия топонимиясы
мен грузин халқының аңыздарында мәлімет бар. Олар аяғы жеткен жерде
әскери үстемдікті қолға алып, әр алуан соғыс жорықтарына қатысты.
Мысырдағы қыпшақ қолбасшылары Айбек пен Бибарыс Мысыр елінің
мемлекет билігін қолына алып, Мамлюк әулетінің (1250-1517) негізін
қалады.
Ертістен Днепрге дейінгі аридтік зонаны алып жатқан Дешті
Қыпшақтың тарихи-жағрафиялық кеңістікті Еділ бойы арқылы екі
этникалық-аймақтық бірлікке бөлу есебінен қарауға болады: Тоқсоба әулеті
тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі әулеті билеген Шығыс
қыпшақ қағанаты. Шығыс қыпшақ аймағының Ханы - бүкіл аумаққа жүргізе
алатын билігі болды. Орда деп аталатын хан қосынында ханның дүние-мүлкі
мен әскерінің ісін жүргізетін басқару әкімшілігі болған. Әскери-әкімшілік
басқару жүйесіне айрықша маңыз берілген. Әулеттік топ мен тайпалардың
өзі әлеуметтік маңызына қарай иерархиялық жүйе-сатыларға бөліну көрініс
табады. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да бөлінді.
Меншікті білдіретін таңбалары болған.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
Ұлан-ғайыр кең өлкені билеп, әскери-саяси биліктің тізгінін қолына
ұстаған іргелі Орда құрған қыпшақ дәуірі, бізге мирас болып қалған кешегі
бақи өмірімен тікелей жанды байланысы бар, сөйлеу тілінің сипатынан толық
мағлұмат бере алатын бағалы еңбек - «Кодекс Куманикус» (Қыпшақ тілінде
жазылған ескерткіш). Осы ескерткіш готикалық көне шрифтімен жазылған
жалғыз дана қолжазбасы бұл күндері Венецияда Марк әулиенің шіркеуінде
сақтаулы. Зерттеуші Машковтың айтуынша, бұл дәуірде Қыпшақ тілі батыс
еуропа жиһанкездері мен шығысты зерттеушілер үшін халықаралық тіл
болып есептелді. Кодекс куманикус екі бөлімнен тұрады. Бес түрлі
қолтаңбамен жазылған бірінші бөлім (итальян бөлімі) латын сөздерінің
алфавиттік тәртібі бойынша тізілген үш тілді (латынша-парсыша-куманша)
сөздіктен, зат есімдер мен есімдіктердің септелу үлгісінен, лексикалық
мағыналарына қарай топтастырылған сан алуан есім сөздерден тұрады. Ал он
төрт түрлі қолтаңбамен жазылған екінші бөлімнің (неміс бөлімі) денін Інжіл
үзінділерінің аудармалары және осы секілді діни уағыздар құраса, қалғанын
куманша-немісше, куманша-латынша сөздер, ақын Петрарканың қолымен
жазылған итальян поэзиясының үзінділері, куманша, латынша текстер,
аудармасыз берілген куман жұмбақтары құрайды. Жалпы алғанда, қыпшақ
тілін зерттеу, оны оқып-үйрену ХІ ғасырдан, М. Қашқаридан басталады.
Содан бастап ол тілді орыс, еуропа, араб, армян авторлары зерттеп білген,
оқып-үйренген, сол тілге Фердоуси мен Сағдиден бастап талай туындылар
аударылған. Осыдан, Қыпшақтар дәуірі, билік құрған хандары мен халықтың
әлемдік өркениетте маңызды рөл атқарғаны «тайға таңба басқандай»
негізделіп тұр.
4. Найман, керейт, жалайырлардың ерте мемлекеттік бірлестіктері
Орталық Азияның шығысында пайда болған еді. VІІІ ғасырдың ортасында
жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында «Сегіз-оғыз» немесе «Сегіз тайпа
одағы» деп аталатын найман тайпа одағы қалыптасты. Ляо патшалығы, яғни
қидандар оларды монғол тілдес найман атауымен атап кетті, ол түріктің сегіз
оғыз атына пара-пар келетін мағынаны білдіреді.
Христиан дінін қабылдауына байланысты керейт туралы алғашқы
мәлімет ХІ ғасырдың соңғы ширегіне жатады. 1007 жылы найман мен
керейттердің несториан бағытындағы христиан дінін қабылдағаны туралы
белгілі көрініс бар. Олардың мекен құрған аумағы Онгин өзенінің алабы мен
Орхон өзенінің ортаңғы ағысы.
Орхон өзенінің жоғарғы алабын жалайыр тайпалары жайлады. Мал
бағумен айналысқан көшпелі тайпалар болды. Мемлекеттік бірлестіктер
ұлыс түрінде ұйымдасқан. Ұлыс белгілі бір территорияны иелік етіп, өзінің
анықталған шекарасы болды. Ұлыс билеушісі Ханда – басқару әкімшілігі,
әскері және хан қосыны Ордасы болды.
1190-1206 жылдары монғолдармен күрес барысында қазіргі монғол
жерінен Қазақстан территориясына көптеген талқандалған наймандардың,
керейттердің, жалайырлардың топтары жайласа бастады. Олардың бір бөлігі
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
қалып монғолдарға бағынды, бір бөлігі болса Алтайдан асып, Қазақстанның
кең аймақтарына қоныс теуіп түрік халқымен сіңісіп, кейін қазақ халқының
құрамына қосылады. 1211 жылы наймандардың көсемі Күшлік хан
қарақытайларды жеңіп, Жетісуда өз билігін орнатты. Наймандар орта жүздің
құрамына кіреді. Керейттердің бір бөлігі Солтүстік Қазақстанда қалып, орта
жүздің құрамына керей атымен кіреді.
5. Төл тарихымыздың қырық қатпарлы қыртысын бойына бүгіп жатқан
жәдігерлігіміздің бірі – қала мәдениеті. Мән берілмеудің салдарынан сан
жылдар бойы бұл көкейкесті мәселе теріс түсіндірілді. Сол себепті қазақ
халқының көшпенді тіршілікпен қатар сәулет-құрылыс кәсібімен
айналысқаны айтылмады. Ал грек, француз жиһанкездері қолжазбаларына
жүгінсек, архивтік материалдарды ақтарып, археологиялық қазба
мұрағаттарымен таныссақ, туған топырағымызда тұрақтап тұрған еліміздің
қолымен салынған қалалардың аз болмағанын білеміз. Бірақ біразының аты
мүлдем өзгертіліп, не орфоэпиялық өзгеріске ұшырағандықтан қазақ халқына
қатысы жоқтай көрінді. Бұл қалалар қазақ халқына қатысы жоқ деуші
тарихшылар да табылады. Мұндай бұрмалаудың бір кезде академик Әлкей
Марғұлан, профессор Уахит Шәлекенов бетін қайырған-ды.
Қазақ даласында құрылыс өнерінің ерте ғасырда-ақ кең қанат жайғаны,
солардың тұрақтап тұрған халық қолымен салынғаны, жойқын жау
жорығынан жермен-жексен болғаны белгілі. Араб географы Әл-Макдиси
оныншы ғасырдың өзінде Қазақстанның аумағында 200-ден астам қала
барын баяндаған.
Сол ғасырлар тоғысында іргетасы қаланған қалалар біздің заманымызға
тұнжыраған тас, төмпешік төбе, үйінді топырақ, қазылған ор, құлаған үй
қабырғасы қалпында келіп жетті. Қазақтың киіз үйі, тіркеспе қыстауы, тоқал
тамы, қоржын үйі – біз үшін ескінің ескерткіші ғана емес, теңдесі жоқ тәрбие
құралы, ұлттық мақтаныш айғағы.
Азия мен Еуропа арасын жалғаған «Ұлы Жібек жолы» тарихының рөлі
ерекше. Көне керуен жолдары арқылы бейбіт сауда керуендерімен қатар
саяхатшылар, әлемдік діндердің қатарына енетін ислам мен христиан,
буддизм өкілдерінің миссионерлері, елшілер алмасып жатты. Сондай-ақ
қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер бұл күретамыр жолдың мәдени, ғылыми
ақпараттарды алмасу құралы ретінде Орталық Азия (Ұлы Дала)
халықтарының рухани мәдениетін дамытуда аса маңызды қызмет атқарғанын
дәлелдейді.
Тарихи деректер бойынша, Ұлы Жібек жолы арқылы алғаш рет
император У-Дидің тапсыруымен Батыстың белгісіз елдеріне аттанған
қытайлық дипломат Чжан Цянь (б.д.д. 103 жыл) жүріп өткен. Ол қытайдың
ішкі аудандарынан Орталық Азияға қарай өтіп, одан қазіргі Ауғанстан жеріне
дейін жеткен. Қытай елшісінің соңынан іле-шала жібек артқан керуендер
батысқа қарай бет алған. Қайтар жолында Жерорта теңізі жағалауындағы
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
елдерден, Таяу Шығыс пен Орта Азия жерінен өздеріне таңсық тауарларды
тиеп қайтқан.
568 жылы Жібек жолының Оңтүстік Қазақстан жеріндегі тармағымен
Византия императоры Юстианның түрік қағаны Дизавулге жіберген елшілігі
жүріп өткен, оны Земарх басқарған болатын. Земархтың бағыты Каспий
теңізінің солтүстік-шығыс жағалауымен Орталық Азияға өткен. Елшілердің
Тараз қаласына тоқтағаны жөнінде жазбалар бар.
Қазақстанды географиялық тұрғыдан зерттеу мен оның
территориясымен өткен жолдарды анықтауда араб саяхатшылары мен
зерттеушілері еңбектерінің де маңызы зор. Қазақстанның Оңтүстік
облыстарында VIII ғасырда Ибн Хордадбек, Макдиси, Ибн Хаукал, Ибн
Руште, әл-Истахри, әл-Масуди, әл-Идриси сияқты ғұламалар болған.
Олардың еңбектері 1870-1894 жж. Голландық шығыстанушы де Гуенің
басқаруымен Араб географиясының кітапханасы сериясында 8 том болып
басылған. Араб саяхатшылары Фараб (Отырар), Тараз (Талас), Испиджаб
(Сайрам) аймақтары мен Арал, Каспий теңіздері жайында мол деректер
қалдырған. Осы керуен жолы белгілі қалалардың орналасуы, құрылымы
жайлы мәліметтер келтірілген. Олардың бай мұралары арасында сан ғажайып
карталар сақталып, оларда Қазақстанның географиялық атаулары
белгіленген.
Жібек жолы мен оның тармақтары бойымен шығыс елдеріне саяхат
жасаған еуропалық миссионерлер: Плано Карпини (1245-1247), Джовани
(1152-1182), Вильгельм Рубрук (1253-1255), Ниавом де Рубрук (1220-1230)
құнды географиялық мәліметтер жинап қалдырған. Олардың өз сапарлары
бойынша жасаған есептері шығыс елдері жайлы қызғылықты географиялық
деректерден тұрады деуге болады. Осы жол арқылы Еуразия құрлығының
ішкі бөліктеріне саяхат жасаған саяхатшы Марко Поло 1269-1296 жж.
Қытайда болған. И.Магидовичтің болжамы бойынша, Марко Поло Батыс
Түркістанды «көшпенділер өте жақсы білетін солтүстік жолмен» кесіп өтіп,
Шығыс Түркістанға Іле аңғары немесе Алакөл маңындағы Жоңғар қақпасы
арқылы өткен.
Ұлы Жібек жолы – Орталық Азиядағы сауда керуен жолдарының жалпы
атауы. Б.д.д. II ғасырдан біздің заманымыздағы XVI ғасырға дейін Шығыс
пен Батысты байланыстырды. Чжан Цяньның жасаған саяхаты Сианынан
Ланьчжоу арқылы Дуньхуанға апарады. Бұл жерден жол екі тарапқа бөлінеді.
Солтүстік жол – Турфан, Қашғар, Самарқан, Балх, Мервті, Ферғана алабын
алады. Ал оңтүстік жол – Жаркент, Балх, Мервті басып өтіп, Памир тау
жоталары арқылы Үндістанға, Таяу шығысқа апарады. Мервте бұл екі жол
қосылып, Ұлы Жібек жолы одан әрі батысқа – Ниса Гекотомпил, Әнбатана,
Бағдат арқылы Жерорта теңізінің шығыс жағасындағы порттарға, Тир мен
Антихияға дейін созылды.
Қазақ жеріндегі көне керуен жолдарының тарихы б.д.д. І
мыңжылдықтың орта шеніндегі «Далалық сақ жолынан» басталады.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
Геродоттың айтуы бойынша, бұл жол Қара теңіз маңынан Дон жағалауына
дейін, одан Оңтүстік Оралдағы савраматтар жеріне бағытталып, Ертіс бойы
мен Алтайға, Зайсан көліне дейін созылған. Қазіргі ғылым мен техниканың
жаңа жетістіктері, ғарыштан түсірілген бейнекөріністер Орталық Азияның
бел ортасынан өткен осы көне маршруттың ең қолайлы жол екендігін
дәлелдеп отыр. Бір таңғаларлық нәрсе – қазіргі заманғы автокөлік жүретін
жолдар мен темір жол маршруттарының сол ежелгі дала жолының бағытын
дәлме-дәл қайталауы. Сонымен, Ұлы Жібек жолы б.д.д. І мыңжылдықта
сауда торабы ретінде қалыптаса бастаған деп пайымдауға әбден болады. Бұл
атау осы жолмен тасылып, елдер арасындағы сауда қатынастарында
алтынмен қатар халықаралық валюта деңгейіне көтерілген басты тауар –
жібекпен тығыз байланысты. «Ұлы Жібек жолы» атауын Қытайдың
физикалық географиясы мен Азияның жер бедері жөнінде қомақты еңбектер
жазған атақты географ-ғалым Фердинанд фон Рихтгофен ұсынған. Кейін бұл
атау халықаралық дәрежеде кеңінен қолданылған.
Әлемнің басқа да халықтары секілді қазақ халқының да ежелгі дәуірден
қалыптасып, дамып, кемелденіп келе жатқан өзіндік рухани мәдениеті бар
екені де белгілі. Қазақ қауымы да есімдері әлемге мәшһүр ақындар мен
жазушыларды, ғалымдар мен өнер қайраткерлерін тарих сахнасына
шығарды. Демек, қазақ әдебиетінің де өмірге келу, қалыптасу, есею және
кемелдену кезеңдері - өзіндік даму тарихы бар.
Қазақтың түп төркіні түркі тілінің даму тарихы жайлы бүгінгі күні
қағидалар баршылық. Көнеден тіршілік құрған ру-тайпалар, соның ішінде
сақтар, ғұндар және ежелгі түркілер арамей, соғды, турфан, көне түркі
жазуларын кеңінен қолданған.
«Арамей жазуы» - б.д.д. мыңыншы жылдың басында финикия жазуы
негізінде пайда болып, арамейлер арасында кең қолданылған көне жазу түрі.
Бірыңғай дауыссыз дыбыстардан тұрады. Оңнан солға қарай жазылады.
«Соғды жазуы» - арамей жазуының бір түрі деуге болады. Бұл жазу
согдиана немесе соғды деп аталатын мемлекетте қолданылған. Согдиананың
негізгі халқы – көшпелі және отырықшы сақ тайпалары болған.
«Турфан жазуы (ұйғыр жазуы)» - б.д.д. бірінші ғасырдан бастап біздің
заманымыздың тоғызыншы ғасырына дейін қолданылып келген көне
жазулардың бір түрі. Бұл – жоғарыдан төмен қарай жазатын, тік әріпті жазу
болып келеді. Турфан жазуының әріптері сөз басында, ортасында, соңында
әр түрлі болып таңбаланады.
«Түркі жазуы» - түркі тілдес тайпалардың тұңғыш әріптік жазуы. Бұл
әліпби 35 әріптен тұрады. Оңнан солға қарай жазылады. Бұл жазу түрінде 8
дауысты фонема бар. Олар 4 полифонды әріппен белгіленеді. Ал 16 дауыссыз
фонема 31 әріппен белгіленіп жазылады.
Түркі тілдерінің жаңа даму дәуірінде, яғни ХV-ХХ ғасырлар аралығында
қазіргі түркі тілдері халықтық тіл болып қалыптасқаны мәлім. Бұлар
негізінен төмендегілер: қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түрікмен, татар,
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
ноғай, башқұр, қарайым, құмық, қарашай, гагауз, әзірбайжан, түрік, ұйғыр,
хакас, шор және т.б. Белгілі ғалым А.Самойловичтің сөзімен айтқанда,
кезінде бүкіл түркі тілдеріне ортақ бір әдеби дәстүрдің, бір әдеби тілдің
болғандығы күдік тудырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |