3. 50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Кеңес елінің өміріндегі
маңызды кезең болды. КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер
Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды.
Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ
елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді:
бірінші бағыт үкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші
бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің үкімет басына
келуімен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.
1953 жылы қыркүйекте Н.С. Хрущев КОКП Орталық комитетінің
бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары»
аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды.
1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі
істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сүргінді ұйымдастырушы, саяси
авантюрист Л. Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды
қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек
ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды. Бюрократ көсемдер биліктен
кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.
1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші
хатшысы Н.С. Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы»
баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай –
жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В. Сталин, Л. Берия, Н. Ежовты
қатты сынай отырып, саяси қуғын-сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі
туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде
«Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол
1956 жылы маусымда жарияланды, ал съездің басқа құжаттары, талқыланған
мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.
1953-1955 жылдарда Н.С. Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды.
Бұл кеңес қоғамын сталинизмнен құтқарудағы адамгершілік акт, маңызды
қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды
босатып, белгілі партия қайраткерлері Я. Рудзудақты, А. Рыковты,
В. Губарьды ақтағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны
жалғастыруды тағы да аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің
әділетті бағасын алмады. Кәрістердің, немістердің, қырым татарларының,
месхіт түріктерінің құқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік
дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды.
Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық
жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.
Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе ұлтшыл
айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс
Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М. Елікбаев Н.С. Хрущевке ашық
хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері,
қазақ тіліндегі оқу құралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған.
Осыдан кейін М. Елікбаев МҚК тарапынан қуғынға ұшырап, азап тартады.
1957 жылы М. Елікбаев партия қатарынан шығарылып, жындыханаға
тығылды. Н.С. Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді.
1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н. Хрущев социализмнің толық
жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты.
Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал
1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде
орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.
Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа
өзгерістерді қажет етті. Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге
жуық жаңа кәсіпорын салынды, экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958
жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы
тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы,
Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезқазған кен байыту
фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен
таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі.
1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты.
1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін
дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада теміржол құрылысына
ерекше көңіл бөлінді.
1960 жылы қазақ КСР теміржолының ұзындығы 11,42 км. болды. 1958
жылы Қазақ КСР-де Қазақ теміржол басқармасы құрылып, республикадағы
барлық теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-1955 жылдар
аралығында Одақта салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында
салынды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы
Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған Қарағанды
металлургия заводы Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір
өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де
біршама жақсы дамыды. 1960 жылы Қазақстанда 10,5 млн. кВт/сағат энергия
өндірілді. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса, сапа жағы өзгеріссіз
қалды.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы
Н.С. Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару
ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай
экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер
мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты
басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық
әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар)
құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық
етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар
ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың
орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен
басқарудың екі түрін көруге болады.
1. Орталықтандырылған басқару Территориялық басқару.
2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері.
1957 жылғы реформаның кемшіліктері :
1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға
басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше, 1)
экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік
болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау
ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын
алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер
тарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері
жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді.
Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың
тиімсіздігін ашық айтып жүрді.
Сәтсіздіктер күйгелектік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға
негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді.
Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С. Хрущевтің жеке басымен байланысты
болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында
реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта
құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары
болып бөлінді.
Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы
абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді
туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965
жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына
шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде
қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.
13-тақырып. Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980
жылдардың бірінші жартысында. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты
(1985-1991 жж) (1сағат)
1. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының тенденциялары:
а) экономикадағы дағдарыстар,
б) халық өмірінің жағдайы.
2. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы: себептері мен зардаптары.
3. Қоғамдық-саяси қозғалыстар мен партиялар.
СӨЖ тапсырмалары:
1. Л.И. Брежнев басқарған кезеңдегі экономикалық реформалардың
негізгі проблемаларын ашыңыз.
2. Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар мен жаңа саяси
партиялардың («Невада-Семей», «Азат», т.б.) рөлін айқындаңыз.
3. «Дамыған социализмнің» дағдарыс кезіндегі Қазақстандағы мәдениет
пен ғылымның негізгі бағытын ашыңыз.
1. Н.С. Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген
тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан
өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу осы
сияқты тәжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өтті. Оның
айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға
берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қалалардың аттары өзгертілді: Ақмола –
Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болды.
Хрущевтің жолсыздықтары мен жөнсіз қылықтарын ашық айтпаса да халық
оған наразы болды. Сөйтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық
шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
түбегейлі жақсарту қажеттігі кесіп жетіліп келе жатты. Экономикалық
мәселелерді шешуде субъективизмде, валюнтаризмді жою қажеттігі барған
сайын айқындала түсті.
Елде қалыптасқан жағдайы түзеу және жол берілген қателіктерді жою
жөнінде кезек күттірмейтін шұғыл шараларды 1964 жылы 14 қазанда болып
өткен КОКП-ның пленумында қабылдады. Пленум Н.С. Хрущевті КОКП ОК-
нің бірінші хатшысы және КСРО Министрлер Советінің төрағасы
міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші
хатшысы етіп Л.И. Брежневті сайлады, ал Кеңес Үкіметінің басшысы етіп
КСРО Жоғарғы Кеңесі А.Н. Косыгинді тағайындады. Осының артынша
партия, совет және басқа қоғам ұйымдарын 1962 жылы жүзеге асырылған
өндірістік принцип бойынша бөлу ойластырылмаған іс деп бағаланып,
олардың территориялық - өндірістік принцип бойынша құрылуын қалпына
келтіру ісі қолға алынды. Сонымен бірге, жоспарлау мен экономикалық
ынталандыру әдістеріндегі қателер де түзетіле бастады. Осы жылдарда іске
асырылған шаруашылық реформа дәйекті жүргізілмегеннің өзінде елдің
экономикасын көтеруге елеулі ықпал жасады.
70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту
туралы территориялық идея басым болды. Бұл жайлы 1967 жылы қазан
төңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л.И. Брежнев мәлімдеді.
1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды.
Конституцияда қияли болжамдар көп болды. Коммунизмге өтер жол
мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды.
1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің Конституциясы қабылданды. Бұл
Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды. Бұл
Конституцияда да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу, қоғамға жат
құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар
көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне
немқұрайды қарау кеңейді.
1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын
құру туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола,
Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге
тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау
қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылып, оған
КОКП ОК-ының хатшысы А. Коркин төрағалық етті. Партияның бұл шешімі
қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды.
1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ
жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс
автономиясына жол жоқ!» «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазулары бар
плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Осы
жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы
Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов
Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрылмайтынына жастарды сендірді.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартысында партияның
жоғары орындарында сөз бен істің бірлігіне шақырылған үндеулер барған
сайын күштірек естіле бастады. Мұның өзі екі жүзділік үндеу еді. Ойткені,
оны басшы органдарында отырғандардың өздерінің орындауы міндетті
болмады, талап тек қана төменгі буындағыларға бағытталды. Ішкі партиялық
жұмыстарды жақсарту мен жетілдіру жөніндегі көптеген қаулылар
көзбояушылық сипат алды. Партия басшыларының қатып қалған
жаттандылық және дүмшелік пен цифрлардан, алуан түрлі есеп
құрастырудан басқа ешнәрсе талап етілмеді. Партия беделі барған сайын
құлдырай бастады.
Сонымен Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай, тоқырау
өмірдің барлық салаларында: идеологияда, адамдар арасындағы қарым-
қатынаста да орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған
жағдайда, әсіресе, жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың
бас кезінде ол барған сайын күшейе түсті.
1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Пленум
өнеркәсіпті дамытуға арналды. Пленумда қойылған міндеттер:
1. Өнеркәсіпті салалық принцип (ұстаным) бойынша басқару.
2. Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер
құру.
3. Кәсіпорындар дербестігін арттыру.
4. Шаруашылық есепті дамыту.
5. Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру мен материалдық
мадақтауларды көбейту.
КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркәсіпті басқару
жүйесін өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару
органдары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай
қаулылар мен заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. Қабылданған шешімдерге сәйкес
1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Кеңесі және
экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып,
салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік,
құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз және ағаш өңдеу, азық-
түлік кәсіпорындары біріктірілді.
60 жылдардың басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми
негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу
жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға
алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су-электр
станциясы техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен
ерекшеленді – 45 мың шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау
жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе
еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған
жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына
Лениндік сыйлық берілді. Екібастұз көмір кесіндісіне озық технология
қолданылып, қуатты экскаваторлар пайдаланылды. Ғылыми – техникалық
жетістігі нәтижесінде Шымкенттегі М.И. Калинин атындағы зауыттың
жұмыс технологиясы жақсартылді. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа
технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді.
1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми –
технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды
түбірімен өзгертті. Реформа еңбекпен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге
оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс
әуестенушілік доғарылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая түсті.
Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тұтқалар
қозғалысқа келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның
материалдық мүдделігіне баса назар аударылды. 1966 жылы Қазақстанның
Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Шымкент – цемент заводы бастаған
II өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан
өнеркәсібінің 70% - ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді.
1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның
көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау
жөніндегі үлес салмағы өсті. Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп
салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен,
көтергіш крандар өндірістері. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл
уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды.
Жеңіл өнеркәсіптер қатары өсті: Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-
түлік өнеркәсібі, Алматыда мақта-мата өнеркәсібі, Семейде трикотаж
фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада
жеңіл өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды.
Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске
қосылды. Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970
жылға қарай басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың
барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. 80 жылдары одақ көлемінде
өндіріске енгізілген ғылыми-техникалық жаңалықтардың 3%-ы Қазақстанға
тиесілі болды.
Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан
экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр
(экстенсивті) әдіспен жұмыс істеді. Соның өзінде халық шаруашылығының
дамуында кейбір келелі көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, осы жылдарда
өндіріс және ғылыми өндірістер құрылымдарының саны 28-162 дейін, оның
ішінде кәсіпорындар 1971 жылы – 97, ал 1985 жылы – 610 дейін өсті.
Бірақ шаруашылық реформа нәтижесі күткендегідей болмады. Оның
себептері:
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
- КСРО-да ҒТП негізінде түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз
жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану
жалғаса берді.
- Мемлекеттік – монополистік меншік ҒТП – ты тежеп, экономиканың
тиімді дамуына мүмкіндік бермеді.
- Өндірістік бірлестіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта
монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді.
Өндіріс саласындағы кемшіліктер:
- Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар
ұсталды.
- Республика өндірісінде көмірдің 50-60%-ы; мұнайдың 70%-ы, темірдің
11,5%-ы рәсуа етілген.
- Әр түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалушылық салдарынан
жұмыс уақыты босқа жоғалды.
- Кәсіпорындар құқы шектелді.
- Орталықтың өктемдігі күшейді және де басқа ұнамсыз құбылыстар
көбейді.
- Жоспарларға түзетулер енгізу сақталды. 1981-1985 жылдары әр түрлі
министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді.
- Директивалық жоспарлау экономикаға орасан зор нұқсан келтірді.
Нәтижесінде Арал теңізі проблемасы пайда болды:
1. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген
стратегиялық қателіктер.
2. Жер мен су қорын есепсіз пайдалану.
3. Мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру.
Нәтижесінде теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға құрғап қалды. Теңіз
суының тұздылығы 3 есеге өсті. Балық өнеркәсібі жойылды. Теңіз түбінен
тұз бен шаң көтеріліп, Арал аймағының климаты күрт нашарлады. Адам
өлімі, әсіресе балалардың шетінуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-ы әр
түрлі сырқаттарға шалдықты. Экологиялық апат қазақ ұлтының генетикалық
өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу проблемасын көтерді.
Осындай экономикалық дамудағы кемшіліктерге қарамастан 70-
жылдары өнеркәсіп жетекші орын алды. 170-тен астам өнеркәсіп кәсіпорны
мен цехтар бой көтерді:
1. Лисаков кен-байыту комбинаты.
2. Шерубай – Нұра шахтасы.
3. Талдықорған аккумулятор зауыты.
4. Павлодар облысында Ертісте Шүлбі СЭС-і құрылысы басталды.
1970-1985 жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом жұмсалды
(32%). 1970-1985 жылдары өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі – 2 есе, машина
жасау, химия өнеркәсібі – 3 есе өсті.
1965 жылдан бастап ауылшаруашылығы саласына бөлінетін қаржының
көлемі көбейді, 7,1 млрд. сом бұл салаға тек қана 8-бесжылдықта бөлінді.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
Республикада 1893 шаруашылық дәнді-дақылдар өсіруге мамандандырылды,
1285 шаруашылық қой өсірумен айналысты. 1967 жылдан бастап
ауылшаруашылық кәсіпорындар шаруашылық есепке көшіріле бастады. Бұл
кезде ауылшаруашылық саласына басқа республикалардан жұмысшылар
келе бастады. 1968 жылы Қазақстанға армия қатарынан босатылғандар және
басқа одақтас республикалардан 16 мыңға жуық комбайншы келді.
70-80 жылдары ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер
қабылданып, оларда сала өндірісінің материалдық базасын нығайту, оның
өсу қарқынын барынша ұлғайту, мамандандыру мен шоғырландыру көзделді.
1971-1980 жылдар ішінде республиканың ауылшаруашылығына 18 млрд.
сомнан астам кұрделі қаржы жұмсалды. Жерді суландыруға, химияландыруға
да орасан зор көлемде қаражат бөлінді.
Ауылшаруашылығының мәселелерін тек күрделі қаржыны көбейту
арқылы ғана шешуге тырысу күткендей нәтиже бермеді. Ауылшаруашылық
өнімдерін өндіру төмендей бастады. 9-бесжылдықта - 13%, 2- бесжылдықта –
0,4%.
1964-1985 жылдары мал шаруашылығы құлдырады: 4,2 млн. – ірі қара;
55 млн.-қой-ешкі; 5,1 млн. – шошқа өлім – жітімге ұшырады.
Ауылшаруашылық кәсіпорындар солақай саясаттың кесірінен көптеген
шығынға батып отырды.
1986 жылы еліміздегі барлық ауылшаруашылық кәсіпорындар,
шаруашылықтар өздерінің қаржысынан айырылып, несиемен ғана жұмыс
істей бастады.
70-жылдары республиканың бірқатар ауылшаруашылық қызметкерлері
шаруашылық жүргізудің қалыптасқан құрылымын өзгертуге әрекеттенді,
И.М. Худенко сондай адамдардың бірі болатын.
Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы «Іле» және «Ақши»
совхоздарының директоры И.М. Худенко шаруашылықты басқарудың
құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар шаралар қолданып, еркін еңбек
ету жүйесін енгізеді, фермерлер усадьбаларын дамытуға әрекеттенді.
Бюрократиялық жүйенің кесірінен И.М. Худенко қуғындалып, ақырында бас
бостандығынан айырылады. Түрмеге түсіп, сонда қайтыс болады.
Колхоздардың дербестігін жоюға бағытталған қадамның бірі –
ауылшаруашылығын мамандандыру, кооперациялау және агро-өнеркәсіптік
интеграциялау туралы КОКП ОК-нің 1976 жылғы шешімі болды. Оның
негізінде колхоздар мен совхоздарды механикаландырылған агро-
өнеркәсіптік бірлестіктерді күштеп біріктіру жұргізілді.
1982 жылы мамыр айында КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Онда
азық-түлік программасы қабылданды және агро-өнеркәсіптік кешеннің
тиімділігінің жеткіліксіз дәрежелі екендігін мойындауға мәжбүр болды.
Пленум азық-түлік проблемасын шешудің бірден-бір мүмкін жолы
интесивтілігі басым өсу факторларына көшу деп тапты.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
Алайда азық-түлік бағдарламасы мен ауылшаруашылық өндірісінің
құлдырауын тоқтатуға бағытталған өзге де әрекеттер айтарлықтай нәтиже
бермеді. Өйткені бағдарлама басқарудың ескірген жүйесі аясында жасалды
және шаруалардың түбегейлі мүдделерін, ауыл еңбеккерлерінің
экономикалық мүдделерін қозғаусыз қалдырды. Колхоздар мен
совхоздардың шаруашылық дербестігі бұрынғысынша жоғарыдан реттелді.
Осының салдарынан ауылшаруашылығындағы жағдайдың дағдарыстық
сипаттары көбейе түсті. 80-жылдардың орта шенінде іс жүзінде барлық
жерде тамақ өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілді. Село
тұрғындарының еңбегі бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақтарға көшіп
кетуге мәжбүр болды. Жүздеген қаңырап қалған кішігірім ауылдар пайда
болды.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда КСРО-да экологиялық жағдай
күрделі проблемалардың біріне айналды. Бұл проблемадан Қазақстан да тыс
қалған жоқ. Әлем тарихында «қырғи қабақ соғыс» («холодная война»)
аталған империалистік мемлекеттер мен социалистік мемлекеттер
арасындағы жанталаса қарулану бәсекесі XX ғасырдың 2-ші жартысында
дүниені шарпыды. Бұл бәсекеде басты орында АҚШ пен КСРО тұрды. Ең
алдымен бұл екі мемлекет ядролық қарудың ошағына айналды.
Қазақстан КСРО қорғаныс кешенінің ең ірі ядролық полигоны болды.
Қазақстан жеріне осы және тағы басқа әскери қару-жарақ кешендерін салу
барысында ешкімнің мүддесі ескерілмеді. Қазақстанда ең ірі Семей полигоны
болды. Семей, Павлодар, Қарағанды облыстары түйіскен жерде орналасқан
бұл полигон 8372 км2 жерді қамтыды. 1949 жылы 29 тамызда Семей
полигонында алғаш рет ядролық қаруды сынады. Семей полигонында
барлығы 500-ге жуық ядролық сынақ өткізілді. Ол кезде полигонның
халыққа, қоршаған ортаға деген зияны туралы еш нәрсе айтылмады.
Полигонда өткізілген әрбір сынақтың адам өміріне келтіретін зияны өте көп
болды. Адамдар арасында түрлі аурулар көбейді. Өмірге келетін сәбилердің
кемтар болып тууы жиіледі. Жер қыртыстары жарамсыз болып қалды. 1969-
1970 жылдары Маңғыстау жерінде жер астында ядролық қару үш рет
сыналды. Бұл сынақ халықтан жасырын түрде өткізілді. 70 жылдардан бастап
Қазақстандағы тағы бір экологиялық апатты аймақ Арал теңізі болды. Ең
алдымен өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателік
басты себептердің бірі болды. Сырдария, Амудария өзендері суларын мақта,
күріш дақылдарын өсіруге қисапсыз пайдалануы Арал теңізінің тартылуын
тездетті. Қазіргі уақытта Балқаш көлінің де экологиялық жағдайы проблемаға
айналып отыр.
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан
кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік,
экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. Дағдарыстың себебі
өте көп болды.
Саяси саладағы белгілері:
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге
қабілетсіздегі және дәрменсіздігі.
2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке
өмірінің бір орталықтан басқарылуы.
3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен
төрешілденуі.
4. Заңдылықтың бұзылуы.
5. Жариялылықтың болмауы.
Экономикалық салаларда дағдарыстың белгілері:
- шаруашылықтың жүргізудің шығындық тәсілі.
- ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық.
- бақылаусыз басқару аппараты.
- инфляция.
- товар зәрулігі.
Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері:
- халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы.
- теңгермешілдік.
- әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы.
- күнделікті тіршіліктің бұрмалануы.
- ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер.
- маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және
коррупция.
Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда
тұрды.
1985 жылғы наурызда Н.У. Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП
ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С. Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде
КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету
мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты
жарияланды. М.С. Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық , жеделдету,
қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде
мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытын бастауға міндет алды.
Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл
бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғашқы кезден
бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В. Гришин,
Ленинградта Г.В. Романов, Қазақстанда Д.А. Қонаев, Әзірбайджанда
Г. Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты
мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара
алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.
1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында
«Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды.
Қаулының кемшіліктері:
1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат
құрды.
1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру
мәселелеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік
кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының
ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер
ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін
меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына
мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.
Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғамның саяси құрылымдарын
жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже
бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай
түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады,
азық-түлік түрлері нашарлады.
1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Бүкілодақтық
конференцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау
жасалып, мынадай шешімдер қабылдады:
1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметтік-экономикалық
өзгерістер жасау мүмкін еместігін мойындау.
2. Демократияландыру мен жариялылық.
3. Төрешілдікке қарсы қүрес.
4. Халықтық реформа жүргізу.
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге
реформа енгізу керек болды. 80-жылдарға қарай халық шаруашылығын
жоспарлаудағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл
жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау
құбылыстарын туғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани
идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым
мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды.
Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана
1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық
мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте
отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.
Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Мәскеуде ғана шешіліп отырды.
Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды. Қазақстан партия
басшысы Д. Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге
жол берді. Д. Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында
табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі
әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайлы
қарады.
1989 жылы мамыр-маусым айларында КСРО халық депутаттарының I
съезі өтті. Бұрынғы жылдардан өзгешелігі съезде саясаттағы, экономикадағы
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір
сыни және табанды талдау жасалып, кеңес қоғамына төнген дағдарыстың
себептерін іздеу әрекеттері жасалды. Съезд барлық дәрежедегі партиялық
және мемлекеттік органдар қызметінің арасын ажырату мәселесіне арнайы
тоқталды. Бұл съезден кейін Компартияның билігі өз беделінен айырыла
бастады. М. Горбачев бастаған партия басшыларының С.Е. Лихачев, П.
Соломенцев қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол,
кәсіподақ қызметтері де үздіксіз сыналды.
КСРО халық депутаттарының І съезінде жаңа одақтық келісім
шарттарды жасау мәселесі көтерілді. Бірқатар одақтас республикаларда
егемендік туралы декларация қабылданды (Балтық жағалауы
республикалары, Украина, Қырғызстан).
1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы
Декларация жариялады. КСРО басшыларының шындықты бағалап, түсінуге
қабілетсіздігі, республика халықтарының ыңғайына барғысы келмеуі
олардың беделін түсірді. Ресей Федерациясы да өзінің егемендігін
жариялады. Россия «КСРО-ң бел омыртқасы» болып есептелгендіктен, бұл
кеңес жүйесіне берілген өте ірі соққы болды. Соған қарамастан, КСРО-ның
болашағы туралы мәселе түпкілікті шешілмей, ол ірі ел ретінде тіршілік ете
берді.
Достарыңызбен бөлісу: |