2. Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына
бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді
(милитарландырылды). Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше
қысқартылды. Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.
Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты
соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркәсіп құрылыстарын салып
аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан
220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.
Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді:
1. 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы;
2. 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен,
Мәскеу, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді.
Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық
комиссариатының қарамағында болды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53
кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12
есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті.
Мәскеу қаласы және Мәскеу облысынан көшірілген кәсіпорындар:
Мәскеу авициация жасау заводы, Урюпа ет-консерв зауыты, Дзержинский
атындағы электротехника зауыты, Мәскеу рентген зауыты, № 3 Александр
радио зауыты, С. Орджоникидзе атындағы механика зауыты. Жалпы
Қазақстанда Мәскеу қаласы мен облысынан көшірілген 40 зауыт
орналастырылды.
Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков
электротехника зауыты, Подольск механика зауыты, Запорожье
ферроқорытпа зауыты, Днепропетровск вагон жасау зауыты. Украина ККС –
інен Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді. Қазақ КСР-не
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар, Алматы, Қарағанды,
Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.
Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс
істеді. Өнеркәсіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген
мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Донбасстан 3200– ге жуық шахтер,
2000-дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер– техниктер
саны 700-дей болды.
Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды. 1942
жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85 %-ын, көмірден 18 %-ын,
молибденнің 60 % -ын, оқтанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді. 1942
жылы 21 тамызда кеншілер еңбегіне үдемелі-кесімді ақы төлеудің жаңа
жүйесі енгізілді.
1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды
көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы»
қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды
шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады.
Шахтерлерді азық – түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда тұрақты жұмыс
істеу үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе,
оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер
астында екінші Қарағанды пайда болды. Мұнайлы аудандарға көмек
көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу заводын, Каспий – Орск мұнай құбырын
салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. Ембіге Әзірбайжаннан
400 маман мен жұмысшылар келді.
Соғыс жылдары салынған құрылыстар: Мақат – Қосшағыл темір жолы,
Петровский машина жасау зауытының екінші кезегі, Пешной аралы – Шарин
құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу зауыты, «Комсомол»
кәсіпшілігі.
1944-1945 жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілері: Текелі
қорғасын – мырыш комбинатының алғашқы кезегі. Белоусов байыту
фабрикасы. Ақмола ауылшаруашылық машина зауыты. Алматы вагон жасау
зауыты, Атырау мұнай өңдеу зауыты. 1941-1945 жылдары барлығы 460
зауыт, фабрика, шахта салынды. Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 %
- ке өсті.
Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда
1942 жылы 600 мыңға кеміді. Колхоз өндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі
артып, 1940 жылғы 48%-ң орнына 1942 жылы 75%-ға жетті. 76 мың
механизаторлардың 55 мыңнан астамы әйелдер болды. Бүкілодақтық
социалистік жарысқа 10 мыңнан астам тракторшы қыз-келіншек қатысты.
1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға
көбейді. 1943 жылы 775 мың га жаңа жер алқаптары егістікке арналды.
Сөйтіп, республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге
асырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
айналып, майдан мен тылды қару – жарақпен, оқ – дәрімен, азық – түлікпен
қамтамасыз етуші аймақ болды.
Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі аңызға
айналды. Георгий Хайдин мыңдықщылар қозғалысының жетекшілері
А. Семиволос мен И. Янкиннің әдісін қолданған республикадағы үздік
бұрғылаушы болды. Соғыс жылдарында Ы. Жақаев, Ш. Берсиев, В.П.
Кривич, Б. Самжүрекова, Ким Ман Сам, И.Я. Кудлай есімдері
бүкіл елге әйгілі болды.
3. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық
майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа
аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер
майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында
мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В.
Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань жаумен жан
аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219
атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті.
Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса,
Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі
жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде
үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді:
Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Еуропаның
көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол
болды.
Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес
еді.
Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде
болмады. Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау
кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы
офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің
соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған
жауынгерлерден айырылуына әкеп соқтырды.
Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Мәскеу түбіндегі
шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына
Мәскеуге апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волоколамск тас жолын
қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан
атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар
(«28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып
жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ
шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл
майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар
қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды
өткізбеді. Сондай-ақ, Мәскеу қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
бөлімдерінің саяси жетекшілері П.В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар
Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
316-дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары
бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы
беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Мәскеу облысының Бородино
селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған
Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин
басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің
бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.
1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі
үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 –
гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.
Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде
соғысты. 316-атқыштар дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек) және 314-дивизия
Ленинград облысының 22 елді-мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға
қатысты.
Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тулы крейсерінде 156
қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен
марапатталды.
Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:
1. Партия ұйымдастырушысы Султан Баймағанбетов А. Матросовтың
ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды.
2. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар
ротасының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына
бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті.
3. 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков
шайқасты. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде
шайқасты. 314-дивизияның мергендер қозғалысын Солтүстік Қазақстан
облысындағы Степан Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы
колхозшысы, қатардағы жауынгер Г.П. Зубков бастады.
4. Ленин қаласы үшін болған шайқастарда артиллериялық бақылау
аэростаттарының дивизион командирі С. Жылқышев та ерекше көзге түсті.
Ленинград қоршауының аса қиын кездерінде оны қорғаушылар бүкіл
Кеңес мемлекеті халықтары тарапынан қолдау жасалғанын үнемі сезініп
отырды. 1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны
Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнап,
онда көп үлттық еліміздің бүкіл енбекшілерінің ой-пікірін, сезімі мен
алаңдатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы ән ұранына
айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты.
1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал
1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.
Ленинград шайқасының тарихи маңызы:
- Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болды;
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
- Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі болды.
1942 жылы 17 шілде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар
басталды. 1942 жылы күзде Сталинград шайқасының жалыны Батыс
Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кеңесі
Төралқасының жарлығымен Каспий алабында соғыс жағдайы енгізілді, ал
1942 жылғы қыркүйектің 1-інде Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942
жылғы қыркүйектың 15-інде облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс
жағдайын енгізді, ал 1942 жылы 26 қазанда Орал аймағы әуе шабуылынан
қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді.
1943 жылғы желтоқсанда белгіленген шекара бойынша Қазақстан
Сталинград облысымен шектесті (Каспий теңізінен Александров – Гайға
дейінгі 500 км.). 1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград
майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық
шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне
үндеу тастады. Батыс Қазақстан жерінде алты қорғаныс шебі, Сайхан, Орда,
Чапаев, Тайнақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе
облысында да қорғаныс құрылыстары салынды.
Сталинград майданының көптеген әскери бөлімдері, материалдық,
техникалық базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында
әскери байланыс торабы орналасты Батыс Қазақстан жерінде 70-ға жуық
әскери госпиталь жұмыс істеді. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жәнібек, Шұңғай
станцияларына шабуыл жасап, 7 млн. сом шығын келтірілді.
Сталинград майданын барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен.
Осында көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде
ай сайын 30 ұшақ құрастырылды. Каспий бассейнде орналасқан Гурьев
майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге
айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты
әскер дивизиясы Сталинградты қорғауға тікелей қатысты. Сталинградтың
түбінде көптеген Қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.
Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты.
Г. Сафиулин, М. Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери бөлімдері
жауды талқандау барысында көп үлес қосты. Мысалы, М.А. Баскаков
басқарған батареяның 43 зенитшісі трактор заводын қорғап, жаудың 11
танкісін жойып жіберді. 36 зенитші қаза тапты, бірақ бір адам да шегінбеді.
1942 жылы 19 желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нүркен Әбдіров
Боховская-Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері
шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапты. 29 және 38-атқыштар
дивизиясының жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына
енгізбей, танкі мен зеңбіректер жөндейтін зауытын тоқтаусыз жұмыс істеуін
қамтамасыз етті. 1943 жылы бұл дивизиялар 72 және 73-гвардиялық
дивизияларға айналып, «Сталинград дивизиясы» құрметті атағына ие болды.
Оңтүстік Қазақстандық жауынгері Толыбай Мырзаев «Павлов үшін»
қорғауға ерлік көрсетті.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
Сталинград түбінде қазақстандықтар К. Сатпаев пен А.А. Бельгин
өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағынын Батыры атағына ие болды.
116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкінің 7-ротасының
жауынгерлері Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасты. Олардың ерлігі
құрметіне Сталинградта «Қазақ» көшесі ашылды. 11 жауынгер 300 фашистке
қарсы шайқасып, түгел қаза тапты (араларында Лениногорскілік комсомол
Кәміл Хузин болды). Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе «Шығыстың 11
батырының төбесі» деп аталады. Қазақстандық Т.С. Позолотин басқарған 17-
гвардиялық танк полкі Еділ жағасындағы ірі операцияларда шешуші роль
атқарды. Сөйтіп, 1943 жылғы қыста Сталинград түбінен жау 600-700 км.
жерге қуылды.
Сталинград шайқасының тарихи маңызы:
- Екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес
қосты.
- Қызыл Армия стратегиялық инициативаны берік қолға алды.
- Гитлерлік Германияның тағдырының шешілу уақытын жақындата
түсті.
- Еділдегі (Волгадағы) шайқас бүкіл дүниежүзілік тарих шежіресіне
ұмытылмас ерлік беттерін қосты.
12-тақырып. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.).
Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж) (1 сағат)
1. Экономиканы бейбіт өмірге лайық қайта құру. Саяси - қуғын сүргін.
2. Тың және тыңайған жерлерді игеру. Өнеркәсіптің дамуы.
3. Қазақстанның қоғамдық –саяси өміріндегі «Хрущевтік жылымық».
Ғылым және мәдениеттің дамуы.
СӨЖ тапсырмалары:
1. Қазақстан аумағындағы соғыстан кейінгі кезеңді сипаттаңыз.
2. Жекелеген халықтардың (немістер, шешендер, карачайлар, т.б.)
Қазақстанға жер аударылуының зардаптарын ашыңыз.
3. 1965-1966 жылдардағы экономикалық реформаның елді дамытудағы
рөлін айқындау.
1. II дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді.
Кеңес Одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың
КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569
миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32
мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол
станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск қалалардың көп
бөлігі талқандалды .
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына
келтіру Кеңес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең
алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс
қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес
Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде
қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар
жіберілді.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа (1946-1950
жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына
келтіру, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне
жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге, онда
Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ,
жеңіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың
материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып
саналды. Төртінші бесжылдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы
мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін
салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді.
Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды.
Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен
салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе
артатын болды.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт
тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық
құрылыстары: 1946-1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және
түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған
талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау зауытында үй
прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші
кезегі, Өскеменде қорғасын-мырыш (1947 ж.) комбинаты салынды.
Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай
кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-
жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды.
Бесжылдық қорытындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940
жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ
- 1,9 электр қуатын өндіру 4,1 есе артты.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы
өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады.
Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заауыттары салынды. Көлік
жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір
жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды. Байланыс ісі
жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын
автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2
есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың
болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық
шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті.
Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауылшаруашылығын қалпына
келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауылшаруашылық
техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің
ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу және тағы басқа.
1946 жылғы 16 қыркүйекте ауылшаруашылығында орын алған ауыр
жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес совхоздар
мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды.
Ауылшаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет
арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл
шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың
автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды. 1950 жылы
еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді. Осы жылдарда ұсақ
колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы
қантарда 3670 колхоз қалды немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық
қысқарды. 1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай
электрлендіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752
колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы
электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен
салыстырғанда 2,8 есе өсті.
Республикада төртінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан
аса ұлғайды. Ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950
жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы
дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа
тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті, ірі қара мал 27, қой мен
ешкі 70, жылқы 71%-ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты. Дегенмен,
ауылшаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды. 1946 жылы
қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының
зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек
өнімділігі төмен еді. Ауылшаруашылық жарғысын (уставын) бұзушылық
етек алды. Колхозшыларға еңбек күнге өнім өте аз мөлшерде бөлінді.
Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-
әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады.
Жергілікті жағдаймен есептеспей, жоғарыдан жоспарлап, аппарат тарапынан
бұйрық беріліп отырды. «Әскери коммунизм» кезеңінің азық-түлік салғырты
саясаты жалғастырылды. Колхозшылардың еркін жүріп-тұруын шектейтін
соғысқа дейінгі нормалар сақталды:
- Төлқұжаттары болмады.
- Ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар елді
асырап отырды.
Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін
аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор
қиыншылықтарға, әсіресе ауылшаруашылығында болған орасан зор
қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге
жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып
келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық
жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып
алу қабілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің,
еттің, сүттің, өнеркәсіп өнімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың
дамуы нәтижесінде базар бағасы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы
алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен
қатар еңбекшілердің жалақысы да өсті.
Кеңес үкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту
шаралары:
1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік
көмек көрсетілді.
2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша
еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды.
3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді.
4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар
берілді.
5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу
қалпына келтірілді.
6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.
Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың
әлеуметтік жағдайы әлі ауыр болды. Тұрғын үйлер жетіспеді, халықтың
өнеркәсіппен азық-түлік товарларын керек етушілігі толық қамтамасыз
етілмеді. Республиканың сауда орындары жұмысты әлі нашар істеді.
Медицина мекемелері санының өсуіне (39%) қарамастан, халыққа
медициналық қызмет көрсетуде әлі елеулі кемшіліктер болды.
2. 1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы
ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму
болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауылшаруашылық саласына көп
көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село
еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды,
ауылшаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді,
аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр
қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті
қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі
ауылшаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың
және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды. 1954 жылы қантарда болып
өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-
нің бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды.
Бірінші хатшылыққа П. Пономаренко (1954-1956 жж.), ал 1955-1956 жж.
Л.И. Брежнев сайланды.
1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық
өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы
қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал,
Солтүстік Кавказ, Есіл бойы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық
алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау,
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Торғай, Павлодар облыстары.
Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға
көптеген жеңілдіктер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына
500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй
салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан
басқа да материалдық, азық-түлік көмектер берілді. Тың игеруге келгендер
ауылшаруашылық салығынан босатылды.
1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом
жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың
көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес,
ауылшаруашылығы мамандарының саны 600 мыңнан асты.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде
Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік
көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше
қарқынмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды.
Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын. Тың игеру Қазақстанда ерекше
қарқынмен жүргізілді. Тың игерудің пайдасы:
1. Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ
бойынша 41 млн. га).
2. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.
3. Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты.
Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен
қамтамасыз етті.
4. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.
5. Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.
6. Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени
объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.
7. Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді-мекендер
көбейді.
8. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет
жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады. Ең алдымен Қазақстанға
келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де
болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150
мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп
бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды:
1. Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын
алқаптардың көлемі тарылды.
2. Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының
азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
3. 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы
уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.
4. Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.
5. Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа
айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика
тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-ы
болса, 1962 жылы - 29%- ғана болды.
6. Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй
салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.
7. Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория
жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды.
Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
8. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың
игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс
пікірлер тарады.
9. Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті,
ұлттық руханияттары ескерілмеді.
10. Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар
азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ
халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың
ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.
Достарыңызбен бөлісу: |