Қазақстан тарихы (он бес дәріс) Қарағанды 2010



бет3/16
Дата31.03.2020
өлшемі394,19 Kb.
#61111
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Қазақстан тарихы база


3. Б.д.д. І мыңжылдықта Қазақстан аумағындағы андроновтықтардың

ізбасарлары сақтар болды. Ұлы дала тұрғындарының тіршілік тәжірибесі

көшпелі өмір салттан ғана бақыт табуға болатынына көз жеткізді, далалық

шаруашылық-мәдени типін саралап, дара болмысын қалыптастыруға себепші

болды. Сөйтіп, мал өндірісі негізгі шаруашылық түріне айналды. Адам еңбегі

анағұрлым өнімді болып, кең-байтақ жайылым жерлерді пайдаланып,

қосымша өнім өндіруге, оны сақтап иемденуге мүмкіндік берді. Мал мен мал

шаруашылық өнімдері айырбастық құнға ие болды. Мал шаруашылығының

негізгі 3 түрі: көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылық қалыптасты.

Мыс, қалайы, қорғасын, алтынмен қатар темір өндіріле бастады. Одан ер-

тұрман әбзелдері (үзеңгі, ауыздық), қару-жарақ, тұрмыстық бұйымдардың

жаңа түрлері жасалды. Көшпелі тұрмыс жаңа баспана түрін – киіз үйді ойлап

табуға әкелді, арба, күйме қолданылды. Қола дәуірінде алғашқы рулық

қатынастың ыдырауы жалғасып, ертедегі таптық қатынас қалыптаса бастады.

Қауымдық меншікпен қатар ішінара малға және жерге деген отбасылық

меншік нығайды. Ру қауымға орын беріп, рулық институттар өз формасын

сақтай отырып, ертедегі қауымдық қатынастарға бейімделді. Ерте темір

ғасыры дәуірінде (б.д.д. І мыңжылдық) тайпалық одақ негізінде мемлекеттік

бірлестіктер қалыптасты.

Енді тайпалардың қоныстануы туралы жазба дерек мәліметтерге келсек

біздің дәуірімізге дейінгі VIII – III ғасырларда Қазақстан даласында сақтар

мен савроматтар үстемдік құрды. Олардың айрықша қару-жарақтары мен ат-

әбзелдері, киім-кешектері және өнерде «Аң стилі» деп аталатын өзіндік

ерекше қолтаңба-мәнерлері болды. Қазақстанның бұл ерте дәуір тарихы -

антикалық авторлар еңбектері мен ежелгі Иран патшалары қалдырған

жазбаларында жақсы сипатталған. Әсіресе, Қазақстан жерінде мекендеген

ежелгі көшпенділер туралы жазбаша деректі - Заратуштра пайғамбардан

қалған қасиетті «Авеста» кітабында шынайы мазмұндама көрініс табады. Ол

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

- жалғыз құдайға сенім келтіретін әлемдегі алғашқы дін зороастризмнің

негізін салды. Зороастризм батыс және шығыс өркениеттерінің негізгі

діндері болатын иудаизм, буддизм, христиан, исламға бірқатар әсерін

тигізді. Арий тегінің Спитама руынан болатын Заратуштра Ұлы Даладағы

Еділдің шығысына қарай б.д.д. 1500-1200 жылдар аралығында, басқа

деректерде б.д.д. І мыңжылдықтың басында немесе б.д.д. VІІІ-VІ ғасырлар

аралығында өмір сүрген.

Авестаға жүгінсек Қазақстанның ұлан-ғайыр далаларында «жүйрік

мінген турлар» ғұмыр кешіпті. Турлар парсы деректерінде сақтар

деп аталады, бұл сөз «еңсегей бойлы еркектер» дегенді білдіреді. Антика

авторларының шығармаларында олар «скифтер» деген атпен мәлім

болды. Б.д.д. VІІ-І ғғ. Орталық Қазақстанды Тасмола мәдениетінің

тайпалары - исседондар, Батыс және Солтүстік Қазақстанда – б.д.д. VII-V

ғасырдағы савроматтар мен б.д.д. IV-ІІ ғасырдағы сарматтар, Шығыс

Қазақстанды - аримаспылар, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды - тиграхауда

сақтары, Арал маңын - массагет сақтары қоныстанды.

Сақ дәуіріндегі қоғамдық тіршілігінде халық жиналысы маңызды рөл

атқарды. Оған ер азаматтар қатысқан. Ер адамдардың орны ру-тайпасының

деңгейіне қарай анықталып отырды. Қоғамдық құрылымы: Үй басы, Ру басы,

Тайпа басы, Ел басы (патша) болып жіктелді.

Сақтардың этникалық процестерге қатысқаны айқын, олар қазақ,

қырғыз, өзбек, қарақалпақ, тәжік, сондай-ақ Ауғанстанның, Иранның,

Үндістанның және Қытайдың кейбір халықтарының этногенезі болып

табылады. Сақтар – қазақ тайпаларының көне ата-бабалары. Есіктегі

қорғанынан табылған күміс тостағанның сыртқы жағына 26 таңбалы екі

жолға жазылған аса құнды алфавитті руника жазуы табылды. Бұл жазуды

оқыған белгілі түрік танушы, филология ғылымының докторы, профессор

Алтай Аманжолов былай көшірді: «Аға, саңа очук! Без, чок! Букун ічре

азук!..». Бұл былай қазақшаланды: Аға, саған (бұл) ошақ! Бөтен (жат ел

адамы), тізеңді бүк! Халықтың қарыны тоқ (болғай)!

Сонымен Есік, Шілікті қорғандары, Түгіскен мен Ұйғарақ кесенелері,

сақтардың Шірік-рабат пен Баланды қалалары секілді сақ мәдениетінің

көрнекті ескерткіштерін археологтардың ашуы тағы бір кедергіден өтуге

мүмкіндік берді. Табылған жазбалардың, көрнекті өнер туындыларының

жәдігерлеріне сүйене отырып, біздің дәуірімізге дейінгі І-мыңжылдықтың

ортасында Қазақстан аумағында пайда болған көне сақ мәдениетін әлемдік

тұрғыда озық өркениеттердің бірі есебінде санап, дүниежүзілік тарихқа өз

ықпалын елеулі түрде тигізді деп айтуға болады.

Б.д.д. ІІ ғасырда Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалар ерте

мемлекеттік билік құрылымын қалыптастырды. Бұлардың этникалық тарихы

Орталық Азияны сол кезге дейін үстемдік құрған сақ тайпаларымен тығыз

байланысты болған Үйсіндер мен Қаңлылар. Тиграхауд сақтардың жерін

мұра еткен үйсіндер Жетісуға Орталық Азияның түкпірінен келген еді.

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

Олардың территориясы өте ауқымды болды: солтүстігінде Балқашпен

ұштасса, батысында Таласқа тіреліп Қаңлылармен шектесті, шығысында

Ғұндармен шекаралас болды, ал оңтүстігінде Ферғанамен ұштасып жатты.

Оның негізгі орталығы Жетісудағы Іле аңғары, ал астанасы Чигучен

(Қызылалқап) Ыстық көлдің жағасында орналасты.

Үйсін тайпасы жөніндегі ежелгі қытай жазбаларында мәліметтер мен

деректер олардың бір кездерде Іле өңіріне келіп қоныстанғаннан кейінгі

уақытта аса күшті тайпалық мемлекет ретінде тарих сахнасына шығып, өз

тұсында едәуір ықпалды болғанын баян етеді. Қытай тарихшысы Сыма-Цянь

мен Бан Гудың «Ханнамасы» мен «Жылнамасында» мынадай деректер бар:

«Үйсін мемлекетінің жері ... ұлан-байтақ кең, әрі жазық, жауын-шашыны

көп, ауа райы суық, тауларда қалың қарағай өседі. Егіншілікпен

айналыспайды. Малмен бірге жайылым-суат жағдайымен көшіп жүреді.

Әдет-ғұрпы ғұндарға ұқсайды. Бұл елде жылқы көп, байларында 4-5 мың

жылқы болады. Халқы қайсар, батыр келеді. Сенімсіздік істегендерге қатты

өшігеді, ұры-қарысы жоқ. Ең күшті мемлекет....».

Үйсіндер билеушілерін Күнби (гуньмо) деп атаған. Ол елде тұтас әскери

және әкімшілік құқықтарды басқартатын мемлекеттік билік түрі болған.

Үйсіндер одағы көршілес тайпалардың экономикалық жаңа саяси өміріне де

зор ықпал етті. Мысалы, үйсіндер Солтүстік Қытайдағы Хунну (Ғұн),

Хорезмдегі Кангүй (Қаңлы), Памирдегі Кушан тайпаларымен араласты.

Үйсіндер жартылай отырықшы ел болған. Үйсіндерде мал шаруашылығы

мен егіншілік кәсібі қатар дамыды. Құлдық және феодалдық құрылыстың

нышандары басым рулық институттары бар ертедегі қоғамдық қатынастар

қалыптаса бастады, малға деген меншік нығайды. Малға, салт мінетін

аттарға, ыдыс-аяққа __________сонау сақ дәуірінде пайда болған рулық, қауымдық, жеке

меншіктік иелікті білдіретін таңба басу дәстүрі кең тарады.

Қазақстан жерінде тарихта елеулі із қалдырған ірі мемлекеттік

құрылымдардың бірі - Қаңлы мемлекеті. Бұл туралы алғаш рет б.д.д. II

ғасырдағы жазба деректерде айтылады. Осы деректерге сүйенсек, бұл

мемлекеттің территориясына Оңтүстік Қазақстанның ауқымды аймағы мен

Ташкент ойпаты кіреді. Шығысында Талас бойы, батысында Арал өңірімен

ұштасып отырады. Бірлестік билеушісі Дуанның (Ферғана) астанасы Эрти

қаласынан солтүстік-батыста ірге тепкен Битянь қаласында орналасқан.

Ғалымдардың бірі түркі тілдес десе, екіншілері Иран тілдес халық деседі.

Қуатты мемлекеттік бірлестік болған. Шаруашылықтың маңызды бір саласы

– мал өсіру болған. Хорезм, Арал өңірі, Ташкент оазистерінде суармалы

егіншілік жетекшілік орын алды. Дәнді дақыл егіп, бау-бақша өсірген. Елді

мекендерінің қоныстарынан бидай, бидай сақтаған ыдыстар, қол диірмен,

астық пен бау-бақша өнімдерін сақтайтын құмыралар табылды. Жерді темір

кетпендермен өңдеген, жер өңдеуге сүйектен жасалған құралдар да

қолданылған. Жетіасар аймағында өзеннен егістікке қарай келте тартылған

(40-50 м) арық, атыз, әуіт және кішігірім су бөгендерінің орны табылды. Оған

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

қосымша аң, балық аулауды да кәсіп еткен. Қаңлылардың материалдық

мәдениеті негізінен қоныстар мен обалардың орнынан табылған заттар

бойынша анықталып отыр.

Орталық Сырдария аймағында (Шаш, Отырар, Қаратау) тараған қаңлы

материалдық мәдениеті тарихи әдебиеттерде Қауыншы, Жетісай, Отырар-

Қаратау мәдениеті делінсе, ал І мыңжылдықтың басынан бастап

Сырдарияның төменгі ағысында бұлармен тектес Жетіасар мәдениеті деп

аталады. Жетіасар мәдениетінің жұрттары көлемінің кеңдігімен,

орналасуының айрықшалығымен және материалдық мәдениетінің

ерекшелігімен сипатталады.

Қазір ондаған қаңлы қоныстары белгілі. Ең ірі ескі қоныстардың бірі –

Алтыасар. Ол трапеция пішінді болып келген төбе секілді. Алтыасар, Ақтөбе,

Қарауылтөбе сынды қоныстарды зерттеудің нәтижесінде оны мекендеген

халықтардың өмірін, мәдени табыстарын байқауға мүмкіндік туды. Қаңлы

қоныстарында көптеген тұрғын үйлер мен шаруашылыққа қажетті

құрылыстар болған. Олардың сыртына дуалдар соғылып, ор қазылған.

Кірпіштен тұрғызылған монументальді құрылыстар, архитектурасы күрделі

ғимараттар мен ою-өрнектер ежелгі қаңлылық мәдениетінің жоғары

дәрежеде болғандығының бір айғағы. Үй шаруашылығы кәсіпшілігінен

ұсталық пен қыш ыдыстар жасау ісі, түрлі зергерлік өнер мен тас, сүйек

өңдеу өнері кеңінен тараған.

Қаңлылар одағында дамыған әлеуметтік-саяси иерархиялық құрылым

археологиялық қазбалардан айқын көрінеді. Оларға сан-салалы әкімшілік-

саяси аппаратпен байланысып жатқан жоғары дамыған әскери ұйым да тән

болды. Осы негізде үйсін және қаңлы тайпалық одақтарына - мемлекеттік

құрылымға тән жекеленген белгілермен ерте мемлекеттік нышандары бар:

әкімшілік, күштеу аппараты, әскери ұйым биліктің мықты жүйесі

қалыптасты.

Төрткүл дүниенің төрт бұрышын түгел билеп, әлемді аузына қаратқан

түркі тектес елдің түп атасы – ғұндар кейін көптеген ұлттардың құрамына

еніп, мемлекеттерінің өсіп-өркендеуіне негіз болғаны тарихқа белгілі.

«Қазақ Совет энциклопедиясында» Ғұндар түркі тайпаларының түп атасы

екені ашып айтылған. В.В. Бартольд, А.Н. Бернштам және басқа ғалымдар

да солай дейді. Олар ғұн мен оғыз екеуі бір ел деп дәлелдейді. Оған

қарағанда Арғұндар ежелгі ғұндардан таралып, солардың атының этнонимі

түрінде сақталғаны байқалады» делінеді. Негізінде дұрысы арғын емес,



арғұн немесе арғы (ару) ғұн болу керек. Академик Әлкей Марғұлан

жариялаған Еділ (Атилла) патша заманынан бері ел аузында сақталып

келген «Алаң .ай батыр» туралы жыр-дастанда «Арғы атам менің

Арғұнбек, Жалғыз шауып жауды алған» дейді. Осы дастанның құндылығы,

біріншіден – Арғұндар атауы Еділ заманынан да бұрын белгілі болуы;

екіншіден – ғұн, Еділ заманынан сақталған жазба деректермен астасып

жатуы. Яғни, жырда аталатын тарихи тұлғалардың аттарында Еуропаның

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

жазба деректерімен ұқсастық кездесіп отырады. Мысалы, Геродот скифтің

патшасы Тарғытайдың үш ұлы болған дейді, олар: Липоксай, Арпоксай,

Қолақсай. Осы ұқсастық жырда аталуы: Молақсай, оның баласы Алаңқай –

Арпақсай, нағашысы Құлансер – Құлансай – Қолақсай зерттеушіге сырды

ашуға мегзейді. Геродот «Мельпонема» кітабында: «... ағаштан істеген

үйлері бар, оны ақ киізбен жабады. Төңіректегі жұрт оларды киелі

санайды. Көрші елдердің дау-шараларына төрелік айтады. Бұл халықтың

аты аргиппей» деп, басқа да ерекшеліктерін жазады. Птоломей б.д.д. ІІ

ғасырда ғұндар (ғұн атауын қателіксіз белгілеуінде) Солтүстік Кавказда

отырғанын айтады.

Көшпенділермен алғашқы кездескен эллиндер кейінгі ұрпақтарына

салт атта отырған жауынгерлерді бірінші көргенде «кентаврлар» (человек

лошадь) деп үрейлі атау қалдырды. Эллин, Ұрымдықтар екі теңіздің

ортасында мекендеген халықты гипорборейлер, жалғыз көзді құбыжықтар

деп атапты. Бұл жердегі бір гәп (жалғыз көз деген сөздің тарихын ашу)

ғұндардың қолданған ұранында болуы керек. Шынайы түркі тілінде ғұн,

гүн, һүн бір ұғым береді – «күн» немесе «шығыс» деген мағынаға саяды.

Басқа елдерге төрт көзді Ғұндар бірлігіне жататын: Арғұнда, Барғұнда,

Өрғұнда, Дарғұнда бір ғана ғұндар болып табылады. Төрт ірі тайпадан

құрылған бірлестік сыртқы жұртқа бір ғана ғұн болып танылғанымен,

өздерінің аумақтық және басқа да себептерге байланысты өзара бір-бірін

өрдегі ғұндар (өрғұн, орхұн, орхон ), дара ғұндар (дарғұн, таргин, даргин ),

бергі ғұндар (бұрғұн, барғұн, барын ), арғы ғұндар (арғұн, аруғұндар) деп

бөлініп отырған. Осы ғұндардың негізгі белгісі - өзінің атына сай және

күншығысты мегзейтін күн таңбасы – дөңгелек күн суреті. Әлемге

жайылған ғұндар осы таңба арқылы танылған. Бір көз, екі көз, үш көз,

төртеуі біріксе, төрт көз суретін салған туларын желбіретіп, көрші

елдерге ел бірлігін айбар қылып көрсетіп, бірліктерін осылай бекітіп

отырған. Қазақтан қалған мұра сөз - «Төрт көзің түгел болмай...» деген

нақыл сол кезден келіп отырған жоқ па? Еуропа елдеріне ишкуз деп атын

қалдырған ел – осы ғұндардың үш тайпа бірлігі – үш көз. Монғол ханы

Мөңкеге бара жатқан Людовик ІХ – елшісі, монах В.Рубрук Іле алқабында

«Эквиус қаласында болдым, одан шығып қарлықтар астанасы Қойлықта

болдым. Онда мұсылмандармен бірге, өздерінің шіркеуі бар хрис тиандар

тұрады екен»- деп, жазады. Сондағы қазіргі Дунгановка селосының

орнында болған Эквиус – ғұндардың Екі көзі болуы мүмкін. Осы ру-

тайпалар мен тайпалық одақтардың аты қазақ ішінде қазіргі күнге дейін

сақталуда. Әрбір рудың өзіне тән таңбасы және ұраны бар. Бұл таңбаны

ерте кезде рудың малына басқан, сол рудан өлген адамдардың моласының

басына тасқа ойып орнатқан. Бірнеше ру бірлесіп тоқтам жасасқан жерде

тасқа ойып белгі соққан. Ру таңбасы сол рудың нышаны орнында

қолданылған, рудың жалауларына салынған. Қазақтың көптеген ру аттары

сол рудың таңбасы арқылы аталған. Мысалы: бағаналы, балталы,

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

шанышқылы, ергенекті, тарақты, ошақты және т.б., сол сияқты дулаттың,

табынның бір көз таңбасы; арғынның екі дөңгелек көз таңбасы ғұндардың

тайпа бірлігі емес пе деген ойға жетелейді. Ал енді, қазақты

қалыптастырған ру-тайпалардың көпшілігі ежелгі заманнан тартып

Еуразияның кең даласында көшіп-қонып өркениет көтерген ұлы түркі

тілдес ру-тайпалар екені белгілі. Алайда, сан ғасырлық тарихи дамудың

сырын ашуда рудың атауы, олардың таңбасы, түптеп келгенде ауызша

тарих-шежірелер мен аңыздарды және көптеген себептерді қолдана

отырып сырын ашып отырсақ, тарихымыз барған сайын кемелденіп

«ақтаңды» тұстары баянды болушы еді. Яғни, батыс пен шығыстың

жылнамаларынан, өзіміздің туындыларымыздан тірнектеп іздеп жүру –

қазіргі заманның қажеттілігі, Қазақ деген халқымыздың ортақ тарихын

ашу.

Сонымен, тарихта ғундардың да аты кеңінен жайылған б.д.д. ІV-ІІІ ғғ.



мен біздің заманымыздың V-VІ ғасырлар тұсында әлемге әйгілі болған

көшпелі өркениетін қалыптастырған қағанаттардың бірі. Ғұндар жоғары

дамыған материалдық мәдениет пен әскери-әкімшілік принциптік түрде

ұйымдасқан билік институтын және мәдени катализатор қызметін атқарған

империялық құрылымды қалыптастырды. Мемлекет басында атадан балаға

мұра ретінде ауысып отыратын Тәңірдің рақымымен берілген билік

лауазымы Шаньюй (Тәңірқұты) басқарды. Оны «Тәңірдің ұлы», «Аспанда

туған және Күнмен, Аймен безендірілген» деп таныды. Империяның барлық

жері - Шаньюдің меншігі болып есептелді, ал Елін қорғауда - ол міндетті

болды. Биліктегі келесі баспалдақ оның кеңесшілері мен әскер

басшыларында болды. Төменгі чиндерге – тумэндер, мыңдықтар, жүздіктер,

ондықтар жатты. Тумэндерді шаньюдің өзі тағайындап, оған жері мен

халқын бөліп беріп отырды. Әр түрлі салық жүйелері мен міндетті түрде

еркек қауымның әскер борышын өтеу заңы бекітілді.

Сонымен, ерте көшпенділер дәуіріне қатысты ойымызды

тұжырымдайтын болсақ, біздің дәуірімізге дейін VІІ-ІV ғасырларда

Қазақстанның қазіргі аумағында сол кездегі аса қуатты сақ бірлестіктері

және олармен тектес басқа да тайпа одақтарының құрылғанын көреміз. Б.д.д.

III ғ. – б.д. V ғ. аралығында ғұндар, үйсіндер, сарматтар және қаңлылар

сияқты тайпаларының өзара бірігуі тап осы кезеңге сай келеді. Жоғарыда

аталған тайпалар VI ғасырда түркі деген ортақ атауға ие болып, Орталық Азия

аумағында ортағасырлық империялық қуатты мемлекет құрылымын – Көк

Түрік Қағанатын дүниеге әкелді.

Осы ерте көшпенділердің Еуразия Даласында мәдени ырғақтары қандай

болды деген сауал-сұрағына тоқталайық. Шексіз далада қимылсыз жату

көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол - бір заңдылыққа бағынып,

табиғаттың құрамдас бөлігі есебінде даланы игеруге бағыт ұстады. Кеңістікті

меңгеру ісінде жылқының ерекше қызметіне назар аударып, оны адам еркіне

көндірді. К.Ясперс айтқандай: «тағылықтан өркениетке өтуде жер суару

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

жүйелерін жасаумен қатар ... жылқыны пайдалана білу адамзат үшін өте

маңызды болды»,- деді. Бұл әртүрлі мәдениеттердің сұхбаттасуына мүмкіндік

берді және А.Вебердің пікірі бойынша: көшпелілер «Ұлы қоныс аударуы» атты

құбылысты әкелді. Бұл өзге өркениеттердің қалыптасуына үлкен себебін

тигізді. Мысалы, мұны грек мифологиясынан көруге болады: кентавр Хирон

(көшпенді скифтің метафорасы) досы Прометейге көмек беру үшін мәңгілік

өмірден бас тартады. Шумерлік жырдағы осы байланысты Гильгамеш пен

Энкидудың (Энкиду – Ұлы Далада туған батыр бейнесі) достығынан да

аңғарылады. О.Сүлейменов «Аз и Я» кітабында шумерлік және түріктік

мәдениеттерінің туыстығы жөнінде айғақты гипотеза келтіреді. Сонымен,

А.Вебердің айтқан пікірімен ерте көшпенділер дәуірін толастасақ:

«техногендік өркениет пайда болғанға дейін көшпелілер кеңістікте мәдени

катализаторлар қызметін атқарды». Яғни, далалық өркениет әлемдік дамудың

бір қозғаушы күші болғанын дәлелдейді.



3-тақырып. Ерте орта және дамыған орта ғасырлардағы

мемлекеттер (VІ-ХІІІ ғғ.) (1 сағат)

1. Түрік және Батыс Түрік қағанаты (552-603 жж.).

2. Түркеш, Қарлұқ, Қарахан, Қидан мемлекеттері.

3. Оғыз, Қимақ және Қыпшақ хандықтары.

4. Найман, Керейт және Жалайыр ұлыстары.

5. VІ-ХIII ғғ. Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі.



СӨЖ тапсырмалары:

1. Л. Гумилевтің «Көне түріктер» кітабы бойынша танымдық

тапсырмаларды орындау: түріктердің тілдік қатынасын айқындау, салт-

дәстүрі, діни сенімдері бойынша конспект жасау.

2. С.Г. Кляшторный, Т.И. Султанов. «Казахстан: летопись трех

тысячелетии» кітабы бойынша танымдық тапсырмаларды орындау: түріктер

үшін әлеуметтік идеалдардың маңызын ашу.

1. Біздің заманымыздың І мыңжылдығының орта тұсынан бастап Ұлы

Далада этникалық үрдіс пен саяси өмірде елеулі өзгерістер бастау алды.

Мифтік дүниетанымдық көзқарас орнына адамның тарихи аспектіде әлемдегі

орнын айқындау шарты көрініс табады. Бұл тұста түркі тілдес тайпалар бірте-

бірте үстемдік ала бастады. Әлеуметтік даму және аймақтық саяси

ынтымақтасу процестерінің тездей түсуі түркі тілдес тайпалардың ірі

мемлекеттік құрылым (қағанат) құруына жол ашылды. Олар Қиыр Шығыстағы

Корей түбегінен батыстағы Карпат тауына дейін, солтүстікте Байкал мен

Енисейден оңтүстігінде Үндістанға тірелетін жалпағынан созылған кең

байтақ алқапты өзіне қаратты.

542 жылға жататын қытай жылнамалары: «cолтүстік-батыстан туцзю

(түрік) елі шапқыншылық жасады»,- деп түрік атауын алғаш рет қолдана

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

бастады. Алтай аймағында сатылап құрылған орда құрылымы VІ ғасырда түрік

атауымен тарих сахнасына шықты. Қытайлықтар туцзю, тюркут, соғдылар –

турк, туркут, византиялықтар, арабтар, ирандықтар – түріктер деп атаса, орыс

деректерінде половец пен печенегтермен қоса торк атауын да кездестіреміз.

Түрік қағанатының алғашқы кезеңіне байланысты ескерткішті археологтар

1968 жылы қазіргі Монғолия территориясында тапқан болатын.

Шапқыншылықтан аман қалған бала мен бөрінің бейнесі осы ескерткіш



құлпытасында бейнеленген. Генеалогиялық аңызға сәйкес түркі тектес елдің

бабасы он жастағы ұл баланы – қасқырдың анасы асырап алыпты. Одан туған

он бала Алтайдағы тайпалардың басын қосқан, Алаша дәстүрін жандандырған

– Түрік-Ашина әулеті түрік әлемінде ұйтқы болды. Тарихи сабақтастық

мұрындық болған түркілердің өміріндегі негізгі компоненттері ерте дәуірде

қалыптасқан еді. Орталық Азияның түркі тілдес, сонымен қатар енисей

қырғыздары, қыпшақ тобы, теле немесе оғыздар – Ашина ұрпақтары болып

табылады.

Түрік қағанатының құрылу уақыты VІ ғ. бастау алса да, онда түріктік

мәдени компоненттердің бірігуімен қатар, олардың дербестікке деген нышаны

да қатарласып жатты. Осы жайттар небәрі жеті ғасырда түркі тектес елдің он

шақты мемлекет құрғанын білеміз: Көк Түркілер қағанаты, Шығыс Түрік, Батыс

Түрік, Түркеш, Қарлық, Ұйғыр, Хазар, Оғыз, Қыпшақ, Қарахан, Қимақ, Найман

және тағы басқа.

Ерте түрік мемлекеті – Түрік Қағанаты (551-603) 551 жылы Бумын

басшылығымен пайда болды, тайпа көсеміне Қаған лауазымы тағылды. Оның

мұрагерлері Қара-қаған (552-553), Мұқан-қаған (553-572), Таспара-қаған (572-

581) билік құрды. Тарихи деректер: «Қытай мемлекеті алым-салық төлеуге

мәжбүр болды; іргелес қоныстанған – Парсы, Византия елдері саяси-

экономикалық қатынас орнатты», - дейді. Махмұт Қашғари: «түріктердің

күнбатыста Ұрым (Рим), күншығыста Қытайға дейінгі байтақ, сегіз мың фарсах

шамасындағы жерді иемденгенін», - жазып кеткен болатын.



Сонымен, түрік елі бір әулет билігіне топтасты. Күрделі дамыған

империялық басқарудың саяси құрылымын жаратты. Шаруашылығы әр

типті халықтар мен елдерді өзіне бағынышты және мұқтаж етті.

Мұқтаждық - әулетке тікелей бағыну немесе алым-салық төлеумен реттелді.

Көшпенділердің құрған мемлекеті империя (қағанат) түріне айналды. Осы

тұрғыда Түркі қағанаты ғұндар дәстүрін жалғастырып, еуразиялық империя

құрылымын жасады.

Ежелгі түріктер ерекше өркениет ошағын __________құрды. Біртұтас билік

шеңберінде болмыстың жаңа серпінді формалары көрініс тапты, оның жаңа

коммуникативтік құралдары ретінде – урбанизация үрдістері жанданды,

қалаларды салды, дүниетанымда - фәлсафалық талпыныстарымен әлемдік

«Тәңір» дінін жаратты, мәдениеттің қажетті межесі деп - Ұлы Дала болмысына

тән Қасиетті сақтап қалды. Осының бәрі қоғамның құрылуындағы әлеуметтік

және саяси өмірінде бейнеленді. Объективті мазмұны бар таным жетістігі

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

болып - тасқа қашаған таңбалардан қағазға біткен қолжазбаларда дыбыс

белгілейтін әріптік жазудың пайда болуында. Көне түрік жазуы скиф-сақ дәуірі

мәдениетімен үндесіп, астасып жатты. Көшпелі түрік қоғамы

бірсипаттылығымен, элементтердің ұқсастығымен және дәстүрлік бірлесу

негізінен байқалады.

Күлтегіннің үлкен жазба Құлпытасында: « Жоғарыда Көк Аспан, төменде

Қара Жер пайда болған кезде, ортасында Адам баласы жаралды... оларға билік

етуге менің бабаларым Бумын қаған және Истеми қаған таққа отырды... төрелік

айтып, Түрік Елін құрды». Осы жазба ескерткішінде қағанаттағы биліктің

жіктелуі тайға таңба басқандай - Бодун – Ел - Бұйрық , «Халық – Мемлекет

Заң»,- деп айқын көрініп тұр. Саяси тұрғыда Ел деңгейіне көтерілген тайпа

одағы – ру, арыс, тайпа бірлістіктерінен құрылды. Ру-тайпалық құрылым –

халық және әскери-әкімшілік құрылыс – Ел дәрежесінде бірін-бірі толықтырып

отырды. Қаған – мемлекетті ұстап, халықты басқарды. Ол жоғарғы сот, жоғарғы

абыз, әскери қолбасшы, генеалогиялық сатыда тайпаның үлкені ретінде көсем

рөлін атқарып, жаулап алған халық пен мемлекеттерге алым-салық төлеттірді.

Қаған – саяси билікке ие бола тұра, тайпа аристократиясы - бектерге сүйенді.

Бек – қаны мен жаратылысы жағынан дәстүр негізінде ақсүйек тұқымына

жатты. Түрік елінде аристократияның элитасы болып Ашина руы есептелді.

Осы ерекше сословия тобынан Жоғарғы Империя Әулеті құрылды -

кеңесшілер, жоғарғы әскери басшылар, әскери-әкімшілік лауазымдағы

бастықтар. Халықтың негізгі бұқарасы «қара бодұн» деп аталса, тәуелді ең

төменгі жігі «тат» деп аталды. «Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас»

деген сөз түрік билеушілердің бәрінде де осындай тәуелді адамдардың

болғандығын дәлелдейді. Түркі қауымының құрылымы ғасырлар бойы

қалыптасып, көшпелі-әскери тұрмыс салтының мақсаттары мен міндеттеріне

бейімделді.

Ішкі қырқыс, әлеуметтік қайшылық және сыртқы саяси себептер Түркі

қағанатын ойсыратып жіберді. Ақырында 603 жылы өз ішінен «Шығыс Түрік

қағандығы» және «Батыс Түрік қағандығы» деп екіге бөлінді. Сол уақытта

Қытай - Суй әулеті (581-618) кезінде күшейіп, Шығыс қағанаты оларға тәуелді

болып қалады. Осы ұзақ дағдарыстан Құтлық - Эльтериш қаған уақытында азат

болып, Білге қаған және Күлтегін кезінде Шығыс қағанаты бекіді.

Батыс Түрік қағандығы құрылған кезде, ол «Он оқ бодұн» - «бес арыс

дулат», «бес тайпалы нүшиби» деген атауларымен ұйымдасып - Алтай тауынан

Қаратау тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Арал-Каспий теңізіне дейін

созылған кең алқапты алып жатты. Қағандықтың негізгі ордасы – қазіргі

Жоңғар ойпаты мен Жетісуда бекінді. Соғды, Бухара, Гиндукуша, Исфиджаб,

Чача жерлерінде қағанның адамдары үстем құрып отырды. Ұлы жібек жолы

бойындағы өркендеген саудасы бар Батыс қағанаты, зор кеңістікті игерудің

тиімді тәсілін қолданды. Мал шаруашылығы мен отырықшы егіншілік түрі қоса

жүретін бірегей жүйесі, қала мәдениеті бар дамыған мемлекет болды.

Шаруашылық мәселелерді шешу саудаға байланысты болғандықтан Ұлы Жібек

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

жолын бақылап, өркендеуіне қағанат игі ықпал жасап отырды. Сауданың

өркендеуіне байланысты ақша айналымы пайда болды, сауда мен қолөнердің

орталық қалалары гүлденді. Олар: Қүлан, Тараз, Мерке және т.б. Шу

алқабының өзінде 18 шақты дамыған қалалар болды. Қалаларда өндіріс

құралдарын жасайтын темір өңдеу кәсібі, қыш-құмыра өндірісі, тоқымашылық,

ағаш өнері, тері өңдеу, тағы да басқа кәсіптер өркендеді. Ұлы Жібек жолының

сауда керуендері осы қалаларда дамылдап, әртүрлі тауарларын сатып, өздерінің

көлігін малшылардан толықтап алып отырды, сонымен бірге, бұл қалалар ішкі

айырбас пен сыртқы сауданың тұрақты орталығына айналды.

Батыс Түрік Қағанатының этникалық құрамы: Ашина түріктері, үйсіндер,

қаңлылар, түргештер, ұйғырлар, қырғыздар, қарлықтар, оғыздар, қимақтар,

қыпшақтар, яғни көпшілігі шыққан тегі жағынан туыстас – қытай

жылнамаларынан келтіргендей Шаньюй (ғұндар) тегінен еді. Яғни, бұл үрдіс

этникалық тәртіптің немесе жалпытүріктік этникалық сана-сезімнің - түріктік

(ұлттық) идеологияның қалыптасуымен аяқталды. Біртұтас билік шеңберінде

мәдени-өркениеттік – империялық стандарттар қалыптасты.

Батыс түрік пен Шығыс түрік қағандығының мемлекеттік басқару жүйесі

ұқсас болды. Жоғарғы билеушісі қаған, кейінгі лауазымдар: жабғы, тегін, шад,

еркін, тарқан, бек, бұйрық, шор, елтебер, тұтық деп аталды. Бұл лауазымдар

атадан балаға мұрагерлік жолымен ауысып отырды. Барлығы 28 дәрежелі

лауазым иелері болған ақсүйек тегіне жататын империялық билік институтын

құрды. Астанасы Суяб қаласы, ал жазғы резиденциясы Түркістан маңындағы

Мыңбұлақ болды.

Мемлекет ішінде өріс алған дағдарыс ыдыраушылықты асқындырды,

соның негізінде Таң патшалығының көмегімен Батыс Түрік қағанаты 630-634

жылдары Сырдариядан батысқа қарай созылған ортаазиялық иеліктерінен

айырылып қалды. Он алты жылға созылған тайпалар арасындағы соғыс пен

әулеттік қырқыстардың (640-657) аяғы, 657 жылы Жетісуға кең көлемде

бағытталған Таң патшалығының жорықтарымен аяқталды. Қағанат жеңіліс

тапты, енді қағандықты қытайдың тағайындаған адамы басқарды. 704 жылы

Батыс Түрік қағанаты құлады. Оның соңғы қағанын түркештер өлтірді. Енді

батыс түрік қағандығының орнына Түркеш қағандығы құрылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет