Қазақстанда тегін білім беру қолжетімділігінің артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындау мақсатында



Дата24.04.2022
өлшемі2,53 Mb.
#140707
Байланысты:
Aleumettanu

Қазақстанда тегін білім беру қолжетімділігінің артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындау мақсатында

Орындаған: Жұпарбай Шынболат

Жоспар


Кіріспе
Таным теориясы
К.Д.Ушинский дәйексөзі
Елбасы жолдауы
Идеяның артықшылықтары мен кемшіліктері

Бiлiм беру жүйесi

қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi.

Таным теориясы

бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм

Таным теориясы

Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

К.Д.Ушинский – орыс педагогы

“қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз”

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында

«Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауы

  • «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім»

Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Артықшылықтары:

  • жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасайды;
  • азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелейді;
  • Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасайды;
  • жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамытады;
  • қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасайды.

Кемшіліктері:

  • Ең бірінші, біз дайын өңделген ақпаратты баланың аузына салып береміз де, оны бала қабылдап алды ма, ол білім баланың меншігіне айналды ма, жоқ па оны ескере бермейміз. Біз дайындап берген материалдарымыз баланың меншігіне айналмаса ол оны кез-келген уақытта ұмытып қалады. Міне сондықтан да біз ең үлкен кемшілік осы дайын нәрсені бере салу деп білеміз. Мысалы, бала бір тригонометрияның өзінен 48 формуланы жаттайды екен. Біздің жаңа стандарт балаға ол форомуланы беріп қана қоймай, оны қайдан табу керек екендігін үйретеді. Сонда бала білімді қайдан алуға болады, қалай іздеуге болады және сол білімді пайдалана білуді үйренеді. Өйткені соншама білімді баланың басына салып қою мүмкін емес.
  • Екіншіден, оқу процесіндегі қарым-қатынас. Бізде мұғалім мен оқушы арасында субъективті объективті қарым-қатынас орнаған. Яғни, оқушы мұғалімге бағынышты. Бұл жерде мұғалім балаға білімді айтып беру үшін қажет емес, баланы білімді алуға үйрету үшін қажет екендігін түсіну керек. Осыны ескере отырып жаңа стандарт баланы оқу процесіне араластыру мәселесі қарастырылады.
  • Үшіншіден, ең үлкен кемшілік оқудың нәтижесі. Біз қалай бағалаймыз? Біз баланы білімнің көлемін біледі, білмейді деп бағалаймыз. Міне мәселе осында жатыр. Яғни білім репродуктивті. Яғни мектепте тарих пәні мұғалімі бірнәрсені айтып берсе, соны бала тақтаға шығып дәл сондай етіп айтып беріп, бесін алып жүре береді. Ал ондағы маңызды ақпараттар оның есінде қалмайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет