194
Омар ақсақал
. Арманыңның орындалуы! Одан өткен жұмақ пен
рахат бар ма?!
Ғалымжан
. Ондай болса неден сақтану керек?
Омар ақсақал
. Есі шыққан есерден, тосыннан келген кеселден!
Ғалымжан
. Енді тілектеріңіз қандай?
Омар ақсақал
. Айта бер, қарағым!
Ғалымжан
. Қарияларға не тілер едіңіз?
Омар ақсақал
. Өмірде ешкімге керексіз болып қалмаңдар!
Ғалымжан
. Еркектерге ше?
Омар ақсақал
. Дүние мен өмірдің
тұтқасы екендіктеріңді
ұмытпаңдар — дер едім.
Ғалымжан
. Әйелдерге қандай тілек айтасыз?
Омар ақсақал
. Ана деген қасиетті
есімді әрдайым ардақтап
қастерлей біліңдер!
Ғалымжан
. Балаларға не дейсіз?
Омар ақсақал
. Қарттарға қарап
өз өмірлеріңнің мән-жайын
түсінуге ұмтылыңдар!
Достарыңызбен бөлісу: