ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет59/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Фромм Э.
Анатомия человеческий деструктивности. – М.: Аст- Атд, 1998. – 672 б. С. 192. 


197 
батырды, абыз, бек, көсемдері, сәуегейлерді, т.т. атап өтеді. Бұл 
сипаттағы ру басылар адамдық ынтымастықтың қауымдық тәртібін 
жүзеге асырушыларға жатады. Ру басылардың «билігің шын мәнісінде 
бағындырушы қатынастардан тумайды. Ру басы мен кейінгі қазақ 
қоғамындағы билердің арасында түбегейлі айырмашылықтар бар. 
Ежелгі мәдениет контекстінде ру басылардың төмендегідей 
ерекшеліктерін атап өтуге болады. Біріншіден, ауызекі ақпараттық 
беріліс жағдайында ру басылар ең тәжірибелі, көпті көрген және көпті 
түйген, осының нәтижесінде руластарының арасынан дараланып 
шыққан. Екіншіден, ру басының белгі мен беделі сакралды (қасиетті) 
сипатта тиянақталған. 
Осы туралы толығырақ тоқталып өткен этнограф Е. Тұрсынов ру 
басыларының 
қауымнан 
дараланған 
және 
бұл 
екінші 
мифологизациялану нәтижесінде жүзеге аса бастады дейді. 
Әлеуметтік жіктері ажыратылмаған қоғамда адамдық қарым-
қатынастар дәстүр, рәсім (ритуал) және мифтік сананың қауымда 
шексіз үстемдік етуімен реттеліп отырды. Алғашқы фратрияларда 
(жыныстық қатынастары шектелген тотемдік топтарда) дәстүр 
рәсімдерін коллектив мүшелерінің барлығы орындалған және білген. 
Кейін дуалдық (қосбайланыстық) фратриялардың әлеуметтік өмірі 
күрделенген жағдайда осы топтардағы ең беделді адамдар өкілеттік 
функцияға ие болып, бүкіл рудың атынан әр түрлі сайысқа түсе 
алатын болған. 
Ру басылардың сакральдық билігі тек олардың қоғамдағы орнын 
фетиштендірумен қатар, туысқандық қауымға тән тотемдік 
сенімдермен де нығайтылған. Арғы тек (тотем) тек қауым-фратрияны 
ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұлысты біріктіретін магиялық бейнеге 
жатады. 
Жаңа 
тас 
дәуірінен 
бастап 
ру 
басылар 
басқа 
қауымдастарынан бөліне бастайды және бұл олардың ритуалдық 
дәнекершілер қызметінен де туады. Әдетте, ақсақалдар дәстүр-
рәсімдердің тасадағы мазмұнын терең меңгергендіктен басқа 
қандастарының арасында киелі адамдарға айналады. Егер әскери 
демократия батырлардың дараланып шығуына әсер етсе, ілкі тектерді 
антропоморфтандыру ру басыларының мәдени функцияларын 
күрделендірді. Осы кезеңде адам мен дүниенің жаратылуы туралы 
этнологиялық, ру мен тайпаның арғы тектен бергі тарихын 
баяндайтын генеалогиялық, мифтер мен арғы аталардың ерлігін 
жырлайтын поэтика қалыптасады.
Ру басыларының қауымнан дараланып бөлінуінің тағы бір 
әлеуметтік-мәдени негізіне көшпелі қауымдағы ақсақалдардың билігі 
(геронтократия) жатады. Бұл әлеуметтік құрылым қауымдық меншік 
шытынап, негізгі тіршілік құралдарына (көшпелілерде – малға) 


198 
индивидуалдық меншік пайда бола бастаған кезде өз нышанын береді. 
Патриархаттың матриархатты ауыстыруы нәтижесінде еркектердің 
рөлі бірінші орынға шығады және ру басылар, көсемдер, әскер 
басылар, т.т. олардың арасынан таңдалып алынады. Шын мәнісіндегі 
әлеуметтік мұралану тек аталық құқықта жүзеге аса алады. Э. 
Фроммның пікірін қайталасақ, аналық қоғам қауымшылдықтың тірегі 
болса, аталық қоғам тарихтағы индивидуалдандыру үдерісін бастап 
берді. Патриархалдық қатынастар геронтократия мен арға текті 
әсіреуге сүйенді.
Жоғары келтірілген аңыздардан алғашқы қоғамдастықтарда жеке 
билік тек сакральды, дәстүр мен салттық сананың күші арқылы 
бекітілетінін көреміз. Әрине, ата-бабалар қиын-қыстауда арқа сүйетін 
тірек бола алады. Бірақ, оларға сай құрмет көрсете алмаған жағдайда 
арғы тектер кесірлі күштерге де айналып кетуі мүмкін. Сол себепті 
ата-бабалар культі жіктеле басталған қауым ынтымақтастығын 
сақтайтын басты фактор еді. 
Исламды 
қабылдағанға 
дейінгі 
түрік 
көшпелілерінде 
“басқарушы” топтың әлеуметтік орны арнаулы дәстүр мен салттық 
сананың бақылауында болды. Бұл дәстүр көптеген жағдайда хандар 
мен бектердің билігін қауым мүдделері тұрғысынан шектеуге 
бағытталған. Сол себепті осы әдептік тұтастыққа қатысты автаркия 
мен деспотия туралы айту орынсыз. Мысалы, қытай тарихшылары 
көшпелі түрік иеліктерінде хан мен бектердің қатардағы 
тайпаластарынан артықшылығы аз екенін және соғыс жағдайында 
ғана олардың билігінің артатындығын атап өтеді3. Зерттеушілер 
көшпелі мемлекеттерде “хан талау” деген дәстүрдің болғанын айтып 
өтеді. Бұл бір сипатта Дж. Фрезер мен З. Фрейд еңбектерінде 
кездесетін архаикалық “көсемді құрбандыққа шалу” сарынымен ұқсас 
келеді. Аталған үрдіс қазақ хандығында да сақталып келген. Мысалы, 
Орынбор губернаторы Ваконскийдің мына бір куәлігі бар: “Күшті ру 
басылары немесе топтасқан барымташылар ханға бағынбақ түгіл, 
оның малын тартып алады”
1
. Тағы бір куәлік: Әбілхайыр хан Ресейге 
бодандыққа ену туралы келісімге келгеннен кейін, ел жиыны оны өлім 
жазасына бұйырады және сонда бұл үкімді Барақ сұлтан жүзеге 
асырады
2
. Ш.Уәлиханов та осы сипатта өз дәлелін келтіреді. 
“Қазақтың ешқандай ханы Абылайға дейін шексіз билікке ие болған 
жоқ. Ол бірінші болып өз кеңестерімен хан билігін тежеп келген 
күшті ру басылары мен сұлтандарды бағындырды, тек халық 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет