199
жиынының ғана шешімімен берілетін
өлім жазасын өзі бұйыруға
мүмкіндік алды”
1
.
Бумын, Естемі, Білге, Күлтегін, Тоқыкөк қағандар “елдік”
принципін басшылыққа алып, мәдени тұтастықта түрік халқы үшін
басты қауіп табғаштан (Қытайдан) келеді дейді. Табғаштар жібек
маталарымен қоса өздерінің өмір салтын, діні мен ділін арамызда
таратып, түбінде түріктерді бодандандыруды көксейді. Сол себепті
ішкі бірлікті нығайту қажет. Біз, әрине, мәдени қаһармандар ретіндегі
елбасылардың орны мен қызметін әсірлеуден аулақпыз. Бірорталыққа
бағындырылған биліктің жеткіліксіздігі
ру-тайпалық сепаратизмді
өршілендіріп жіберуі мүмкін. Бұл жағдайда, Л. Гумилев айтқан, түрік
тайпаларының тарихи қарғысы – рулар қақтығысы орын алды.
Қазақтың және оның арғы аталарының қоғамындағы әлеуметтік
жіктер мен топтардың қарым-қатынасын марксизм тұрғысынан
“қанау”, “феодализм” деп сипаттаудың ауылы шындықтан алыс.
Өйткені туысқандық қатынастарға негізделген көшпелі қауымда
құндылықтар да басқаша сипатта болды. Осы жөнінде белгілі
түріктанушы Мұрад Аджи былай дейді: “Далалықтарда зат емес,
керісінше әрекет пен руханият құндылық қасиеттеріне ие болды.
Шығыс мәдениеті мен шығыс дүниетанымы ең алдымен материалдық
негіздерге емес, керісінше руханиятқа табынған. Сылдырмақ
алтындар – бос нәрсенің сыртынан ғана жылтырауы. Ат – алтыннан да
жоғары бағаланған. Тағы қылыш пен садақ. Далалыққа үш
тілек
қасиетті болып табылған. Біріншісі – ат ерттеп міну, Екіншісі – ет
жеу. Үшіншісі – әйел алу. Шығыс мәдениетін бойына сіңірген шығыс
адамының психологиясы руханияттың материалдықтан басымдығы
қағидасымен қалыптасқан. Бұл өте маңызды жағдай және ол көптеген
тарихи оқиғалардың, тіпті адамдардың трагедияларын түсінуге
мүмкіндік береді”
2
.
Әрине экономикалық стимулдардың төмендігінің көшпелілер
үшін теріс әсері де жеткілікті: еңбек өнімділігінің бір қалыптылығы
және техникалық инновациялардың жоқтығы. Бұл көшпелі қауымның
батыстық, ресейлік және қытайлық экспансияға қарап тұра алмауына
әкелді.
Арнаулы зерттеулерде көшпелі қауымдағы әлеуметтік теңсіздікті
кемітіп, адамдық ынтымастықты арттыратын
этикалық тетіктер
аталып өтеді. Мысалы, қазақтың құқық мәдениеті тарихын зерттеудегі
Сәкен Өзбекұлы Абайдың Шар съезі Ережелерін талдай келе, “сойыс,
қонақ асын бермеген адамға ат-шапаннан түйе құнына дейін айып
1
Уәлиханов Ш.
Аблай // Собр соч. В 5 т. т.4. – Алма-Ата: Каз. Энцик., 1985.
115-116 бб.
2
Төрт би төренің заң-ереже түзімдері. Абақ Керей шежіресі /Дайындаған Қайрат Ғабитханұлы. –
Алматы, КАУ- архив, 1994. 71 б.
200
салынады” дейді
1
. Қазақ даласын көп зерттеген И. Георги мынандай
куәлік келтірген: “…Қазақ байлары нашарларына мал бөліп береді, ал
олар оның қарымтасына ырза болып өзінің қамқоршысының малына
көз қырын салып жүреді. Егер кімде-кімнің табыны көбейіп кетсе, бұл
Алланың ырзығы деп кедей адамдарға мал бөледі. Егер жаңағы мал
иесінің болашақта ырзығы толмай жүрсе, мал алғандар еш міндет
өтемейді, ал егер жұттан малы қырылса, не ұрлап әкетсе, шауып алса,
не басқа
бір қырсықтан малынан айырылса, бұрын ол ырза қылған
адамдар өзінің жасаған жәрдемі арқылы өз малын мәңгілік қылып
жібереді”
2
. Осындай дәстүрлердің қатырында шүлен тарту
(байлықтың бір бөлігін кемтар, бишара, науқас, жетім-жесірге
таратып беру), қызыл көтеру (мертіккен малды 12 мүшеге бөліп сатып
алып, құнын мал иесіне беру), жылу (кенеттен
кедейлікке ұшыраған
адамға рулық тегін көмек беру) т.т. атап өткен жөн. Олардың мәдени
негізінде қонақжайлылық жатыр. Бұл феномен туралы қазақ әдебі
тарихына қатысты еңбектердің көпшілігінде нақтылы деректер
келтіріледі. Біз қонақжайлылықтың аңыздық, сакральды тұрғыдан
әдеп пен әдет нормасы ретінде көрсетілгеніне назар аударамыз.
Мысалы, Алаша хан өз байлығын үш ұлына бөліп беріп, былай деген
екен: “Көшпелі өмірдің жағдайларына байланысты сендердің
өмірлерін отырықшылықтан бөлек болғандықтан да
оның саудасы
мен базарынан әр жолаушы, қайда барса да өзіне белгілі ақыға жатар
орын табады: сендердің араларыңда осындай ыңғайлылықтың
жоқтығына байланысты тараған ұрпақтарыңа, олардың бір-біріне
қатынас жасауы қиынға түседі, себебі, сендер жарты күндік жолға өз
қойларыңды, ал одан алыс шыққанда тіптен алып жүрмейсіңдер ғой,
міне сондықтан менің сендерге айтатын мәңгілік өсиетім: бір-
бірлеріңе барғанда тамақ үшін ақы алмаңдар, бір-бірлеріңе үнемі
қонаққа шақырылғандай болыңдар, соның
нәтижесінде бір-біріңе
қонақ асы беретін құқықты немесе ақы төлемей жататын орын және
тамақ беруді пайдаланыңдар – осыған менен қалған байлықтың
төртінші бөлігін алып, оны тек өз меншіктерің деп санамай, жалпы
бөлінбейтін игілік, ғасырға кеткен енші деп таныңдар”
3
.
Әрине, миф мен аңызда қауымдық
ынтымақтастық қерағар
жақтарынан арылып, мұрат тұтатын қоғам ретінде суреттелген. Егер
тарихи сананың шежірешілдік пен мифтік санадан айырмашылығын
ескерсек, онда көшпелі қауымда “элитарлық” тұлғалармен қатар
қауымға жатпайтын құлдар мен өздерін қауымнан аластағандардың
1
Төрт би төренің заң-ереже түзімдері. Абақ Керей шежіресі /Дайындаған Қайрат Ғабитханұлы. –
Алматы, КАУ- архив, 1994.
Достарыңызбен бөлісу: