Квитка К.
Кеңес Одағында пентатониканың этнографиялық таралуы. – П.И.Чайковский
атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы. Халық шығармашылығы кабинетінің мұрағаты,
инв. №4/58, 25-26 бб.
394
дәуірдегі дәстүрлі қазақ музыкасының шынайы көрінісіне сәйкес
болып келеді. Аталған дәуірде көптеген музыкалық аспаптардың,
стильдердің, формалардың, музыкалық мәнерлеу тәсілдерінің
қолданыстан шығуымен қатар қазақтың әншілік және аспаптық өнері
өркендей бастайды, халықтың арасында көрнекті композиторлар
пайда болады. Сақталып қалған музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз,
т.б.) мен әндер барлық ең жарқын әрі қайталанбас белгілерді қамтып,
дамытады.
Қазақ музыкасы дәстүрлі жеке музыкалық өнер бола тұра сол
кезде музыка тілінің бір қарағанда жеңіл трансформациясына бармай,
өзінің эстетикалық шығармашылығының белгілерін нығайта түседі.
Шынымен, орыс музыка мәдениетімен белсенді түрде қарым-
қатынастар жасағанда, оның дамыған көп дауысты ән айту формалары
қазақ музыкасына неге әсер етпеген? Қазақ музыкасында дәстүрлі бір
дауыстылық көпдауысты орындаушылыққа неге айналмаған? Қай
себептен қазақтың көшпелі қоғамында хор мәдениеті немесе
аспаптық-ансамбльдік орындаушылық дамымаған?
Бұл сауалдарға жауап беру үшін кеңес кезіндегі музыкатану
ғылымының жетістіктеріне назар аударайық. Онда Скребковтың
нығайтылған пікірі бойынша унисондық әндету түрі көпдауысты
музыканың барлық түрлерінің алдын алған делінеді: «Унисон түрінде
ән айтудың негізінде полифониялық белгілер жатыр. Олар халық
музыкасында және орта ғасырлар музыкасында полифонияның
қарапайым түрін (подголосочная полифония) өмірге әкеледі. Мұнда
орындаушының бастамасымен унисон терциямен, квартамен,
квинтамен бояуланып, ырғағы жағынан байи түседі. Халықтық және
алғашқы кәсіби өнердің сол гетерофондық қарапайым мәдениетінің
түрінен еуропа музыкасының көпдауыстылығының барлық түрлері
пайда болды»
1
.
Сонымен, егер унисондық айту шынымен көпдауыстылықтың
алдында пайда болып, оның алғашқы қадамы болса, онда қазақтың
көшпелі ортасында көпдауыстылықтың дамыған формаларының
болмағаны түсінікті, өйткені унисон тек біріккен, коллективті
музыканы орындау жағдайларында пайда болатын, мұндай дәстүрлер
бірдауысты музыка мәдениетіне тән болмаған. Коллективті
орындаушылықтың болмағанының түп тамыры номадтар қоғамының
әлеуметтік құрылымының табиғатында жатыр. Мысалы, жер
шаруашылығымен байланысты өмір салттарында коллективті жұмыс
жасағандықтан (егін егу, егіндікті жинау, үйлерді салу, т.б.) бұл
халықтарда коллективті хор, ансамбль формалары дамыған. Ал
көшпелілердің күнделікті өмірінде мал бағумен байланысты жеке
1
Скребков С.
Интонация және лад // Кеңес музыкасы, 1967, № 1, 89-91-бб.
395
адамның еңбегі басым болғандықтан индивидуалды шығармашылық
қалыптасады. Сондықтан қазақ музыкасында аталған формалардың
пайда болуына жағдай болмады.
Қазақтың дәстүрлі музыка мәдениетінің ауызекі түрдегі болмысы
музыка – музыкант – халық (тыңдаушы) деген үш саланың бірлігін
қамтиды. Егер еуропаның жазба мәдениетінде шығарманы
замандастары түсінбей, оны келешек ұрпақтар нота бойынша
түсінетін, көшпелі мәдениетте шығарманың сапасы дереу сол кезде
белгіленетін. Мұнда шығармашылық қоғам талаптарымен тығыз
байланыста
болатын.
Музыкалық
өнердің
формалары
мен
құралдарының дамуы халықтың түсініктерімен өзара байланысты
болғандығы – олардың демократиялық сипатын белгілейді.
Қазақтың музыка өнерінің ауызекі түрдегі болмысы орындаушы
мен аудитория арасындағы өзара байланысына да әсер еткен. Бұл
жерде музыкант халықтың алдында суырыпсалма дарындылығын
көрсетіп, өзінің немесе басқа композиторлардың шығармаларын
орындау барысында аудиториямен тікелей байланыста болып,
тыңдаушының «реакциясын» көре алады. Мұндай жағдайда оның
шығармашылығының мазмұны мен мақсаты - тек өзінің арман-
мұраттарын көрсету емес, бұл кезде орындаушы тыңдаушылардың әр
қайсысына жақын болып, олардың қуанышына, ауыртпалығына,
мақсаттарына ортақтасады.
Композитор мен аудиторияның біртұтастығы музыканы орындау
кезінде қалыптасатын, онда тыңдаушылардың белсенділігі көрініп,
шығармашылыққа әсер ететін. Ғасырлар бойы орындау мәнерінің
типтік формалары қалыптасқан, олардың алдын ала белгілі
жерлерінде публика өз көзқарасын «ей», «еой», «ой, дүния» және т.б.
жанама сөздермен шығарманың ұнағанын немесе ұнамағанын
көрсетіп, әрі қарай орындаушыға өзгеше бағыт беретін. Егер
музыкалық шығарманы орындау үстінде сондай бір белгілі жерлерде
тыңдаушылар өз «реакцияларын» білдірмей, үндемей отырса – халық
шығарманы немесе орындаушының өзін қабылдамағанын көрсететін.
Қазақ музыкасының ұлттық өзгешелігінің табиғатын анықтау
үшін оның мусикалық өнерлердің басқа түрлерімен қарым-
қатынастарында оның орнын, мағынасын түсіну де қажет. Солардың
ара қатысын талдау барысында қазақтың дәстүрлі музыкасы оны
фольклорлық деп атаудың мағынасына толық сәйкес келмейді,
өйткені ол көне заманның өнері тәрізді поэзия мен биден ажырамас
болып табылады («мусикалық кешеннің» біртұтастығы). Бұрынғы
зерттеулер бойынша кез келген халықтың фольклорындағы
музыкалық өнер би немесе поэзияда қолданатын функциялары бар
жерлерде ғана кездеседі. Бірақ, сөз бен бидің сүйемелдеуі ретінде,
396
соларға тәуелді рөл атқарғанда, музыкалық өнер өз бетімен дами
алмайды, оның нәтижелері музыкалық мәнерлеудің құралдарын
қолдану деңгейінде ғана көрініс табады.
Ал қазақтарда музыка би өнерінің сүйемелдеуі болмаған (немесе
толық түрде болмаған), сондықтан оның негізі жарқын, өзгеше, биге
тән жылдамдылық пен қимылға байланысты өлшемдік-ырғақтыққа
тәуелсіз болып келеді
1
. Өлшемдік-ырғақтық негіздің белсенділігі
мұнда жылдамдылықты құруға, шығарманың түгел биге айналуына
бағытталмаған, оның барлық музыкалық даму құралдары әнші демінің
музыкалық энергиясының ағымын нығайтуға арналған. Қазақ
музыкасында әуеннің басымдылығы уақыттың созылуы мен
динамикалық компоненттерге әсер етеді. Ән мәдениетінде кең және
еркін дауыстың деміне музыкалық дыбысқатарлық белгілермен қатар
әннің поэтикалық мәтіні де тәуелді болады.
Ал қазақтың аспапты музыкасы сөздің әсерінен босап, «таза»
музыкалық көркемдік логикаға құрылған. Әуеннің жоғары дамыған
жетістіктері мен жеке аспаптық музыка тілінің өзара байланысы
туралы Б. Асафьев айтқан, оның пікірінше, «қазақ әндері мен
аспаптық
импровизацияларының
құрылымында
симфониялық
дамудың сарқылмас бұлағы жатыр. Бұл құрылымның табиғаты
жоғары дамыған, үйлесімді, әрі лүпілдеп тұрған материал»
2
.
Қазақтың дәстүрлі музыкасын жалпы бағдарламалы деп айтуға
болады. Воклдық музыкаға ол толығымен тән, кез келген поэтикалық
шығармашылық
музыкалық
сүйемелдеуімен
өтеді.
Өткен
ғасырлардағы дәстүрлі мәдениетінде музыкалық сүйемелдеусіз
орындалатын көлемді эпикалық жырлар кездеспейді. Осыған
қарағанда ғасырлар бойы музыкада бағдарламалықтың белгілері
қалыптасты деуге болады. Қазақтың аспаптық музыкасында да
бағдарламалықтың
белгілері
көрінеді.
Көбінесе
аспаптық
шығарманың мазмұны мен сол күйде бейнеленетін оқиғалар алдын
ала айтылатын күйдің аңызында баяндалады.
Кейде қобыз немесе домбыраға арналған шығармалардың
арасында сөзбен түсіндіруді қажет етпейтін, форманың ішкі даму
заңдылықтарына құрылатын шығармалар кездеседі. Олар көбінесе
жалпы философиялық түрде аталады. Мысалы, «Өмір», «Жігер»,
«Ғашықтық», «Шабыт», «Әуен», т.б. Мұндай шығармаларды орындау
алдында ешқандай сөзбен түсіндіру қажет болмайтыны – бұл
пьесалардың жоғары кәсіби деңгейін білдіреді.
1
Осы себептердің салдарынан қазақтарда ұрмалы аспаптардың өте аз қолданылуы да түсінікті.
2
Достарыңызбен бөлісу: |