Қазақтың ұлттық тағамдары Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. «Ас-адамның арқауы»



бет3/9
Дата28.01.2018
өлшемі2,51 Mb.
#35010
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тапсырма:

1. Мәтінді оқып,аудару

2. Өткен шақтағы етістіктерді тап.

Болат қуанғаннан күліп жіберген. Балалар ән шырқаған. Өзгелер ұйып тыңдаған. Ағай бізбен талай рет әңгімелескен. Аққу қолға тез үйренген.

3.Берілген етістіктерді үш шақта жазу, сөйлем құра.

Жина, тазала, күре, киін, көр



Сүт тағамдары

Сүт тағамдары – сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдер. Оларды дайындау кезінде сүттің сақталу мерзімін ұзарту және оның құрамындағы пайдалы заттар мен жұғымдылық сапасын сақтау мақсаты да көзделеді. Сары май және ірімшік, сүт консервілерін (қойытылған сүт, т.б.), ашытылған сүт (айранқатық, құрт , қымызсүзбешұбат, т.б.) дайындау ісі ертеден белгілі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда “ФудМастер”, “Адал”, “Смак”, “Қайсар”, “Агропродукт”, қымыз және шұбат өнімдерін шығаратын “Саяқ”, т.б. шетелдік және отандық компаниялар сүт өнімдерімен қатар сүтке әр түрлі биоқоспалар қосып, тәтті “БИО-С”, “Пеппи”, т.б. өнімдерді шығарады.

Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” дейді. Ақтан тағамдар әзірлеуде бірнеше мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай отырып, одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаса, ешкі сүтін емге қолданған. Бие сүтін ашытып қымыз, түйе сүтінен шұбат жасап, оларды әр түрлі ауруларға ем ретінде де пайдаланған.

Тапсырма:

1.Мәтінді оқып,аудару

2.Берілген мәтіннен үстеуді тауып, сұрақ қойыңдар?

Шоқан Уәлиханов қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Жасында ауыл мектебінде мұсылманша  оқыған.  Ол  1847 жылы    Омбы кадет корпусында оқиды.  1857 жылы Шоқан Алатау Қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді.  Шоқан қазақ халқын зерттеуге ерекше ден қояды.Аса көрнекті қазақ ғалымы өте ауқымды ғылыми-шығармашылық мұра қалдырды.



Сүттен жасалатын тағамдар

Сүттен жасалатын тағамдар - сүт, уыз, сары май, айран, қаймақ, қатық, қойыртпақ, қорықтық (тасқорықтық), құрт, ірімшік, сүзбе, іркіт, қымыз, шұбат, шалап. Сиыр, қой, ешкі, бие, түйе малдарының жаңа сауылған, пісірілген және шикі сүттерін пайдалана отырып, қолма-қол жеп-ішуге, белгілі бір мерзімге дейін және ұзақ уақыт сақтауға болатын түрлері жасалынады. Сүт тағамдары қазақ халқының ерте кезден дайындауында өзіндік тәсілі бар, дәмді де бағалы, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан құнды тағамдарының бірі.

Сүт - төрт түлік малдың аттарына қарай бие сүті, түйе сүті, қой-ешкі сүті, сиыр сүті деп бөлінеді. Сиыры, қой-ешкі сүттерін пісіріп ішуге, айран, қатық ұйытып ішуге де болады. Ал жылқы сүтінен қымыз ашытса, түйе сүтінен шұбат жасайды. Сүттен құрт, ірімшік, сүзбе, қаймақ сияқты әр алуан тағам жасалынады. Мысалы : Айран - ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, алынбаған сүттен де дайындауға болады. Ол үшін сүтті 5 - 10 минут қайнатады, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1 - 2 сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде де, тағам ретінде де пайдалануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет