5. Сөз үнемі даяр қалпында ойымыздан алынып қолданылады.
6.Сөз белгілі бір сөз табына телінеді. Белгілі бір сөз табына жатпайтын сөздер тілде өмір сүрмейді. Мысалы, ағаш, кітап, жапырақ. Бұл сөздерді сөз тұлғасы, сөз таптары, сөйлемдегі қызметі тұрғысынан алсақ, олардың білдіретін мағыналары грамматикалық мағыналар болады.
Сөздің грамматикалық мағынасы – грамматикалық амал тәсілдер арқылы жасалады. Ағаш көркі – жапырақ. Кітап – білім бұлағы деген сөйлемдерде ағаш, кітап, жапырақ - біріншіден, лексикалық мағынаны білдреді. Себебі, жеке-жеке ұғымдадың атауы. Екіншіден, бұл үш сөз заттың аттары, демек, зат есім – ол бұл сөздердің грамматикалық мағынасы. Сөздерге гамматикалық талдау жасасақ, онда сөздедің әрқайсысы бірнеше грамматикалық мағынаны білдреді. Ағаш –тың ( ілік с.) жапырағы т. Жалғау, 3 жағы. Ненің -анықтауыш ағаштың...
Тіліміздегі сөздерді білдіретін мағынасына қарай, сөйлемдегі атқаратын қызметіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Қазақ тілінде сөздер семантикалық белгілеріне қарай атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер. Деп бөлінеді. Атауыш сөздерге немесе негізгі сөздерге – толық лексикалық мағынасы бар сөздер жатады.Ағаш көркі жапырақ екен. Екен – көмекші сөз өздігінен тұрып ешбір мағына бермейді. Сөздік құрамында сн мөлшері жағынан ең басым көпшілігі - а–ауыш сөздер. Мәселен, Ә.Болғанбаев қазақ тілінің синонимдік байлығын жан-жақты зерттеп қарағанда сан жағынан – атауыш сөздер екен. Әсіресе, етістіктер, ондан кейін зат есімдер, үшінші орында сын есімде дейді.
Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері
Сөздің лексикалық мағынасынның негізгі типтерін В.Виноградов үшке бөледі: 1.Тура немесе номинативті мағына – тақта, терезе, адам;
2.Фразеологиялық байлаулы мағына - қолын жылы суға малу, қас пен көздің арасында; 3.Синтакистік шартты мағына – сөздің мағынасы сөйлемде тек контекс арқылы ғана аңғарылады. Демек, сөздің сөйлемде белгілі бір синтакистік қызмет атқаруына байланысты туған лексикалық мағына.
Сөз мағынасы тек атауыш немесе тура мағынасымен шектеліп қалмайды, үнемі дамып, жетіліп отырады. Атауыш мағынада өрбитін деректі, дерексіз меңзеу мағыналары да болады. Мысалы, көз, бас сөздерінің туынды мағыналарына ой басы, бұлақ көз т.б. ауыс мағыналары болады. Сөздің шығу тегіне байланысты туған лексикалық мағыналары. Сөздің түпкі мағынасы және туынды мағынасы. Түпкі мағынаның пайда болу уәжі көбінесе белгісіз. Олардың тарихи қалыптасуын айту қиын. Тиын – бұрыне ұсақ ақшаның онына ақ тиіннің терісін пайдалнған дейді этимологтар. Туынды мағына – бас- басшы- басшылық- басқарма – бсқару сөздерінің туынды мағына екндігін аңғаруға болады. Туынды мағыналы сөздер қзақ тілінде көп екендігін, Ы.Маманов сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалған туынды түбірлердің сан мөлшері сөздік құрамның басым көпшілігін құрайды дейді. Н.Сауранбаев түркі тілдестерге ортақ сөздер көбінесе қазақ тілінде негізгі сөздерді құрайтындығын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |