Семасиология Француз Мишель Бреаль семантика – мағына. (грекше –таңбалау, мағына). Яғни семантика ‑ мағыналар туралы ілім. 19-20 ғасыр басында семасиологияның негізінен айналысқан мәселесі мағынаның өзгеру заңдары, олардың принципитері мен типтерін топтастыру болатын. М.Бреаль алғаш ашқан тілдегі семантикалық қатынастардың заңдылықтары: мағынаның кеңеюі мен тарылуы, өзара мәндік ауысу, мағынаның бөлінуі. Сол себепті М.Бреаль негізін салушы болып есептеледі.
Сөздің лексикалық мағынасын полисемия құбылысы арқылы зерттеу. Сөзді семантикалық зерттеудің алғашқы кезеңінде ең алғаш аталатындар Г.Пауль мен В.Вундт. Пауль: семасиологиялық өзгерудің классификациясын жасады. Вунд: 1.мағынаның өзгеруі сипатының ассоциациялық жалпы заңы бойынша мағынанаң психикалық қызметінің механизмі. 2.апперцепция құбылысы, яғни адам санасындағы көрнекі сезімдік қабылдаудың негізінде пайда болған элементарлы ассоциацияларды байланыстырушы қцызмет.
20 ғасырдың бірінші жартысында семасиологияны толықтай қалыптастырған К.Эрдман (1900)., Шпербер (1922), Стерн (1931), Велландер (1928).
К.Эрдман психологиялық аспектіні нақтылай түсіп, мағынаның эмоционалды жағының сөзде негізгі қызмет атқаратынына назар аударды.
Г.Шпербер “крест” сөзінде “бақытсыздық”, зардап шегу, т.б. қосымша мағыналар болады дей отырып, мағынаның бұлай өзгеруін адамның сөйлеу тілінің психологиялық ерекшелігімен байланыстырады. (Звегинцев. Семасиология. 1957). Полисемия семасиологияның өн бойын құрайтын болғандықтан, оны контекспен байланыстыра зерттеу шетел лигвистикасында орын алады. Семасиология сөз мағынасын үш өлшем аясында зерттейді: парадигматика, синтагматика, эпидигматика. Парадигматика - сөз –мағынасының құрылымын қарастырса, синтагматика – сөздердің тілдік тұлғалардың арасындағы бір –бірімен байланыс кезінде туындайтын, яғни ең аз дегенде екі не одан да көп тілдік элементтердің тіркесіп келуі, ал эпидигматика – тілдің әсер ету, бейнелілік жағы.
Тезаурус - сөздіктің түрі, бірақ мұндағы сөздер алфавиттік тәртіппен емес, ұғымдық, заттық шеңбер бойынша орналасады. Тезаурусты көбіне идеологиялық сөздік деп те атайды, себебі сөздер мағынасы бұл сөздікте алдыңғы қатарда тұрады. Тезаурустық сөздіктердің көпшілігі “семантикалық өріс” әдісі бойынша жасалады. Бір ұғымға топталған сөздердің кассификациясын принцип ретінде алып жасалған сөздікті идеологиялық сөздік дейді. Бұл сөздіктегі сөздер бір тақырыпқа бір тақырыпқа бағынады. М., адам немесе әлем суреті. Т.б. әр сөз табындағылар қиюласып жатады. Бұл сөздіктің пайдасы бір сөздің маңынан ештеңе қалдырмай жан-жақты ашып көрсетеді. Сөздіктегі сөздер бір өрістің құрамында болады және иерархиялық тәртіппен тізбекеле орналасады.
И.В. Арнольд: Информацияның бірінші бөлімі сөздердің денотаттық мағынасымен сәйкес келеді де, ол ұғым деп аталады. Ұғым арқылы денотаттың мағынасы сыртқы өмірмен байланысады. Ұғым арқылы денотаттың мағынасы сыртқы өмірмен байланысады. Пікір алысудың екінші бөлімі сөйлеушілермен, олардың жағдайларымен байланысты болып, коннотациға тең келеді. Оған эмоция, экспрессия, бағалауыштық және мағынаның стилистикалық компоненттері енеді. (Стилистика декодирование. 1957,109б)
Мағынаның құрылымдық элементтеріне жетекші, бағыныңқы компонентте деп екіге ажыратып Л.В. Васильев 1.эмипирикалық, 2.рационалдық, (ойдың қызметі арқылы пайда болған мағынаның элементтер), 3.коннотативтік. (Исследование по семантике. 1983. 15б)
М.Оразов былай түсіндіреді: сөз мағынасының құрылымдық элементтеріндегі эмпирикалық элементі адамның сезім мүшесіне әсер етіп, көрнекілік-бейнелік ойлау негізінде қабылданып, ұғым негізінде қалыптасқан объектив дүниенің бейнесі. Рационалдық мағына абстрактылы ойлау негізінде пайда болады. Коннотативті мағына бөлшегі адамдардың көңіл-күйін білдірумен байланысты болған мағына элементі. (Қазақ тілінің семантикасы. 1991. 68б)
А.А. Уфимцева: Сөз тілдің барлық функциясын қамтиды: номинативтік (атау), сигнификативтік (жалпылама), прагматикалық (эмоциялық және экспрессиялық).(Лексические значение, 1986. 93 б)
Лексикалық мағына: макрокомпоненттер, микрокомпонентер. Мағынаның аспектілері: сигнификаттты, денонатты, лексикалық, грамматикалық, коннотативті, эмоционалды, бағалауыштық, прагматикалық, синтагматикалық, тіркестік, тарихи-мәдени, идеологиялық, әлеуметтік, ассоциативті, диахронды, кодтық, персондық, ортологиялық, экспликативтіке, этикалық, эстетикалық т.б.
Семантикалық үшбұрыш:
А (сөздің дыбысталуы)
(ұғым, мағына) В Д (объективті зат, денотат)
АВ – дыбысталу мен ұғым, мағына байланысы.
ВД – зат пен ой арасындағы байланыс.
АД – таңба мен зат арасында тікелей байланыс жоқ, сондықтан үзік сызықпен сызылған.
Ал орыстар трапециямен түсіндіреді. ...
Денотат – зат, құбылыс түсінігі, ол қандай зат – референт (нақты зат түсінігі). ...
Семасиологияда сигнификаттық компонентті денотаттық компонент құрамында қрастырады. Лексикалық мағына құрамында сигнификат түсінік пен ұғымның қызметінде көрінеді, ал денотаттық компонент мағынадағы заттық белгілерден тұрады. А.Уфимцева: денотаттық мағына сөзді объективті дүниемен, объектив дүниедегі заттармен, құбылыстармен байланыстырса, сигнификаттық мағына оны ұғыммен, ой элементтерімен байланыстырады. (Аспекты семантических исследовании. 1980. 30б) Лексикалық мағынаның коннотативтік компонентін: эмоционалды, эмотивті, коннатативті, прагматикалық деп жүр. Шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарды ұғынғанда әрбір субъект оларға деген өз көзқарасын білдіреді, қабылдағанда бұл заттар, не құбылыстар индивидтік жеке сипатқа ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |