«Өсу» бағытымен оқып үйрену қағидасы (басында шағын түрде, соңынан мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша толықтырулар мен фактілер енгізу арқылы). Бұл оқушының оқу материалын бөлек-бөлек емес, кешенді түрде, тұтас тарау (тақырып) бойынша пысықтауын білдіреді.
Сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің тақырыбына «қайта оралып отыру» қағидасы (қайталаумен шатастыруға болмайды). Іс жүзінде тақырыпқа оқу материалының көлемі жағынан да, тапсырмалардың күрделілік деңгейі тұрғысынан да «өсу» бағытымен қайта оралып отыру меңгерілген білімді бекітуүшін қажет. Зерттеулер көрсеткендей, жады ақпаратты ұзақ уақыт есте ұстап, білім деңгейіне жеткізу үшін оған саналы түрде бірнеше мәрте (7 ретке дейін) қайта оралып отыру қажет. Мұндағы басты немесе материалды қайталау емес, тақырыпқа қайта орала отырып, оны адамның өз алдына қойған проблемаларын шешудегі құрал жабдығы ретінде пайдалану.