Ќазіргі оќыту технологиялары


МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛЫ



бет7/11
Дата12.10.2020
өлшемі143,5 Kb.
#68348
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛЫ

Жоғарыда айтып өткеніміздей, оқыту технологиясының ұсынылып отырған нұсқасын құруда біз оқушыларды дамытуға баса көңіл аудардық. Біздің ойымызша, бұл технология:

    • оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;

    • танымдық процестерді (жады, ойлау, зейін, елестету қабілеті) дамытуға;

    • оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;

    • Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға;

    • Тұлғаныңқиындықтарға даяр болу және оны жеңе білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

Ұсынылып отырған технологияны түрлі үлгідегі мектептерде(жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларды, лицейлерде) қалалық және ауылдық жерлерде қолдану бағдарламалықматериалды «жақсы» және «өте жақсыға» меңгерген оқушылардың саны едәуір артқанын көрсетті.

Алайда бұған мұғалімдердің осы технологияны қолданғанынан бергі үшінші жылдың соңына ғана қол жеткенін атап өткіміз келеді.

Зерттеулер мұндай феноменнің негізгі себептерін анықтауға мүмкіндік берді.

Бұл технологиямен жұмыс бастаған алғашқы жылы мұғалім сабақтардың құрылымын, формасын және мазмұнын өзгертеді. Мұғалімнің өз рөлі де түбегейлі өзгереді. Көп жағдайда мұғалім оқу процесін басқарып қана оқушылардың өзіндік дербес танымдық қызметін ұйымдастырады. Мұғалімге оқушылардың белсенді оқу қызметін ұйымдастыру формаларын мұқиат ойлап, әзірлеуге тура келеді. Ұйымдастырушы, кеңесші, «фасилитатор» рөлінде көшу мұғалімнен өзінің сана сезімін, оқушыларға қатынасын, эмоциялық және ақыл ой қуатын қайта құруды талап етеді.



Сөйтіп, алғашқы жыл жаңа тәсілдерді сынауға арналған; оны жаңа бастаған мұғалім ойға алғанының бәрі іске аспағандықтан, көбінесе ыңғайсыз, қанағаттанбаушылық сезімде болады. Кейде мұғалімнің сасып-салбырауы, шарасыздығы байқалады, ал бұл оқушылар назарынан тыс қалмайды. Сабақтағы мұғалімнің мазасыз жай-күйі, балалардың өздеріне тосын жаңа ойындарды сынақтан өткізу барысындағы айқай-шуы, соның салдарынан біраз уақытты өткізіп алу кезеңде оқушылардың білім деңгейін біршама төмендетеді.

Технологияны қолданудың екінші жылы оқу процесі біршама тұрақтыландырылады. Мұғалім мен оқушы өздерін нық сезініп, өз күштеріне сене бастайды. Ендігі таныс болып алған оқыта үйрету ойындары (сабақтарда олардың тек мазмұны ғана өзгереді) мұғалімнің оларды жүргізу ережесін түсіндірге кететін уақытын ді, бұл олардың өз ойларын дұрыс қиыстырып, сыртқа шығарып айтуына мүмкіндік береді.

Үшінші жыл көптеген оқушыларда пәнге деген тұрақты қызығушылық пайда болумен сипатталады. Бұл кезеңде оқушылар оқу процесін осылайша ұйымдастырудың артықшылықтарын түйсіне бастайды, өйткені үй тапсырмасының көлемі азаяды, оқу материалы есте жақсы сақталады. Оқушының сөйлеу тілі, қисынды ойлауы дамиды, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойылады, өзін таныту мүмкіндігі пайда болады және т.с.с.

Оқушылар өзара сөйлесудің, оқыта үйрету ойындарының (олардың негізгі мазмұны-оқу материалы) артықшылығын көреді. Оқу материалына бірнеше мәрет қайта оралу, бір күрделілік деңгейінен екіншісіне қиындықсыз өту оқу модулінің соңында біршама балл алуға мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың өз күшіне сенуіне және оларда оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға ықпал етеді.

Дарынды балалар сабақта жүйелі түрде, үнемі аса жоғары күрделілік деңгейінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл олардың интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді. Көсемдік (лидерлік) қабілеттері бар оқушылар «кеңесшілер» немесе «жүргізушілер» рөлдері арқылы өздерін танытады. Бұл тек олардың бағдарламалық материалды басқа оқушыларға қарағанда тезірек орындағанында ғана мүмкін болады. Үшінші жылдың соңына қарай біз бағдарламалық материалды «жақсы» және «өте жақсы» меңгерген оқушылар санының тұрақты түрде артқанын байқадық. Оның үстіне мұғалім оларға қойылатын талаптар деңгейін төмендетпейді.

Жоғарғы орындар тарапынан жүргізілген әртүрлі бақылау сынықтары, тестілік тексерулер біздің эксперимент барысында алған мәліметтерімізді қуаттады.

Эксперимент көрсеткендей, үш жыл бойына осы технологияны игерген мұғалімдер кез келген даярлық деңгейіндегі оқушылардан тұратын сыныптарда оқу процесін нәтижелі, тиімді ұйымдастыра алады. Бұл технологияның жан-жақтылығы – оны жоғары, орташа, төмен білім деңгейіндегі балалармен жұмыс істеуге гимназиялық, лицей сыныптарында да, жалпы білім беретін мектептерде де (қалалық немесе ауылдық) қолдануға болатындығы.

Айырмашылығы тек бағдарламалық материалды меңгерудің түрлі деңгейлерін жұмыс істейтін оқушылар санының әртүрлі болатындығында. Зерттеулер көрсеткендей, гимназиялық және лицей сыныптарында оқушылардың көпшілігі ІІ және І деңгей тапсырмаларын таңдап, оны жақсы орындайды. Білім деңгейі орташа сыныптарда – ІІІ, ІІ тек кейде ғана І деңгей тапсырмалары таңдалады. Білім деңгейі төмен оқушылар әдетте ІІІ деңгей («жеңілдетілген» стандарт) тапсырмаларымен жұмыс істеуден бастайды.

Алайда тәжірибелік-сынақ жұмысы осы технология бойынша бір сыныпта төрт жыл бойына жұмыс істегенде, оны неғұрлым жоғарырақ білім деңгейіне ауыстыруға мүмкіндік беретінін айқындады. Технологияны қолдану аудандық және облыстық олимпиада жүлдегерлері және ҚР Кіші ғылым академиясы ұйымдастырған конкурстардың, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздары болған оқушылар санын арттыруға мүмкіндік берді.

Әсіресе тарихты, гоеграфияны, биологияны, әдебиетті, химияны, азаматтануды, «Дүниетану» курсын (3-4 сыныптарда), орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілін және басқа бірқатар пәндерді оқытуда модульдік технологияны қолдану неғұрлым нәтижелі болды. (Тәжірибелік-сынақ жұмысы Қазақстанның түрлі аймақтарында қазақ және орыс тілінде оқытатын мектептерде жүргізілді).

Шағын зерттеу жүргізіп, осы оқыту технологиясының тиімділігіне көз жеткізгісі келетін мұғалімдерге біз жеке тұлғаны, оның оқуға қызығушылығын тудыруды, танымдық процестерді, оқушылардың таным қабілеттерін зерттеудің әдістерін және бұл технологияның оқушыны тұлғалық дамытудың түрлі аспектілеріне ықпалын анықтау үлгісін ұсынамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет