«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


Ғ. МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «ӘЙЕЛ» КОНЦЕПТІСІ



Pdf көрінісі
бет93/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Ғ. МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «ӘЙЕЛ» КОНЦЕПТІСІ 
 
Капашева А.А.
Магистр І курса факультета башкирской филологии
 
БГПУ им. М. Акмуллы,
 
Россия, г. Уфа
 
 
Қазіргі таңда тіл біліміндегі зерттеулердің көбі негізгі категория ретінде концепт 
ұғымын алуда. «Концепт – адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, 
білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы құрылымдарды 
түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі» [1, 267 
б.]. 
Концепт ұғымы, негізінен, ағылшын тіліндегі Шенк, Чейф, Рассел, Карнап сияқты 
ғалымдардың еңбектерінде кездесіп, аталмыш ұғымды дұрыс аудару мәселесі 


214 
214 
туындағандықтан алынған (1970 ж. ортасы). Ол кезде ағылшын тіліндегі concept сөзін 
«ұғым» деп аудару ұсынылды, алайда қазіргі таңда зерттеушілер «концепт» пен «ұғым» 
терминдерінің ара-жігін ашуда. Мәселен, Ю.С. Степанов ұғым мен концептің 
айырмашылығы туралы айтқанда, біріншісін логика мен философиямен байланыстырып, 
екіншісін математикалық логикаға жатқызса, кейінгі уақытта концепті «мәдениеттің 
ұйытқысы» ретінде анықтап мәдениеттанумен де байланыстыруда. Ғалымның пікіріне 
сүйенетін болсақ, концепт адамның менталды дүниесіндегі мәдениеттің негізгі ұясы,ол 
біріншіден, ұғымның мазмұнын қамтиды және оны мәдени факт ететін – этимология, нақты 
бір концептінің қысқаша тарихы, заманауи ассоциациялар, бағалар, тәжірибе және т.б. 
қамтиды [2, 71 б.]. 
Ж. Манкеева "тіл мен ой немесе таным, тіл мен ұлт т.б. мәселелер, сайып келгенде, 
ұлтты, ұлттың танымын өзінің терең құрылымдары арқылы тұтастырушы тілдің табиғатын 
анықтауға байланысты казіргі тіл біліміңде жаңа бағыттардың айқындалып, қалыптасып, 
дамып келе жатқаны байқалады. Оның көріністерін қазақ тіл білімінің даму күйінен де көріп 
отырмыз", - деген пікір айтады [3; 43 б.].
В.А.Маслова мынадай ой айтады: «Когнитивная лингвистика дополняет анализ языка 
анализом речи, различных контекстов употребление соответствующих лексем, 
зафиксированных в текстах суждений о концепте, его определений в разных словарях и 
справочниках, анализом фразеологии, пословиц, поговорок, афоризмов, в которых концепт 
репрезентирован» [4; 29 б.].
В.А.Маслова когнитивтік лингвистика нәтижеге жету үшін төмендегідей міндеттерді 
жатқызады: 
1. Ғаламды тану мен пайымдау, іс-әрекеттің даму барысы, қимылдың өрістеу 
қалпындағы тілдің рөлі. 
2. Ғалам туралы ақпарат алу, қайта өңдеу және беру процесіндегі тілдік білімдер. 
3. Білімді концептілеу мен категориялау процестері, мәдениет тұрақтылығын тілдік 
тұрғыдан категориялау мен концептілеудің құралдары мен тәсілдерін суреттеу. 
4. Концептілік аймақты ұйымдастыратын және оның мүшеленуінің негізгі бөлігі 
болып табылатын әмбебап концептілер жүйесін суреттеу. 
5. Ғаламның тілдік бейнесі мәселелері" [4; 25 б.]. 
С. Аскольдов концепті ойлау барысында адамға бір-біріне жақын көптеген заттардың 
орнын алмастыратын ойлау құрылымы деп анықтаған [5, 12 б.].
Е.С. Кубрякова болса, концепті халық жадысы, оның ділдік лексиконы, концептуалды 
жүйесі мен ми тілінің, әлемнің тілдік бейнесінің мазмұнды бірлігі ретіндегі білім кванты деп 
анықтаған [6, 30 б.].
С.Г. Воркачев концепті математикадағы көбейтумен салыстыра отырып, анықталуы 
күрделі және интуитивті деңгейде қабылданатын когнитологияның негізгі аксиоматикалық 
категориясы, түсінік (представления), схема, фрейм, сценарий, гештальттің гиперонимі деген 
анықтама береді [6]. 
А.П. Бабушкин концепті бастапқы семиозис үдерісін өткеріп, семантикалық өрістің 
инвариантты мағынасы ретінде тілдік тұлға танитын, халықтық санада көрініс табатын нақты 
бір ақпараттық тұтастық деп айқындаған болса, В.А. Маслова концепті «мәдениеттің 
тереңінен бастау алатын», эмотивтілік, коннотация, табиғатына сәйкес аксиологиялық және 
тіл жүйесінде «аты»/ «атаулары» бар ұғым деп ойын жетілдіре түседі [7, 233 б.].
Қазақтың біртуар жазушысы Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романы қазақ халқының 
кешегі мен бүгінгісін жалғастыратын роман десек артық болмас. Бұл мақаланыңда басты 
мақсаты осы романдағы қазақ әйел көрінісінің қаншалықты қамтылғанын айқындау. 
Қазақ әйелдері туралы сөз болғанда, әсіресе олардың сырты мен іші үйлескен 
сұлулығы, мінез байлығы, ақыл-парасаты жөнінде әңгімелегенде, ең алдымен батырлар 
жырындағы әйел кейіпкерлердің көз алдыңызға келері сөзсіз. Құртқа - қазақ әйеліне тән 
ақыл-парасат пен көрегенділіктің, Жібек - сұлулық пен сымбаттың, Айман мен Ақжүніс әйел 


215 
215 
үшін таптырмайтын қасиет - қулық пен айлакерлік, тапқырлықтың, ал Баян - сұлулықпен 
бірге махаббатқа адалдықтың, сезімге тұрақтылықтың символы. 
Романда қазақ әйелінің сұлулығы мынандай жолдар арқылы суреттелген: 
Уысың толар 
бұрымның астынан мойны ағараңдайды, қара көз, ақ маңдай... Сұлулығы жеңсе, есінен 
айрылып қалатын, естілігі жеңсе, сұлулығынан айрылып қалатын қыздар аз болмайды. 
Естілігі толыққан сайын сұлулығы да толыға беретін қыздар болатын... Әр әйел 
өзінше сұлу болу керек, қара ат сұлу ма, торы ат сұлу ма демейміз ғой? Көркем сұлу дейміз, 
ажарлы дейміз, сүйкімді дейміз,сымбатты дейміз, бәденді дейміз...
(Ғ. Мүсірепов. Ұлпан); 
Үйден үстіне малынтып шұбалаң көйлек киіп, басына малынтып шұбалаң орамал тартқан 
әйел созалаңдап шығып, қалқи басып, ат үстіндегі күйеуіне бірдеңе апарып берді 
(Ғ. 
Мүсірепов. Ұлпан).
Ал қазақ әйелінің нәзік мінезі, қызға тән қылығы, адамға деген ашық көңілі, 
бауырмалдылығы мына жолдар көрініс тапқан: 
Айтолқынның бәлденіп-баптанып болуына 
қарамай, Шынар Ұлпан тобына барып қысылып қалды. Құшақтаса кетердей үзіле қарап 
келеді, Ұлпан да сондай күйде екен.
- Сенбісің, ей, айналайын? - деді.
- Мен ғой...
- Айналайын-ай, қандай бауырмал едің
?
- деп Несібелі Шынардың бетінен сүйді
(Ғ. 
Мүсірепов. Ұлпан);
Жас әйел Ұлпан асқан ақылды адам еді. Өз айтарын әуелі Есенейге 
байлатып алып жүр. Есеней де "мына қатын былай деп еді" деп Ұлпанның атын шығара 
сөйлейді 
(Ғ. Мүсірепов. Ұлпан);
Әуелі жолды, одан соң үш ат жеккен пәуескені Ұлпан 
көңіліне бір түйіп алды... Ұлпанның ойына "орыс үйі" деген тағы бір түйін байланды... Ұлпан 
монша деген тағы бір түйіншекті көңіліне түйіп алды...
(Ғ. Мүсірепов. Ұлпан). Қазақ әйелі 
өз ұлтын мақтан тұтады, халқына жанашырлық танытып, халқына тін салт-дәстүрді сақтауы 
бұл романда әдемі суреттелген: 
- Көсем болып алған соң бұл әйел не істей алды?
- О, 
істемегені жоқ!.. Есенейдің барлық жерін еліне бөліп берді. Бөліп бергенде біздердей біреуге 
ана жақтан, біреуге мына жақтан аттамалатып берген жоқ, ауыл-ауылға қыстауды да, 
егінді шабындық жерді де тұтас берді... Бұл араның қазағына егін салдырды, шөп 
шаптырды, қыстау салғызды 
(Ғ. Мүсірепов. Ұлпан);
Ұлпан үлкендерге бұрылып бір тізелеп 
сәлем етті. Шынар да соны істеді, ұяла, ұяла, бетін жаулығымен бүркемелеп сәлем етті
(Ғ. 
Мүсірепов. Ұлпан); 
Менің шашым, адыра қалғыр, айғырдың ту құйрығындай қалың, 
жуғанда болмаса құрғақ күйінде тарай алмаймын
(Ғ. Мүсірепов. Ұлпан);
Ұзатылып бармай 
жатып, айналасы бір-ақ қыстың ішінде Есеней сияқты адамның арыстанын илеп-билеп 
алған қызына Несібелінің таңданбасқа шарасы жоқ еді. Бірақ таңданғанын білдірмейін 
деп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет