«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет351/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

кәсіби 
педагогикалық бағыттылық, кәсіби белсенділік, кәсіби білімдер мен шеберліктер, кәсіби 
педагогикалық қабілет, ес, ойлау мен қиял, кәсіби өзіндік сана, құндылықтар қатары
енеді. 
Алайда, қоғамдық өмір жағдайларының өзгеруі мен тұлға қажеттіліктерінің дамуына 
байланысты педагогикалық қатынастар да өзгереді. Педагогикалық қатынастардың көптігі 
олардың жіктеу және реттеу қажеттілігін тудырады. Олар өмір сүру деңгейіне сәйкес 
тұлғалық, топтық және әлеуметтік-педагогикалық қатынастарға ажыратылады. 
Студенттер - әлеуметтік белсенділіктің жоғарғы деңгейімен және жеткілікті түрде 
интеллектуалды және әлеуметтік зерделіліктің үйлесімділігімен сипатталатын әлеуметтік 
қоғам. Жеке дара іс -әрекеттік тұрғыдан студент өзінің іс-әрекетін өз бетімен 
ұйымдастырушы педагогикалық өзара әрекеттің субъектісі ретінде қарастырылады. Оған 
нақты кәсіби тұлғалық құндылықтарға бағдарланған тапсырмаларды шешу үшін танымдық 
және коммуникативті белсенділікке деген бағыттылық тән. Ұжым - құндылықтар бірлігіне 
біріккен белсенді іс-әрекет нәтижесі арқылы жетеді. Құндылықтар бірлігі дегеніміз – іс-
әрекет мақсаты және міндеттеріне жетудегі ұжым үшін маңызды адамгершілік және іскерлік 
аймағындағы позициялардың және бағалаулардың жақындағы. Сондықтан, ұжымдағы 
біріккен іс-әрекет педагогикалық үдеріс негізінде туындайтын өзара қарым-қатынаста 
біріккен іс-әрекеттің мақсатына, ұйымдастырылуына, құндылығына байланысты оқыту мен 
тәрбиелеу жүзеге асырылады. 
Қазіргі кезеңде болашақ мамандарды дамытуға бағытталған кәсіптік білім беруге үлкен 
мән берудің өзі еліміздегі білім саласындағы өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді. 
Сондықтан, болашақ маман дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық
білімділік бағдар құндылығының маңызы зор. Өмірдегі құндылықтардың барлығы да 
жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық 
нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. 
Мәселен, А.В.Хуторский педагог-маман игеруге қажетті төмендегідей құзырлылықтарды 
ұсынады: 
1.
Құндылық-мағыналық құзырлылық – студенттің құндылық бағдарларының дамуы
қоршаған әлемді көре және ұғына білу қабілеті, өз әрекетінің мақсатын түсінуі және 
шешім қабылдай алуы. Бұл құзырлылық өзін айқындау механизімін қамтамасыз етеді 
және студенттің жеке білімдік траекториясын айқындауға көмектеседі; 
2.
Жалпымәдени құзырлылық – ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің 
ерекшелігін, адамзаттық жеке халықтардың рухани-адамгершілік негізін игеру, адам 
өміріндегі ғылым мен діннің рөлін, әлемге ықпалын айқындау, бос уақытты нәтижелі 
игерудегі құндылық тәсілін меңгеру; 
Ендеше, студенттер болашақ кәсіби іс-әрекеттің әлеуетін құрайтын тұлғалық сапалардың 
белгілі бір жиынтығын игеруі қажет. Себебі, кәсіби іс-әрекетте қоғамдық нормаларға жеке 
құндылықтардың сәйкестігі ең бірінші болашақ маманның адамгершілік қасиеттерінен 
қөрініс береді. Кәсіби іс-әрекетінің сәттілігін қамтамасыз ететін маңызды құндылықтар 


777 
777 
маманның коммуникативтік құзыреттілігі, эмоциялық-ерік сферасы, эмоциялық 
тұрақтылығы, іскерлігі, жауапкершілік, байқампаздық, мінез-құлықтың өзгергіштігі. 
Оқу үдерісіндегі нәтижеге бағдарланған, мақсатты ұйымдастырылған іс-әрекеттер 
студенттердің кәсіби құндылықтарын дамытуға зор әсерін тигізері анық. Студенттердің 
тұлғалық құндылықтарын дамытуда мақсатты ұйымдастырылған орындаушылық, 
шығармашылық, ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушы- басқарушылық, оқу-
танымдық іс-әрекеттері студенттердің құндылық қатынастарын жеке мүмкіндіктеріне, 
қасиеттері мен қажеттілігіне бағыттап, қалыптастыруда жауапкершілік пен белсенділктерін 
ояту маңызды. Г.С.Абрамованың болашақ маманның кәсіби іс-әрекетіндегі өзге адам 
құндылығына бағдарының болуы, өзінің кәсіби іс-әрекетіне деген жауапкершілігі мен кәсіби 
борыш сезімін ұғынуға негізделген өзгеге ықпал ету шамасы ретінде өзінің мүмкіндігін 
дұрыс қабылдауы идеясы болашақ мұғалім үшін маңызды болып табылады. 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. - М., 2004. 
2. Мұханбетжанова Ә., Мұқанбетова Ш. 
Педагогиканың жалпы негіздері. Орал, 2005. 
3. Адольф В. А., Степанова И. Ю. Профессиональный потенциал педагога как фактор 
обновления образования // Образование и социализация личности в современном обществе: 
материалы VII Международной научной конференции. – Красноярск, 2011. 
4. Урунбасарова Э.А. Этика преподавателя. – А., 2003 г. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет