Барқ
–
үй.
Евін
барқын
өрте сігіл бұрһанын аның орны мәсжид жамаат қылын.
Бұрханын шақ, өрте үйін, мал-жанын, жөн орнына жұртқа мешіт салғаның
(ҚБ).
Бітіг – хат, жазу.
Тетіглік нешаны тұрұр бұ
бітіг бітіг
білгучі ер болұр кед тетіг.
Жазу-сызу білім-білік белгісі,
жазу білген түйсікті, есті ер кісі
(ҚБ).
Бор – шарап, ішімдік. Бор
ішме фесадқа қатылма иыра зина қылма фасық атанма
қара.
Шарап ішпе, арамнан бой тасала, пасық болма, зинақорлық жасама
(ҚБ).
Бедіз
–
өрнекте, өрнек.
Ай сырқа йақын ау көңүлке едіз танұқ ол саңа барча сурет
бедіз
.
Сыры жақын, ай, ділі әзіз, жаны адал,сенің барша сурет, ізің танымал
(ҚБ).
Қамұғ – барша. Қамұғ
еллерге қылды даават-и ам.
Барлық елдерге жалпы
шақыру жіберді
(ХШ).
Қазған – тапқан.
Халал дүние болса иісе
қазғанып
чығайқа үлесе аныңдын алып.
Адал дүние, адал асың табылса,
кедейге үлес, жұртпен бөліс барынша
(ҚБ).
Орхон-Енисей
ескерткіштеріндегі
көне
лексикалық
бірліктер
кейінгі
қарахандықтар дәуірінде жазылған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Ахмет
Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» мәтіндерінде көбірек сақталуы заңды. Себебі бұл мәтіндер
жазба мәдениетіміздің бастапқы үлгісі болып есептеледі. Уақыт өте әр дәуірдің
лексикалық
құрамы
өзінің
табиғи
жолымен
экстралингвистикалық
және
интралингвистикалық жолмен толығып, өзгерістерге түсіп отыратыны белгілі. Дегенмен
де кейбір көне лексикалық қолданыстардың сол кездегі мағынасы кейінгі дәуірлердегі ескі
қазақ жазба мұраларында, қазақ жыраулар тілінде өзіндік ізін қалдырып отырғанын
көрсетеді. Мәселен, «атақ-дәреже» мағынасынадағы
бойла
сөзі XVI ғасырдағы Қадырғали
Жалайырдың «Жамиғ-ат тауарих» жазба ескерткішінде сол мағынада сақталған.
Бойла
–
дәреже, атақ.
Тәңрі азалдын сенге
бойла
берді тахты Сүлейменні сенге
рузи қылды әділ қылды зұлым көтерілді.
Тәңірі ежелден саған атақ берді, Сүлейменнің
тағын саған нәсіп қылды, әділдік орнатты, зұлымдық жойылды
(ЖТ)
.
➢
Достарыңызбен бөлісу: |