«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»



Pdf көрінісі
бет23/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТАРЛАНБОЗЫ 
 
Исаева Жанар Аманжолқызы 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық 
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының меңгерушісі,
филология ғылымдарының кандидаты 
Қызылорда, Қазақстан 
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық 
мақаласы – ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, 
салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы 
жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан ажырап қалмай, оны әлемдік құндылықтармен 
үйлестіре отырып, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат - мүдделер туралы 
өзекті мәселе қоғам назарын аударады [1]. Онда автор Қазақстан үшін қайта түлеудің 
айрықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала 
отырып, біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басу және бұқаралық сананы қалай 
өзгерту жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Әр халық, әр мемлекет 
ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда 
білім беру мен ұрпақ тәрбиесінің рөлі зор. Ұлттық бірегейлігімізді сақтай отырып, әлемдік 
даму тенденциялары мен бағыт-бағдарын қабылдай білуіміз – аса маңызды фактор. «Ел 
болам десең, бесігіңді түзе», – дейді ұлы Мұхтар Әуезов.
Ұлтымыздың басқа ешқандай ұлтқа ұқсамайтын бірегей бейнесін танытатын, басқа 
ұлт пен ұлыстан ажыратып тұратын өзіндік табиғаты оның тілі мен әдебиетінде, өнері мен 
мәдениетінде екені даусыз.
Мәңгілік Ел. Мәңгілік Ел болудың қамы неде?!...
Мәңгілік елдің жасампаз рухы қандай болмақ керек? 


43 
Күн санап емес, сәт сайын өзгеріп, құбылып тұрған алмағайып заманда жаһандану деп 
аталатын алпауыт-қауіптің уысында жұтылып, жоғалып кетпей, керісінше өзгермелі уақыт 
белесінде ешкімге ұқсамас, ешкімді қайталамас бітім-болмысын сақтай отырып, алға ұмтылу 
мен өрлеудің бір ғана жолы бар. Ол – әр ұлттың ӨЗІН тануы, мойындауы, бағалауы
қадірлеп-қастерлеуі. ҰЛТТЫҚ РУХЫМЫЗДАН бастау алатын ҰЛТТЫҚ ДІЛДІҢ алтын 
діңгегін иман-ибамыз, салт-санамыз, тарих-тағылымымыз құраса керек-ті. Осы қасиетті 
ұғымның барлығы ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗІ деген қастерлі ұғымға келіп саяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет