48
«ШЕЖІРЕ-И ТЕРАКИМЕ» ЕҢБЕГІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТІЛДІК БІРЛІКТЕРДІҢ
ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ
Балтабай Досжан Әмірұлы
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Нұр-Сұлтан, Қазақстан
Түркі-монғол тіл бірлестігінің табиғатын зерттеу, яғни түркі
және монғол тілдерінің
генетикалық туыстығын, өзара қарым-қатынасын, бір-біріне тигізген ықпал-әсерін айқындау
проблемасы алтайтану бағытындағы зерттеулердің негізін құрайды. Алтай тілдерінің
фонологиялық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелеріндегі
ортақтықтар мен
ұқсастықтардың табиғатын айқындау мәселесінде түркі және монғол тілдері бойынша
жинақталған аса мол эмпирикалық материалдарды алтайтанушы лингвистер өздерінің
ғылыми көзқарастарын дәйектеудің өзегіне айналдырды. Оның басты себебін түркі және
монғол халықтарының этномәдени және тілдік байланыстарының тарихы Орталық Азияны
мекендеген көптеген халықтардың этногенезімен, этникалық мәдениетінің тарихымен тығыз
байланыста
болғандығымен, түркі және монғол халықтарының сан ғасырлық тарихы,
этномәдени, тілдік байланысы мен қарым-қатынасының маңыздылығымен түсіндіруге
болады.
Түркі тілдері мен монғол тілдері арасындағы ортақтықтар мен ұқсастықтарды сол
тілдегі әдеби мұралар тілінен де, тарихи шығармалар тілінен де, қазіргі және көне
лексикалық қабатындағы тілдік бірліктерді салыстыру арқылы да анық көруімізге болады.
Соның негізінде зерттеу мақаламыздың нысаны ретінде орта ғасырлық тарихи шығарма –
Хиуа ханы Әбілғазы Баһадүрдің «Шежіре-и теракиме» еңбегі алынды. «Шежіре-и теракиме»
– түркі халықтарының тарихына, мәдениетіне, этнографиясына, жер-су атауларына қатысты
мол деректерді қамтитын орта ғасырлық еңбек. Тарихи шығарма XVII ғасырда шағатай
тілінде жазылған. Аталған шығарма түркі халықтары үшін мәні мен мазмұны жоғары құнды
дерек болып табылады. «Шежіре-и теракиме» шағатай тілінде жазылған орта ғасырлық
еңбек болғандықтан лексикалық қабатынан көне түркі
элементтерімен қоса араб, парсы,
моңғол сөздерін де жиі кездестіреміз.
Ғалым И.Н.Щербащидзе түркі-монғол тілдеріне ортақ сөздерді мынадай үш
категорияға бөледі: 1) төркіндес түбірлер; 2) түркі тілінен монғол тіліне енген көне және
орта ғасырлық кірме сөздер; 3) түркі тілдеріндегі монғолизмдер [1: 60]. Осындай тілдік
категорияларды негізінде «Шежіре-и теракиме» еңбегіндегі монғолизмдерге этимологиялық
талдаулар жасалып, тіл бірліктерінің
тарихи тұрғыдан фонетикалық, морфологиялық,
семантикалық өзгерістеріне назар аударылды. Түркі-монғол тіліне ортақ элементтердің
қалыптасу тарихын зерттеуде алтай, түркі-монғол, тұңғыс-маньчжур
тілдік бірлестіктеріне,
олардың тілдік диалектілеріне қатысты материалдар негізге алынды.
Монғолдар мен түркілердің ұзақ уақытқа созылған тарихи қарым-қатынасы түркі
және монғол тілдерінде, сонымен қатар олардың диалектілерінде екі жақты (түркіден монғол
тілдеріне немесе керісінше) кірме элементтердің пайда болуына алып келді. Кірме сөздердің
белгілі бір тобы түркі, монғол тілдерінің әрқайсысының сөздік қорында мықтап орнығып
қалғандықтан, оларды анықтау және олардың хронологиялық ену мерзімін нақтылы
айқындау біршама қиындық тудырады.
«Шежіре-и теракиме» еңбегінде кездесетін тілдік бірліктердің бірі –
Достарыңызбен бөлісу: