42
Бұндай мағыналық өзгешеліктердің болуы XV-XVIII ғғ. жыраулар тілінде де кездесуі
заңды. Академик Р. Сыздық: «...қазақ тілінде «мүлік» мағынасындағы көне түркілік
барым
сөзі, «шақыру» мағынасындағы оқу, «сөйлеу, сөз» мағынасындағы саб (сөз саптау «сөз
сөйлеу»), «кедей» мағынасындағы шығай (Шықбермес бермес Шығайбай)
деген сөздер
тұрақты тіркестердің құрамында немесе жалқы есімдерді аталуында сақталған, – дейді [4] .
Осылайша Ғұбайдолла Айдаровтың еңбектеріндегі
сөзтізбеге алған лексикалық
бірліктерді қарахандықтар, Алтын Орда
дәуіріндегі жазба мұралармен, ескі қазақ жазба
ескерткіштерімен, XV-XVIII ғғ. қазақ жыраулары тілімен
семантикалық байланысын
салыстыра-cабақтастыра талдауды қажет етеді. Себебі ғалымның көне сөздер бойынша
жасаған тілдік талдауларын «Қазақ тілінің тарихи сөздігін» әзірлеуде болсын, «Қазақ тілінің
ұлттық қорпусының» базасын толықтыруда болсын
сенімді дереккөз
ретінде пайдаланамыз.
Бұл өз кезегінде әр дәуірдің
лексикалық құрамының даму, өзгеру динамикасын,
эволюциясын, қолданыс жиілігін тереңірек тануға мүмкіндік береді.
Сонымен Ғұбайдұлла Айдаровтың қаламынан туған ғылыми көкжиегі кең, танымдық
салмағы зор әр еңбегіне терең үңілген
сайын көне жазудың білгірі, сарапшысы,
аудармашысы,
полиглот, шебер педагог-ғалым сияқты ерекше тұлғалық қасиеттері ашыла
бермек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Әбілқасымов Б. Ғұбайдолла Айдаров. – Алматы: Арыс, 2002.
2. Мұсабаев Ғ., Махмұтов А., Айдаров Ғ. Қазақстан эпиграфикасы. – Алматы, 1971.
3. Айдаров Ғ. Орхон ескерткіштерінің тексі. – Алматы: Ғылым, 1990.
4. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1993.
Достарыңызбен бөлісу: